9 жастағы оқушының жыр-эстафетасын Президент пен Министр жалғады

0
2350

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафета қабылдап, ұлы Абайдың өлеңін оқып берді.

Бұл туралы министр фейсбуктегі парақшасында жазып, видео жариялады. Асхат Аймағамбетов эстафета үшін ұлы Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» атты өлеңін таңдаған.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын. #Abai75

Опубліковано Askhat Aimagambetov Вівторок, 9 липня 2019 р.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларға жолдаймын», — деді білім министрі.

Айта кетсек, 9 жастағы оқушы Ләйлім-Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

Опубліковано Беріком Уәли Вівторок, 9 липня 2019 р.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев эстафетаны қабылдап, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Опубліковано Беріком Уәли Вівторок, 9 липня 2019 р.

Осыдан кейін Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Қазіргі кезде әлеуметтік желіде эстафета белсенді түрде жалғасуда. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің эстафетасын іле шала Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұстазы жалғады.

Құрметті ағайын! Қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің алтын діңгегі болған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Askhat Aimagambetov жолдаған екен. Біз, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат Абай Атындағы Республикалық Мектеп-интернатыұжымы, бұл эстафетаны зор құрметпен қабыл алдық! Данышпан Абай мұрасын дәріптеу арқылы біз ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуге атсалысудамыз.Абай өлеңдерін оқу эстафетасын мектеп-интернат түлектері және Қамқоршылық кеңес мүшелері: Айтыскер ақын Серік Қалиевке Серік Әкірамұлы TAS Кредит компаниясының бас директоры Дулат Тастекеевке Dulat Tastekey және Алаш ұлы тобының әншісі Мақсат Рахметке жолдаймыз.

Опубліковано Абай Атындағы Республикалық Мектеп-интернаты Вівторок, 9 липня 2019 р.

Martebe.kz сайтының оқырмандарының арасында Ұлы Абай шығармашылығын оқып, эстафетаны жалғайтын оқырмандар болса, почтамызға әлеуметтік желіге жүктелген видеоңыздың сілтемесін жіберулеріңізге болады. Сайтқа міндетті түрде жариялайтын боламыз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ