«Ғажайып математика» ұйымдастырылған оқу қызметі

0
2296
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика

Тақырыбы: Ғажайып математика.

Мақсаты: Балаларды 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталау. 5- санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру. Әр түрлі белгілеріне қарай заттарды салыстыру. Геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар орындатқызу.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекіліктер: Слайдпен жұмыс, пішіндер, ойын, тапсырмалар.

 

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

 

-Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біздің бүгінгі оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық

-Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметі қызықты болып өтпек. Себебі, 3 топқа бөлініп сайыс түрінде өтеді. Қанекей, балалар, қолдарымызға қарайықшы, қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар. Сол пішіндерге байланысты топқа бөлігіп отырасыңдар.

 

-Жылдың кәзір қай мезгілі?

 

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қалай аталады?

 

Тәрбиеші: -Балалар бүгінгі өтетін оқу қызметіміз – Математика

Тақырыбы: Ғажайып математика

Тәрбиеші: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталау, тура және кері санау.

 

Ертегілер елінен келген ханшайым келеді.

 

Балалармен амандасады.

 

 

Тәрбиеші:Слайд бойынша «Бауырсақ» ертегілер еліне саяхат жасайды.

 

1. Қоянның тапсырмасы: Сандарды рет-ретімен санау.

 

 

2. Қасқырдың тапсырмасы. Көлікті бояу.

 

 

3. Аюдың тапсырмасы. Геометрялық пішіндерді ажырату, түстерін табу.

 

 

 

 

4. Түлкінің тапсырмасы. Сандар және пішіндер туралы тақпақтар.

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

5. Тапсырма: Жұмбақ шешу

 

1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

 

2. Төртбұрышты қатты,

Дәмі сондай тәтті.

 

3. Төрт аяқты, төрт таяқты

Үстінде мен жатамын

Тәтті ұйқыға батамын.

 

6. Тапсырма: Балалар ауызша есептер шығара аласыздар ма?

«Ойлан тап» ойынын ойнайық.

 

 

 

Апам менің базардан

Бес алма сатып әкелді

Үшеуін ағам жеп қойды

Сонда қалды нешеуі?

 

Сымда тұрған екі құсқа

Ұшып келді үшеуі

Сонда болды нешеуі?

 

Орталықтармен жұмыс. Тапсырмалар беру.

 

1. Пішіндерді құрастыру

2. Ағаштарға жапырақтар жапсыру.

 

 

3. Үйшіктерге резинка арқылы әр түрлі пішіндер шығару

 

 

Сабақты қорытындылау.

 

-Балалар бүгін біздер не туралы айттық?

 

-Ертегілер еліне саяхатқа шықтық па балалар?

 

-Қандай ертегіге саяхат жасадық?

 

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

 

Жарайсыңдар балалар!

 

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

 

-Қыс мезгілі

 

-үш ай бар

желтоқсан, қаңтар,ақпан

 

 

Балаларда ертегілер елінен келге ханшайыммен амандасады.

 

 

Балалар сандарды 1-ден 5-ке дейін тура және кері санайды.

 

Балалар логикалық есептер шығарып. Көлікті түстеріне қарай бояйды.

 

Балалар пішіндердің бұрыштарын санайды. Қандай пішін екенін айтады.

1. Ибраһим

Бір дегенім — бесік,

Шықтым одан өсіп.

2. Біржан

Екі деген – елім,

Дала тауым, көлім.

3. Ясин

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

4. Рахымжан

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5. Ерзат

Мынау емес, төртбұрыш

Мынау мүлде жоқ бұрыш

Мұның аты – дөңгелек,

Дөңгелекті дөңгелет.

6. Бекдәулет

Үшбұрышты білеміз,

Табанында жүреміз

Төбесінен сырғанап,

Құлап қалсақ күлеміз.

7. Рамазан

Төртбұрышың тең болса,

Төрт қабырға тең болса.

Жауап берер балақай,

Ой — өрісі кең болса

 

Балалар музыка ырғағымен қимылмен қозғалыспен жасайды.

 

Музыка әуенімен балалар қимылмен билейді

 

-түйе

 

-қант

 

-кереует

 

-2

 

-5

-Балалар қиылған пішіндерді жапсырады. Түстерін атайды.

 

-Ағаштарға жапырақтар жапсыру.

 

Балалар үйшіктерге әр түрлі пішіндерді шығарады.

 

-Сандар, пішіндер туралы

 

-ия

 

-Бауырсақ

 

-ия

 

 

Дайындаған: Тулекбаева А.

МКҚК «Айналайын» балабақшасы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ