Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.

0
2616
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.

Ол- халық тарихымен, бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет өтіп келеді.

Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілі түркі тілі тобына жатады. Түркі тілдері тобына әзірбайжан, өзбек, ұйғыр, башқұрт, балқар, қырғыз, қарақалпақ, қарачай, қарайым, түрікмен, татар, тупа, шор, хакас, якут және т.б. халық тілдері кіреді.

Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары – ноғай, татар, 5 қарақалпақ, башқұрт, қырғыз, қарашай-балқар тілдері. Қазақ тілі Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Қырғызстанда, Монғолияда, Қытайда, Иранда, Туркияда, Ауғанстанда, тағы басқа елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазір қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем. Енді Қазақстан оқу орындары оқитын орыс тілді студенттерге өз айтпағым бар. Бұлар жақсы инженер, жақсы геолог, жақсы биолог болуға ұмтылу жолында туған жері Қазақстанды жетік білулері керек.

Қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде, тұрмыс және от басында ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдан алғандағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз бетіндегі өрісі де тар болғаны белгілі. ХІХ ғ. 2-жартысы мен ХХ ғ. басындағы көркем әдебиет өкілдерінің аздаған шығармалары болмаса, патшалық Ресейдің отаршылдық заманында мемлекеттік заң, құжаттар қазақ тілінде жазылмайтын. Ол кезде мемлекеттік мәні бар мәселелер ортаазиялық түркі жазба дәстүріндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінде (татар тілінің ықпалы тиген шағатай тілі, жазба тіл болғандықтан зерттеушілердің бірқатар оны «кітаби тіл» деп те атайды) жазылатын.

Бірақ оның қолданылу аясы кең болмады, тек жеңіл-желпі іс қағаздарында, ел билеушілердің өзара немесе патша әкімдерімен жазысқан хаттарында, оларға жазған арыз-хабарламаларында, өткен ғасырдың 2-жартысы мен үстіміздегі ғасырдың басындағы баспасөзде, кейбір көркем әдебиет өкілдерінің («кітаби ақындар») шығармаларында қолданылды.

Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілгені белгілі. Бірақ бұл мәселе жайында әр кезенде әр түрлі көзқарас болды. 1920 ж. Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. Оның қазақ тіліне де қатысы бар еді. 1924 ж. Қазақстанның бірінші Конституциясында қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылды.

1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақстан Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. Тек 1989 ж. қабылданған Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдарда қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Сонымен бірге Тіл заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатын атап көрсетілді.

Қазақ тілінің мемлекеттік статусқа ие болуының және оның іс жүзіне асуының ең басты кепілі – Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып табылады. Тіліміздің мемлекеттік дәрежеге ие болуы – тәуелсіздігіміздің басты нәтижесі, оны қоғамның рухани жаңаруына, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру талабына сай өмірдің өзі туғызды.

Бұл туралы 1990 жылғы мемлекеттік бағдарламада былай делінген: «ССРО-дағы басқа да көптеген ұлт тілдері сияқты қазақ тілі соңғы ондаған жылдар ішінде қазақ халқының тарихи Отаны болып табылатын республика территориясында іс жүзінде толық праволы тіл болудан қалды. Оның азып-тозуының және бірте-бірте жойылуының, сонымен бірге халықтың ұлттық мәдениетінің жойылуының нақты қатері туды.

Жеткіншек ұрпақ, интеллигенция арасында қазақтың ана тілін елемеу кеңінен таралды, оны өмірдің әр түрлі салаларында пайдалану жөніндегі қажеттілік төмендеді, мұның бәрі тілдік ортаның жойылуына, халықтың адамгершілік дәстүрлерінің бұзылуына, ана тілін білмейтін, рухани қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтардың пайда болуына, қазақ жастарының бір бөлігінің өзін кемшін сезінуіне апарып соқтырды».

Шынында қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуы республикада оны білудің қажеттілігінен туатын объективті жағдайларға барып тіреледі. Қазақ тілін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп конституциялық дәрежеде тану оның мемлекеттік орындарда, қоғамдық орындарда, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында, радио, теледидар, мерзімді баспасөз сияқты бұқаралық құралдарда кеңінен қолданылуын талап етеді.

Қазіргі кезде қазақ тілі азды-көпті қолданылатын мынадай салаларды көрсетуге болады : қоғамдық саяси өмір, кәсіподақ, халық ағарту, ғылым, көркем әдебиет, мәдениет, мерзімді баспасөз, ақпарат, өнеркәсіп, құрылыс, байланыс, дін және т.б.

Бірақ қазақ тілінің қоғамдық қызметінің көлемі толық анықталған жоқ. Қазақстан үкіметінің 1990 жылы қабылдаған бағдарламалық құжатында: «Қазіргі кезде кез келген тілдің қалыпты қолданылуы үшін қажетті 50 әлеуметтік функциядан қазақ тілі іс жүзінде тек 10-ға жуық функцияны ғана іске асыруда»,- деп көрсетілген. Қазақ тілі Қазақстанда қоғамдық-әлеуметтік өмірдің 15 негізгі саласында және 57 қосалқы саласында небәрі 72 салада қолданылатынын, бірақ әр саладағы қолданылу дәрежесі әр түрлі екенін айтады.

Қазақстанның жаңа Конституциясының 7-бабында мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқаратын жергілікті ұйымдарда орыс тілі қазақ тілімен бірдей қолданылатын, сонымен бірге Қазақстан халықтары тілдерін үйрену және оларды дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық ететін ашып айтылған.

Тіл туралы Заңның, әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің іс жүзінде көтерілуіне кедергі келтіретін қиындықтар аз емес. Сол себепті Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік бағдарламасы толық орындалмай келеді. Тіл Заңын жүзеге асыру үшін 1989 жылы «Қазақ тілі» қоғамы, 1993 жылы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ