Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны

0
18412
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
 Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi  хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары — спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.
Жоспар

Кiрiспе

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны
  2. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму үрдiстерi
3.     БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырудағы орны
  1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік

Қортынды

Әдебиеттер

 

Кiрiспе

Қандай бiр қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтiң, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметi өте зор. Өйткенi қоғамның қалыпты саяси әлеуметтiк өмiрiн күнделiктi ақпарат тарату қызметiнсiз көзге елестету қиын.  Әр түрлі ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы таратылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi  хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер.   Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары — спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.

Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға қажеттiлiгi олардың тiкелей атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты. БАҚ- ның ақпараттық қызметі, яғни қоғам мен оның мүшелерiне күнделiктi ақпараттар таратуы. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне  ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.

Өздерi қабылдаған ақпарат негiзiнде адамдарда қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, рухани өмiрi, билiк тармақтарының қызметi т.б жөнiнде белгiлi-бiр пiкiрi қалыптасады.

Екiншiден, қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-экономикалық процестердi мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, қоғам мүшелерiнен басқа да қоғамдық институттармен ара қатынасы т.б күнделiктi ақпарат алмасуынсыз,  яғни БАҚ-ның коммуникативтiк қызметiнсiз мүмкiн емес. Аталған қызметтерден барып  адамдардың қоғамдағы әлеуметтiк шындыққа табиғи бейiмделуiн қамтамассыз ететiн олардың танымдық қызметі туындайды.

БАҚ-ның билiк пен оның субьектiлерi арасындағы байланысты реттеп, қадағалап отыру қызметінің маңызы бүгiнде  тiптен  арта түсуде. Бұл әсiресе дамыған демократиялық  қоғамдарға тән қасиет. Олардың  қадағалаушылық бақылау қызметi өздерi туғызатын қоғамдық пiкiрге арқа сүйенедi. БАҚ-ры мемлекеттiк ресми қадағалау органдары секiлдi әкiмшiлiк экономикалық шара қолдану құқығына ие болмаса да, олар болған оқиғаға оған жауапты адамдарға тек құқықтық тұрғыдан емес моралдық та баға беруге мүмкіндіктері бар.

Қоғамдық сананың өзгерiп, өсуi қоғам мүшелерiнiң мемлекет өмiрiмен күнделiктi мол, әрi обьективтi мағлұмат алу дәрежесiне тiкелей байланысты, қоғамдық сана өз кезегiнде қоғамдық пiкiр негiзiнде қалыптаспақ. Бұл екеуiнiң де БАҚ арқылы пайда болып одан әрi дами алатындығын ескерсек, оның жоғарыда айтылған қадағалаушылық қызметінің маңыздылығы тiптi күшейе түспек. Яғни қоғамдық пiкiр билiк тармақтарының белгiлi бiр шешiмiнiң терiстiгiне БАҚ арқылы көз жеткiзсе, ол шешiмдi өзгерту үшiн тағыда сол ақпарат қызметiн пайдалана отырып ықпал ете алады. БАҚ-ның «төртiншi билiк» аталуы оның осындай саяси әлеуметтiк қызметтерінің маңыздылығынан туындаса керек.

ҚСРО кезеңiнде БАҚ-ры жоғары аталған қызметтерін толық атқара алмады. Өйткенi ескi саяси жүйе баспасөз, сөз бостандығына , пiкiрлер плюрализiмi мен қоғамдық ойдың қалыптасқан стандарттық нормасын бұзуға мүлде қарсы болды және бұл саясатты жүргiзу үшiн мемлекет өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн пайдаланғаны белгiлi. Ол кезеңде тәуелсiз басылымдар мен электронды ақпарат құралдары турасында сөз қозғаудың өзi мүмкiн емес едi. Аудандық, қалалық деңгейдегi БАҚ-нан бастап республикалық, одақ көлемдерiндегiлерiне дейiн СОКП- ның кәсiподақтарының және комсомолдық тiкелей органдары ретiнде қызмет еттi. Ал олардың барлығының үстiнен партиялық бақылау жасаушы СОКП- ның билiгi, тоталитарлық саяси жүйе идеологиясын бұлжытпай орындауға қамтамасыз еттi, сөйтiп қоғамның дамуынан бастап барлық iшкi сыртқы процестер әлемдегi сан алуан оқиғалар мен құбылыстар тек таптық идеологиялық тұрғыдан бағаланып халыққа үнемi бiр жақты, көп ретте бұрмаланған ақпараттар таратылып келдi.

Нәтижесiнде утопиялық әсiреидиологияландырылған қоғамдық сана мен таным көзқарастар жиынтығы қалыптасты. Аталмыш қоғамдық пiкiрдiң адамдар санасында берiк орын алғанын бiз қәзiргi тәуелсiз мемлекеттер өмiрiндегi ескi көзқарастар  өзгеруiнен байқалады.

Сондықтан бұрынғы саяси  жүйенiң жiберген негiзгi кемшiлiктерi мен стратегиялық қате бағыттарын ескерер болсақ, өтпелi қоғамды бастан өткерiп отырған жас тәуелсiз мемлекеттер “төртiншi билiктiң” қоғамдық қызметiмен саяси ықпалы тереңдей түседi. БАҚ-ның маңызды рөлi қоғамнық қабiлеттiк өмiршең жағдайын қамтамасыз ету. Қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық саяси, әлеуметтiк өзгерiстердi түсiну, жаңаша қабылдап бағалау процестерi ендi қалыптаса бастаған Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнен анық көрiнуде.

Жалпы ақпарат қызметтiк жүйесi өтпелi қоғамның әлеуметтiк институттарының айрықша бiр түрi ретiнде ақпарат өндiрiп оны адамдардың әлеуметтiк кеңiстiгiне арнайы қызметтiң формасына ие. БАҚ-ның жоғарыда аталып өткен түрлi саяси-әлеуметтiк қызметтері демократиялық қоғамдарда мейленше толығырақ көрiнедi.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны

БАҚ- ры азаматтардың жекелеген саяси құбылысымен оқиғаларды қабылдауына  белсендi әсер етiп қана қоймай, оларды қоғамдағы жалпы саясатқа көзқарасын қалыптастырады халықтың белгiлi бiр мәселе бойынша саяси белсендiлігi болмаса, керенаулығы БАҚ-ның әлгi мәселенi ақпарат кеңiстiгiнде таратуға қай қырынан келуiне байланысты.

Қоғамдағы соңғы жылдары болып жатқан саяси-экономикалық өзгерiстерге байланысты БАҚ -ның журналистиканың мәнi, маңызы, қоғамдағы орны қызметерімен, принциптерiне жаңа көзқарастар қалыптасқаннын ескеру қажет.  Пiкiрлер мен ойлардың сан алуандығы мақсат, талап, пiкiр қайшылығы, саяси және әлеуметтiк әр түрлi бағыт ұстанған ақпарат құралдарының маңызы артып отыр.  Қоғам мүшелерiнiң рухани сұранысына таңдау мүмкiндiгi туды.

Яғни шын мәнiсiндегi ақпараттық қоғам принциптерi мен негiздерiнiң обьективтi алғышарттары толық қалыптасты деуге болады. Мәселен, Мәскеу университетiнiң профессоры Е.П.Прохоровтың пiкiрiнше журналистика бiрнеше мекемелер жүйесiнен құралатын қоғамдағы ерекше әлеуметтiк институттың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететiн кешендi қызмет жүйесi.

Бүгiнгi жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикасы үлкен өзгерiстердi басынан өткеруде. Демократиялық жаңғарулар тереңдетiлiп қоғамды жалпы трансформациялау процестерiнiң қажеттi шарттары тұрақтандырылуда. Осындай өтпелi кезеңде БАҚ-нық қоғамдық санаға әсерi ,саяси әлеуметтiк күйi айқын байқалып отыр.

Егемен елде болып жатқан барлық оқиғаларға ақпарат құралдары тiкелей араласа отырып, қоғамның басқа салаларымен бiрге ақпарат қызметi де өз рыныгона шықты.

Меншiктiң әр алуандығы ақпарат қызметiн заң және экономикалық статусы және саяси- әлеуметтiк көзқарасы бағыт арқылы жiктелуде.

Ақпарат қоғам дамуының барысында, әр түрлi өркениет өкiлдерi тарих тағылымы мен болашақты бағамдау мүмкiндiктерi жөнiнде ежелден ойланып келедi.

Жас мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтау мәселесi туындап отыр.

Әр халық өз мемлекетiнiң iшкi мәдениетiн шешуде өмiр салтын , әдет ғұрпын дамыта отырып адамзаттық өзара түсiнiсуiнiң кепiлi бола алатын планетарлық ынтымақтастықты естен шығармауы тиiс.

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму үрдiстерi

Мемлекеттiк тәуелсiздiк жаңа экономикалық саясатпен құқықтық мемлекет құру мiндеттерi республика ақпарат кеңiстiгiне де үлкен өзгерiстер ала келдi. Ол мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп қабылдап шынайы суреттеу мүмкiндiгiнен соң жүзеге аспақ. Егемендiк алған Қазақстан үшiн мемлекттiктi бiрегейлендiрумен байланысты көптеген мiндеттер мен проблемалар туды.

Жаңа мемлекеттi құруды мақсат еткен Қазақстан ең алдымен ескi тоталитарлық жүйенiң басты саяси идеологиялық қаруы болған баспасөзге, радио, теледидарға т.б.ақпарат тарату құралдарына цензурадан бас тартты.

Сөйтiп азаматтардаң әлеуметтiк саяси ақпараттардың кез- келгенiн еркiн таңдап қабылдау мүмкiндiгi туды.

Демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам құруды баспасөз, сөз бостандығы мен пiкiрлер плюрализiмiнсiз көзге елестету мүмкiн емес. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан ақ бұған дейiн тегiс мемлекеттiк болып келген ақпарат құралдары бiрте-бiрте либералдандырылып кооперативтiк, комерциялық жекеменшiк басылымдар шыға бастады. Жаңадан көптеген газет журналдар мен радио станциялар, телеканалдар ашылды.

Қоғамдық ақпарат құралдарына саяси цензураның алып тастауынан батыстық шетел елдерiнен көптеген тиым салынған әдебиеттермен кинофильмдер т.б. Қазақстан рыногына ағыла бастады.

Бұл процесс өтпелi кезеңде азаматтардың сан-саққа бөлiнiп кеткен рухани құндылықтарына әр түрлi әсер еттi.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпарат құралдарының  қаражатпен және қажеттi техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету дәрежесiнде бүгiнде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттiк ақпарат құралдарының бұл салада көрсеткiштерi жоғары болып келгенiмен, нарық жағдайында өзiне де көрерменін оқырманын да жоғалтпай, экономикалық қаражат қиындығынан шыға бiлген меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу мүмкiндiгi басым түсiп отыр.

Бұл үрдiс республикалық ақпарат кеңiстiгiнде сөз бостандығынан туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi.

Қәзiргi таңда Қазақстанда бұқаралық ақпарат  құралдарына мемлекет монополиясы жойылып отыр.

Алайда ақпарат тарату, тасымалдау, байланыс, транспорт, баспаханалық жүйе секiлдi ақпарат қызметiнiң құрамдас салалары бойынша ресми билiктiң ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр.

Тәуелсiз Қазақстанның демократиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру барысында транзиттi қоғам басынан өткерiп отырған мұндай сапалық жаңа өзгерiстердi түптеп келгенде сол ортаға прогрессивтi қызмет етерi анық.

Бұл жолда қаншама кемшiлiктер түсiнiспеушiлiктер кездесерi сөзсiз. Өйткенi қоғам өмiрiн демократиялық трансформациялау үзақ уақыты, күрделi процесс. Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық, саяси, әлеуметтiк жағынан жiктелуi олардың қоғамдық пiкiр қалыптастыру арқылы қоғам мүшелерiне әсер ету деңгейлерiнiң әр қилылығын аңғартады . Қазақстан үшiн дамудың тұрақты демократиялық моделiн таңдауда қоғамды еркiн және құқықтық демократиялық үлгiде трансформация жолдары мен әдiстерiн iздеу обьективтi шынайы ақпараттардың маңызы зор.

БАҚ жаңа жағдайда қалыптасуы және жұмыс iстеуiне саяси- экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, құқықтық негiздерiнiң саралануы үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi.

Қоғамның саяси әлеуметтiк өмiрiнде жүрiп жатқан демократиялық өзгерiстер оның ақпарат кеңiстiгiне де тән. Сөз бостандығы , баспасөз бостандығы, баспасөз бостандығы, пiкiрлер плюрализмi тәуелсiз жеке меншiк ақпарат құралдарының пайда болуы Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде демократиялық үрдiстердiң нәтижелерi.

70-жылдан аса уақыт бiр идеологияның шеңберiнде дәрiптелiп келген рухани құндылықтардың елеулi бөлiгi бүгiн өздерiнiң бар мағанасынан айырылуға мәжбүр болды. Қазақстан халықтары алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастырды, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр.

Бұл құндылықтарды ең алдымен республикамыздағы халықтардың мәдени, тарихи, рухани қазыналарын бүгiнгi уақыттың күрделi өзгерiстердi талап етер жаңалықтарымен сабақтастыра қарастырған абзал.

Адамның күнделiктi өмiрiнiң жаңғыруы, жаңа прогрессивтi жетiстiктерiне жетуi қоғамның жалпы мәдени деңгейiне байланысты. Ал қоғамның мәдениетiн қалыптастырушы өзгертушi негiзгi субьект адам, түрлi халықтар болып табылады.

Мәдениет әлеуметтiк дүниедегi терең тарихи құбылыс және оның негiзгi өзектерi бағыттары салалары әлеуметтiк субьектiнiң жетiлу процесстерiмен негiзделе дамиды. Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi көзқарастар тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып қоғамдық сананы қалыптастырып қана қоймайды, халықтың саяси-әлеуметтiк белсендiгiне де ықпал етедi.

Адамдар сапырылысқан сан алуан пiкiрлер төңiрегiнде өздерiнiң жеке түсiнiгiн қалыптастырады. Бұл жеке көзқарастар қоғамның басқа мүшелерiнен пiкiр алмаса келiп бұқараның көзқарасына ұласады. Одан әрi сұраптала келiп , қоғамдық пiкiр қалыптасады

Әлемдiк тәжиiрбеге сүйенсек БАҚ белгiлi-бiр адамдар немесе ұйымдардың, органдардың бақылап, қажет болса басқарып отыратыны белгiлi.Жекелеген адамдардың меншiгiндегiнi болмаса коммерциялық ақпарат құралдарында бұл мiндеттi әлгi меншiк иелерi атқарып мемлекеттiк ақпарат құралдарында онымен арнайы мемлекет органдары айналысады. Ал қоғамдық құқықтық негiздегi ақпарат құралдары бұл қызметтi егер баспасөз құралдары мемлекеттiк заңдар сақтап отырса, жұртшылық саяси ұйымдар мен бiрлестiктер қадағалайды.

Әлемнiң көпеген елдерiнде БАҚ этикалық нормаларын және заңдылықты сақтауын жалпы қадағалап отыратын арнайы органдар бар. Мысалы Франция коммуникация құралдары жөнiнде жоғары кеңес жұмыс iстейдi. Ол меншiк түрiне қарамастан елдегi барлық телерадиостанцияларының жұмысын қадағалап қана қоймайды, сонымен бiрге эфирге шығуға рұқсат ететiн мемлекеттiк рұқсат беру құқына ие.

Қазақстанда  әзiрге мұндай демократиялық бақылау органдары қалыптасып үлгерген жоқ.

БАҚ қызметi негiзiнен мемлекеттiк Конституциясы және Баспасөз туралы заңға ақпарат құралдарының жарғылық бағдарламалық құжаттарына сүйенiп жүргiзiлуде.

Әрине бұл айтылғандардан бөлек бiздiң пiкiрiмiзше өтпелi қоғамда үлкен рөль атқаратын фактор ақпарат құралдары өкiлдерiнiң түрлi басылымдар мен теле, радио компанияларының саяси мәдениетi мен таным деңгейi, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының өзiн- өзi қадағалауда ең тиiмдi әрi демократиялық түрi ретiнде саналады.

Өкiнiшке орай қоғамдағы жаңа рухани мәдени құндылықтар мен саяси әлеуметтiк нормалардың қалыптасып үлгере алмай жатқаны секiлдi ақпарат құралдарында да бұл қадағалау жеткiлiктi болмауда.

Қазақстанда орыс және қазақ тiлдерiндегi қатар таратылатын БАҚ ара тұра мәселеге  екi түрлi көзқараспен келуi, бiр- бiрiне мүлде кереғар түйiн түйiп, ұсыныс бiлдiрудiң қоғамға пайдасы шамалы.

Бұл мемлекет iшiндегi күрделi мiндеттердi айқындау және оларды шешуге жұмылдырудағы бiрлiк пен өзара түсiнiстiктiң әлi де жетпеушiлiгiн аңғартады.

Жас егемендi мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңiнде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтап ел ертеңi үшiн тиiмдi пайдаланудың артықшылықтарын халыққа тарату. БАҚ-ның рухани танымдық қызметiне сұраныс тумақ.

Қәзiргi кезеңде халық оқшауланған күйде өмiр сүре алмайды.

Себебi жер шарының барлық түкпiрiне хабар ошар бiрнеше сағат iшiнде тарайтындай бұл кезеңнiң ең қымбат капиталы ақпарат болып отыр.

Республиканы мекендейтiн халықтардың рухани бiрлiгi демократиялық құндылықтар мен мәдениетiнiң қалыптастырып, саяси -әлеуметтiк және этнос аралық тұрақтылықты нығайту болып табылмақ.

Өтпелi қоғам дамуы бiр орында болмай үнемi өсу үстiнде болғандықтан бұл процесс ескi мен жаңаның күресiмен ерекшеленедi. Әрқашан идеялық саяси өзгерiстер алаңы саналатын ақпарат кеңiстiгi ерекше роль атқарып келедi әлi атқара бермек.

Тарихқа жүгiнер болсақ жалпы мемлекеттiң түрлi қоғамда саяси иституттар және басқа да органдармен қарым- қатынасы үнемi мамыржай толық түсiнiстiк жағдайда болмаған.

Мемлекет басындағылар iс әрекетi түрлi заң құқықтық нормалармен  мен ережелерге сүйенiп қана қоғамдық процестердi реттеп жүйелеуге, басқаруға бағытталады.

Басқаша айтқанда билiк басындағылар мен билiктiң қол астындағылар арасындағы саяси-экономикалық, мәдени құқықтық т.б толып жатқан қарым- қатынастар  нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.

Қоғамның саяси институттар қатарында айрықша мәнi бар басқалармен салыстырғанда саяси әлеуметтiк билiгiмен қызметi бөлектеу тұрғаны бұқаралық ақпарат тарату жүйелерi болып табылады. Бұл жүйе тiкелей өндiрушi  сала болмағанымен қоғамдағы саяси әлеуметтiк ықпалы жағынан басым болатыны белгiлi. Қоғам өмiрiнiң қай саласында болсын мемлекеттiң ақпаратты саясаты болады, iшкi және сыртқы саясаттың күрделi мiндеттерiнен бастап, күнделiктi ауа райына дейiн ақпараттық қамтамасыз етпейiнше алдағы мақсатқа қол жеткiзу одан күткендей нәтиже тосу қиын. БАҚ-ның қоғам өмiрiндегi ақпараттық, коммуникативтiк, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызушылық қызметтері мемлекет мүдесiн қоғам мүшелерiне жеткiзiп, олардың  ой- пiкiрiн байқатады, қоғамдық институттар арқылы оның жүзеге асуын қамтамасыз етедi. БАҚ-ның пәрмендi саяси-әлеуметтiк ықпалымен, мүмкiндiктерiн осы себептерге байланысты да мемлекеттiң үнемi пайдалануына тура келедi. Бұл екi жақты байланыс ауқымы және формаларына байланысты өзгерiп отырады.

Тоталитарлық қатаң авторитарлық саяси режимдер БАҚ тұтастай мемлекеттiң бақылауында болады. Ондай қоғамдарда ақпарат кеңiстiгi мемлекет идеологиясына сай сол бағытта қана қалыптасады.

Баспасөз бостандығы, пiкiр алшақтығы болмайды. Қоғамда тек мемлекеттiк ресми көзқарас таратылып, қоғамдық пiкiр де сол бағытта қалыптасады.

Ал демократиялық мемлекеттерде БАҚ-мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас заңдылық негiзде белгiленiп барлық мәселелер тек құқықтық нормалармен ережелер бойынша шешiледi. Бұндай саяси режимде баспасөз бостандығы, пiкiрлер алшақтығы және көзқарас еркiндiгiн мойындайды, сонымен бiрге ар-ождан бостандығы да сақталады.

Баспасөз  бетiнде ұлттық кемсiтушiлiк, елдiң территориясымен егемендiгiне қол сұғушылыққа, Конституцияны бұзуға тиым салынады. Мiне осындай негiзгi принциптердi  басқа мемлекет  БАҚ- ның қызметiне араласуды қажет таппайды. Ал осындай ақпараттық саясатты жүргiзу үшiн белгiлi- бiр басылымдармен теле-радиокомпанияларының қызметi пайдаланады.

Мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым -қатынастың тағы бiр өзiндiк формасы айқын байқалатын қоғам өтпелi кезеңдегi саяси жүйелер олардағы ақпарат құраладарымен арақатынас сипаты бiршама өзгешелеу демократиялық негiздеуге бағыталғанымен өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан шығу жолында авторитарлық форма тәсiлдерiн пайдалану мүмкiндiктерiнде жоққа шығармайды. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан тап осындай өтпелi кезеңдi бастан кешiрiп отыр. Ақпарат құралдарымен мемлекет арасындағы байланыс өзара қарым қатынас формалары мен мазмұны құқықтық негiздерi даму үрдiстерi әлi толық қалыптасып үлгерген жоқ.

Қәзiргi экономикалық қиындықтар жағдайында халықтың санасында үрей  және пессимизм орын алғандығы белгiлi. Еркiн бәсекелестiк принциптi ұстанған ақпарат құралдары қәзiр меншiк төрiне үстанған әлеуметтiк саяси бағыты мен экономикалық мүмкiндiктерiне қарай бейiмделуде.

Ақпарат құралдарының қоғамдағы әлеуметтiк саяси қызметтері үнемi мемлекет мүдесiне сай қызмет ете бермейдi.

Мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға ие болғандары билiк басындағылардың ресми көзқарасын жақтаса, тәуелсiз жекеменшiк БАҚ-ры мемлекет саясатымен үнемi келiсе бермейтiндерiн аңғартады.

Қоғамдағы демократиялық өзгерiстердiң өсуiмен бiрге партиялар және қоғамдық қозғалыстардың олардың әрқайсының көпшiлiкке белгiлi бiр оқиғалар жөнiнде өз көзқарасымен пiкiрiн бiлдiруге талпынысын  тудырады.

Мемлекет қоғамдағы хабар ошардың негiзгi көзi бола отырып оның дұрыс түсiндiрiлуiн мен таратылуына мүделi болғандықтан бұл процесте бейтарап қала алмайды. Ол ақпарат кеңiстiгiнде түрлi көзқарас пiкiрлердiң заңдылық шеңберiнен шықпауы , жаңа мемлекеттi нығайту қатыстылығы және мемлекеттiң саяси әлеуметтiк тұрақтылығына нұқсан келтiрмеу.

Қазақстанда мемлекет пен ақпарат құралдары арасындағы қарым қатынасты айқындайтын құжат- “Баспасөз туралы заңның” қабылдануы болды. Ол бойынша мемлекеттiң ақпарат құралдары арадағы қарым -қатынасында қажеттiлiгiне қарай реттеушiлiк қызметі ғана сақталынады. Ақпарат құралдарының жұмысына орынсыз қол сұғу, басқару, бұйрық беру т.б араласушылықтарға тиым салынған.

Мемлекеттiң ресми саясатына либералдық демократиялық көзқарастағы БАҚ- ры оныммен iшiнара келiспеуi де мүмкiн алайда негiзiнен алғанда ашық жақтамайды қарсылығын да бiлдiрмейдi. Қоғам дамуының демократиялық заңдылықтарын негiзге ала отырып, өз ұсынысы пiкiрлерiн көзқарастарына ресми мемлекеттiк басылымдар мен оппозициялық бағытағылардың арасынан iздейдi. Мұндай бағыттың Қазақстан секiлдi транзиттi қоғамда үкiметпен арадағы қарым- қатынасты қалыптастыруда қолайлы тактикалық мәнi бар. Өйткенi саяси әлеуметтiк экономикалық құндылықтар мен басымдықтары саяси күштер ара салмағы  толық айқындалып үлгермей жатқан қоғамда әлiптiң артын бағып, оның даму үрдiстерiн бақылап барып қортынды жасауға мүмкiндiк бередi әрi артық кеткен iс әрекетен сақтандырады. Өзiне деген мұндай көзқарас ресми билiкке де қолайлы Сондықтан да олардың арасында қатынас негiзiнен алғанда екi жақты қолайлылық ахуалмен сипатталады.

Ақпарат кеңiстiгiнде ресми саясатқа қарсы оппозициялық немесе оның жекелеген тармақтарымен келiспейтiн пiкiрлер көзқарастар жиынтығы құрайтын бөлiгi мен мемлекет арасындағы қарым- қатынас өзiнiң күрделiгiмен не үнемi өзгерiп отыруымен ерекшеленедi.

Оппозициялық көзқарастағы немесе ресми саясатпен келiспейтiн тәуелсiз ақпарат құралдары негiзгi айырмашылығы мынада:

  • Экономикалық жағынан толық тәуелсiздiк.
  • Кез-келген оқиғаға өз пiкiрлерiмен көзқарасын бiлдiру мүмкiндiгiнiң молдығы және бiркелкiлiгi.
  • Ресми билiктiң саяси ықпалына мойынсынбау.
  • Қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру тiкелей әсерiнiң жоғары болуы.

Қоғамдық пiкiр ресми саясат пен мұндай биресми көзқарастың арасындағы өмiрдiң обьективтiк көрiнiсiн iздейдi, оларда салыстыра отырып, даму заңдылықтары мен қиыншылықтарын мән мағанасын түсiнуге тырысады.

Қазақстан қоғамдағы демократиялық процестер БАҚ қызметiн түбегейлi өзгеруде. Ақпарат құралдары тақырып таңдауда, оқиғаларға баға беруде еркiн тәуелсiз бола түсуде.

Республикамызда баспасөз құралдары заң жүзiнде құқық обьектiсi ретiнде мойындалған. Ақпарат құралдарының еркiндiгi тәуелсiздiгi жайында сөз еткенде мәселенiң экономикалық жағы ескермеуге болмайды. Абсолюттiк мағанасында тәуелсiз ақпарат құралы бола алмайды, әңгiме салыстырмалы тәуелсiздiк жайында болып отыр. БАҚ- ның бүгiндегi нарық кезеңiндегi өмiр сүрудiң ең негiзгi үш факторы бар.

Бiрiншiден  ақпарат кеңiстiгiндегi еркiн бәсеке де өзiнiң мүмкiндiгi мен орнын анықтап алуы.

Екiншiден өзгелермен бәсекеде өзiндiк үстанымы бағыты бет бедерiнiң болуы.

Үшiншiден  қажеттi техникалық қаржылық шығармашылық мүмкiндiгiнiң деңгейi.

Бұл үшеуi де қоғамда қалыптасқан саяси -экономикалық жағдайға байланысты дамиды.

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары көптеп ашылған тәуелсiз

БАҚ- ры түрлi экономикалық қиындықтарға төтеп бере алмай бiртiндеп жабыла бастады. Олардың iшiнен өтпелi қоғамдағы экономикалық және  творчествалық мүмкiндiгi барлары ғана өмiр сүру құқын сақтап қалды.

Қоғамдық пiкiрдi ақшаға сатып алуға болмайтыны секiлдi оны қолдан қысым жасап өзгертуде мүмкiн емес. Республика өзiнiң  мемлекеттiк тәуелсiздiк жариялаған кезеңнен бастап жаңа саяси экономикалық жағдай қалыптасты. Алға қойылған негiзгi мiндеттер ел экономикасын жаңа жағдайда қалпына келтiрiп одан әрi көтеру қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайтып халықты әлеуметтiк жағынан қорғау құқықтық демократиялық мемлекет құру болып табылады Алғашқы кезеңде Қазақстанның ақпарат құралдары тұтастай алғанда шын мәнiнде қоғамның демократиялық өзгерiстерге талпынуы мен тәуелсiз мемлекеттiлiгiн қалыптастыруға белсене араласты. Ақпарат кеңiстiгiнде мәдени, рухани жаңғыру процесi кеңiнен көрiнiс тапты. Бұл процеске түрлi тiлдерде шығатын ақпарат құралдары қатысты. Өйткенi тәуелсiздiктiң эйфориясы бұрын жабық саналып келген көптеген жаңа тақырыптардың көтерiлуi сөз жоқ “төртiншi билiк” иелерiн творчествалық кәсiби қызығушылығын туғызғаны анық.

Елдегi бүгiнгi саяси- экономикалық жағдайды қалыптастырудың бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар ролi аз емес. Жаңа қалыптаса бастаған Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде түрлi пiкiрлер көзқарастар ағынына қарамастан түптеп келгенде қоғамды  дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптасты.

Баспасөз бостандығы деген ұғыммен қатар оның жауапкершiлiгiн журналистикадағы әдеп мәселелерi қатар туындайды. Жоғарғыда ақпарат құралдарының абсолюттiк мағанасында еркiндiгiнiң болмағандығын экономикалық жағынан түсiндiрдiк. Дәл осы секiлдi демократиялық еркiндiктiң де шегi болады. Ақ түстi қараға бояудың қиындығы секiлдi ұлттық санаға түскен дақтан арылу жолыда тым ауыр.

Соңғы кездерi ақпарат құралдарыны ар-ождан сотында жиi тартылуы соның айғағы. Бұл тек ақпарат құралдарының азаматтық позициясы мен саяси обьективтiлiгiне ғана байланысты БАҚ-ры мен ресми билiк арасындағы қатынасқа нақты ықпал ете алар екiншi фактор саяси жүйенiң типi мен ондағы демократиялық өркениет ақпарат кеңiстiгiнiң қалыптасу мүмкiндiгiне байланысты өтпелi қоғамда бұл мәселенiң кейбiр ерекшелiктерi айталық мемлекет тарпынан қоғам ертеңiмен iшкi саяси тұрақтылықтың сақталуы үшiн экономикалық реформаларды шешушi сәтiнде қоғамдық пiкiрдi бөлiп жармау мақсатында кейбiр ақпарат құралдарын саяси экономиалық ықпал етуге тырысушылық мысалдарын өтпелi қоғам мүшелерi әртүрлi қабылдауда. Бiздiң пiкiрiмiзше  саясаттың түпкi мақсаты ғана емес оған жету үшiн қолданар әдiс тәсiлдер де қоғам дамуына үлкен роль атқармақ. Олай болса екi жақтың ара қатынасын реттеудiң заңдылық негiздерiн өркениет жолдарын қарастырған жөн.

БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырудағы орны

Қазақстанның саяси билiк сипаты мен ел экономикасы халықтардың әлеуметтiк жағдайы реформаларды көпшiлiк күткендей нәтиже бере қоймады БАҚ- ры арқылы қоғамдық пiкiрге елеулi әсер етiп отыр.

Сонау дәуiрден -ақ ұлт мемлекеттi басқару өз үстемдiгiн орнатуға тырысуы белгiлi-бiр аймаққа жеке дара ықпалын жүргiзуге құлшынысы анық байқалған. Сондықтан да соғыспен бейбiтшiлiк тақырыбы күнi бүгiнгiге дейiн адамзат өмiрiндегi басты мәселе ретiнде сақталып отыр.Баспасөз, радио, теледидар секiлдi күнделiктi ақпарат тарату көздерi пайда болған кезеңнен бастап алдымен түрлi қоғамдардың бiр-бiрiмен ақпараттың байланыс жасауда,  хабар- ошар алысады бiрте бiрте ақпараттық  ықпал етуге ауыса бастады. Ғылым мен техниканың бұл жаңа мүмкiндiктерi түрлi саяси идеялармен мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз ету құралдарына айналды саяси  лексикада «идиологиялық экспанция” “Ақпараттық соғыс” секiлдi жаңа терминдер қосылды. Қайсыбiр қоғамда саяси ықпал ету ақпарат құралдарында өз мемлектерiнiң қарапайым артықшылықтарын насихаттаудан бастап , көршi мемлекеттiң қалыптасқан өмiр салты мен iшкi даму заңдылықтарын бұзуға қабiлеттi идеологиялық ақпараттық араласушылыққа дейiн барады. Ақпарат өнiмiн өндiрушiлер қоғамдық пiкiрдi өздерiнiң идеологиясына сай өзгертуге тырысады, дамыған елдердiң экономикалық мәдени ықпалы тәуелсiздiк жолына түскен мемлекеттерге арта түседi.

Экономикалық идиологиялық қарсы тұру аштық соғыс әдiсiмен шешудiң тым қымбатқа түсерiн әрi оның екi жаққа қауiп қатерге толы себеп салдарының болатынын ең бастысы планетада ядролық қарудың пайда болуы саяси идеологиялық күрестiң жаңа формасы ақпарт майданын ашуға итермелейдi.

Сана мен жүйкеге түсер саяси идеологиялық салмақ ҚСРО құрамынан бөлiнiп шыққан бүгiнгi жас тәуелсiз мемлекеттер өмiрiнде тiптi де артып отыр.

Батыстың алпауыт ақпараттық корпорацияларының мәдени ақпараттық экспанция жасау мүмкiндiгi артып отыр. Ең жаңа техникалық үлгiлерiмен ақпарат таратудағы үлкен тәжиiрбесiнен өзiнiң экономикалық күш қуатына сүйенген олар мәдени тұтынушылық деңгейi төмен елдердiң бұқаралық ақпарат құралдарына өзiнiң үстемдiгiн орнатады болмаса оларды сол елдердiң ақпарат кеңiстiгiнен мүлде ығыстырып тастайды.

ЮНЕСКО конференциясында бiрнеше рет көтерiлгендей трансұлттық ақпараттық корпорациялар ақпарат таратудың бостандығын желеу етiп әлгiндей мемлекетердiң әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiне сай келмейтiн  сұраныстар мен құндылықтарды қалыптастырады. Сөйтiп  елдiң саяси  тұрақтылығын шайқалтады халықтардың мәдени ерекшелiктерiн жояды. Ақпараттық билiк саяси экономикалық билiк секiлдi қоғам тарапынан қадағалауды қажет етедi. Өтпелi кезеңдегi саяси жүйе мемлекеттiң iшкi өмiрiндегi қоғамдық процестер обьективтi ақпараттық қамтамсыз етiп қана қоймай , одан сыртқа таратылатын керiсiнше сырттан iшке тасымалдайтын ақпартаттар ағымының сөз бостандығы мен басқа да демократиялық құқықтық негiздердi сақтай отырып тепе-теңдiгiнiң сақталуы қамтамасыз етуi тиiс. Яғни мемлекетке өзiнiң ақпараттық саясатын жүргiзуге негiз боларлық дербестiк қажет. Ақпараттық дербестiк шеңберiнде идеологиялық саяси оқшаулану қалыптасу тиiс.

Бұқалалық ақпарат құралдарындағы  ақпараттық дербестiк

Әлемдiк байланыс жүйесiмен коммуникация құралдарының техникалық шарықтау дәуiрiнде қашан да бiр қоғамда болсын жабық ақпарат кеңiстiгi саясатымен жан-жақты гүлдену оның өскелең рухани мәдени сұранысын толық әрi сапалы қамтамасыз ету қиын. Тап осы себептерге байланысты дербес ақпараттық саясаттың транзиттi қоғам ерекшелiктерiне сай әрi икемдi, әрi болып жатқан өзгерiстер үрдiсiне бейiм жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан мемлекеттiлiгiн нығайту негiзгi факторлардың  бiрi ақпараттық дербестiк болып табылады.

Ақпараттық дербестiк дегенiмiз бiрiншiден мемлекеттiң саяси экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етiп отыр, оның құрамдас бөлiгi, екiншiден ол мемлекеттiң дамуымен тығыз байланысты, үшiншiден егемендi елдiң халықаралық беделiн қалыптастыруда әлемге таныстырады. Төртiншiден  әлемдiк саяси экономикалық процестерге араласуға ықпал етедi шет мемлекеттермен өзара түсiнудi ақпараттық байланыс орнатады. Яғни әрбiр тәуелсiз мемлекет өмiрiнiң барлық саласында болып жатқан  оқиғалардың көпшiлiк халыққа бұрмаланбай таратылып түсiндiрiлуi және проблемалардың мемлекет пен ел мүдесiне сай қарастырылып обьективтi шешiлуi.

Бүгiнде республикамыз халықаралық деңгейде кең ауқымды ақпарат алмасу процесiне кiрiп отыр.

Қазақстанда сырттан ақпараттық экспанция мүмкiншiлiгi өте жоғары және ол болашақтан үлкен қауiп тудыруы да мүмкiн.

Жас тәуелсiз мемлекеттер көбiнесе сырттан таңылатын пiкiрлердiң қатал қысымына ұшырайды нәтижесiнде  өз қисыны бар аса күрделi iшкi процестер сырт көзқараспен бағаланып, көбiнесе үстiрт, ал кейде бiр жақты түсiндiрiледi. Бұл көптеген мемлекеттердiң шынайы тәуелсiздiктi нығайту жолында өзiндiк кедергiге айналды. Алайда сыртқы ақпарат көздерiн жабу бiз үшiн өзiмiздi -өзiмiз оқшаулау болар едi.  Қоғамдық рухани келiсiм қарапайым адамдық өзара түсiнiсу этносаралық қатынастың жеткiлiктi жоғары мәдениетiнсiз жүзеге аспайды.

Қоғамда мұндай мәдениеттi тәрбиелеу оның белсендi өмiрлiк тұғыры мен қоғамдағы саяси өмiрiне қатысуын айғақтайтын жоғары және тұрақты адамгершiлiк сапалықтары мен сипаттарын тәрбиелеу.

Ақпараттық прогресс адамның тұрмыс бiтiмiн өзгертiп бiлiм, ғылым, мәдениет салаларын басым бағытқа айналдырып қана қоймай қоғам мүшелерiнiң ой санасын солай қарай бұрады.

Ақпараттық қоғам түрлi идеялар мен iлiм, бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды саралап адамдардың ой санасын кеңейтуге белгiлi бiр идеялар төңiрегiнде топтасуға, оларды тереңiрек түсiнiп бiлуге ықпал етедi.

Егер экономика мемлекеттiң жұлыны болса оның ұлттық рухы мен санасы жүрегi iспеттес.

Қоғамдағы әлеуметтiк институттардың ерекше түрi саналатын БАҚ құралдары мемлекет жүрегi арқылы оның бүкiл денесiне қажеттi нәр, азаматтардың мемлекеттiк бiрлiгi мен мақсат мүде ортақтығына түйсiнуiн таратады.

Онсыз тәуелсiз мемлекеттiң болашағын баянды ету қиын. Обьективтi ақпараттар  болмауы әдетте адамдардың идеалында қате көзқарас туғызып өмiршең емес заңдылықтарға қоғамды реформалауда үлкен қателiктерге ұшырауы мүмкiн.

БАҚ- ры пайдалану арқылы қоғамдық саяси сананы жасырын түрде басқаруға талпыну адамдарды өз еркiндiгiнен тыс мақсаттарға жұмылдыру, қоғамның обьективтi ахуалын жасыру демократиялық мемлекеттiк құрылыммен оның азаматтарына үлкен қауiп тудырады.

Үлкен саяси экономикалық өзгерiстердi бастан кешiрiп отырған Қазақстандық адамдар санасында  да күрделi өзгерiстер мынандай:

  • Ескiнi ұмыта алмау
  • Жаңаға үрке қарау
  • Жаңаға бiрден көндiге алмау
  • Өз мүмкiдiгiне сенiмсiздiкпен қарау

Бұл орайда қоғамдық өзгерiстерге сай болатын рухани ахуал туғызу керек. Мұның өзi мемлекеттiң барлық салаларында оның iшiнде идеология сияқты ерекше салада тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады. Тап қәзiр қоғамда өткендi қайта бағалап, ертеңгi күннiң артықшылықтарын онымен салыстыра қарау процессi жүруде. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары тап болған талай қиындық, түсiнiспеушiлiк, шалағайлылық, ел арасына iрiткi салушылық т.б. артта қалды көбiсi оң шешiмiн тапты.

Қоғамның әртүрлi топтарының сана деңгейi әртүрлi. Ол әрине адамдардың жас ерекшелiктерiне , бiлiмi мен қызмет түрiне әлеуметтiк материалдық жағдайына байланысты мемлекет iшiнде болып жатқан жағдайларды бiрi түсiнсе, бiрi түсiнбейдi. Осыдан барып ақпарат кеңiстiгiнде хабар ошар әртүрлi қабылданып сан алуан пiкiрлер көзқарастар толғынын туғызады, мiне осы себепке байланысты кез-келген ақпарат түрiнiң обьективтiлiгiне қоғамдық қажеттiлiк туындайды кез- келген ақпараттарды басқарып, белгiлi-бiр бағытқа бұрып отыру шындықпен санасуға әкелiп соғады.

Мемлекетiмiздi нығайтуға әсерi зор саяси күш ретiнде ақпарат құралдарының танымдық терең талдаушылық ролiне сұраныс өсiп отыр.

Баспасөз рухани өсудiң бағдаршасы iспеттес. Елде болып жатқан өзгерiстер бұқараның санасын, мен қазақпын мен Қазақстандықпын деген патриоттық сезiм өспейiнше тәуелсiздiктiң саяси экономикалық жағдайының нығайа түсуi мүмкiн емес.  Бүгiн ұлттық сана жетiлмей тұрып ар- намыс шыңдалмауы, ар- намыссыз азамат өзгелердiң көсегесi түгiл өзiнiң көсегесiн көгерте алмайды.

Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс тұл, онсыз қоғам дамуның даңғыл жолына түсе алмай үйреншiктi ұрдiстiң солғын соқпағынан шыға алмай, заманалар шырғалауында басы айналып дағдарыс қал кешедi.

Баспасөз бостандығымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершiлiгi журналистик этикасы қатар жүредi.

Журналистiң әлеуметтiк бағыт бағдары ең алдымен оның саяси мәдениетiмен қоғамдағы болып жатқан процестердi ұғыну деңгейiне байланысты.

Журналист этикасы мен кодексi шынайылық, сенiмдiлiк, нақтылы ,өз қатесiн мойындай бiлуi принциптерiне негiзделiнген.

Саяси демократия тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз акылға сиымсыз болар едi. Сонымен бiрге олардың обьективсiздiкпен, терiс пиғылдылықтың бүлдiрушi әрi тұрақсыздандырушы күшiн сезiнуi әлеуметтiк жауапкершiлiгi болуы тиiс. Нақ сондықтан оларға бағдар үстана отырып мемлекеттiк үкiмет құрылымдарына қоғамдық пiкiрдi зерттеудi және iс қимылын соған сәйкес түзетiп отырады. Кез-келген қоғамның өмiрiнде руқани саланың алар орны үлкен әсiресе бүгiнгiдей өтпелi қоғамның экономикалық, әлеуметтiк салаларындағы тұрақсыздық жайсыздық орын алып отырған сәтте оның қоғамдағы iшкi қожыраудан сақтап қалуға қабiлеттiлiгi  анық байқалуда. Қоғамның рухани өмiрiнде бұған дейiн жинақталған түрлi құндылықтарды сақтау ғана емес ендi олардың қалыптасқан жаңа жағдайға сай гүлденуi мен бiрiн- бiрi толықтыра түсуiнiң мәнi терең нақты тәуелсiздiкке жету күштi саяси интеллектуальды қолдауды қажет етедi.

Бұл бағыттарда бiзге экономикалық ұйымдар, кадрлар мәселесiндегi iлгерлетушiлiктер ғана емес қоғамды топтастыруындай ахуал қалыптастыру қажет. Қоғамның өркениеттiлiгi мен зайырлылығы мемлекеттiң мәдениетке деген көзқараспен өлшенедi.

Ақпарат құралдарының өздерi қоғамның ғылыммен мәдени жетiстiктерiнсiз белгiлi-бiр сатысында құндылықтарды құрайтыны сөзсiз.

Қортынды

Кез- келген қоғам өмiрiндегi ақпарат жүйесiндегi қызметiнің ролi зор.

Бүгiнгi дамыған өркениеттi қоғамдағы бiлiм мен ақпарат билiгi қаражат пен мемлекеттiк күштеудi екiншi кезекке ысырып тастап, оны басқаруда шешушi ықпал ете алар саяси күшке айналып отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары коммуникативтiк ақпарат таратушылық, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызу арқылы саяси билiкке ықпал етушiлiк, қадағалаушылық функцияларының маңызына қарай «төртiншi билiк” аталады Қазақстандағы экономикалық дамуына  ықпал ете  әртүрлi экономикалық мәселелер ақпарат кеңiстiгiнен кеңiнен көрiнiс табуда. Экономикалық әлеуметтік мәдени  мәселелерi ақпарат кеңiстiгiнде терең ашық жарияланады.

Ашық демократиялық ақпарат кеңiстiгi жаңа қалыптаса бастаған мемлекетте жаңа құндылықтардың  қалыптасуы жариялық принциптерi тұрғысынан кең көрiнiс тапты.

Бүгiнде қоғамымыз нарықтық экономикалық саяси әлеуметтiк күрделi өзгерiстерге түсiп, жаңа жағдайға рухани психологиялық бейiмделу кезеңiн бастан кешiруде. Екiншi жағынан мемлекет идеологиясы жаңа азаматтық қоғам өркениеттi құқықтық құрылымға  ұлттық бiрлiк пен теңдiк принциптерi арқылы гүлдену идеясын қолға алып отыр.

Кез-келген мемлекеттiң iшкi сыртқы мiндеттерi мен мақсаттарын жүзеге асыру үшiн өзiнiң ақпараттық саясатың орны маңызды.

Мемлекет пен БАҚ арасындағы қатынасты айқындайтын негiзгi факторлардың қалыптасуы көрінеді. Олар:

  • Қоғамның жалпы экономикалық саяси әлеуметтiк жағдайы
  • Демократиялық ақпарат кеңiстiгiнiң қалыптасуы
  • БАҚ өзiн-өзi қадағалау мүмкiншiлiгiнiң қолданылуы

Батыстық алпауыт ақпарат  корпорациялары Қазақстанға мәдени- ақпараттық экспанция жасау мүмкiндiктерi  бүгiнде артып отыр.

Олар ақпарат таратудың бостандығын желеу етiп жас мемлекеттердiң әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiне сай келмейтiн сұраныстар мен құндылықтарды қалыптастыру сөйтiп елдiң тұрақтылығын нұқсан келтіруде. Халықтарға мәдени ерекшелiктерiне нұқсан келтіре және жас тәуелсiз мемлекетiң жалпы ұлттық құндылықтары мен басым бағыттарын айқындауына үлкен кедергiлер тудырады

Демек белгiлi бiр аймақта белгiлi- бiр тақырыпта әртүрлi қарама қайшылықта ақпараттар ағыны тоғысып жатса ол өңiрде бiрнеше мемлекеттердiң саяси экономикалық мүдделерi тоқайласып қалғанын бiлдiредi.

Тап қәзiр Қазақстан әлемдiк аренада тек экономикалық мүдделер нүктесi ғана емес, стратегиялық саяси әлеуметтiк жағынан назар аудартып отыр.  Түптеп келгенде мемлекеттiң ақпарат қауiпсiздiгiнiң саяси мәнi зор үлкен тармақтарының бiрi саналады.

Сондықтан да бүгiнгi таңда өмiрiмiздiң барлық саласында дендеп енiп келе жатқан ақпараттық дәуiр түрлi идеялар мен iлiм бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды  дұрыс саралап, адамдардың ой санасын кеңейтуге қандай бiр өздерiне жақын идеялар төңiргiнде тереңiрек түсiнiп бiлуіне ықпал етедi. Қоғамның жай күйiн бейнелейтiн обьективтi әлеуметтiк ақпараттың болмауы әдетте адамдардың қате көзқарас туғызып өмiршең емес заңдылықтарына бағыт алғызады. әрi қоғамның прогрессивтi дамуына оны реформалауда  үлкен қателiктерге әкелуі мүмкiн.

Бiз қоғамда өмiр сүре отырып БАҚ  сол қоғамдағы тыс қала алмайтын ескерсек олардың жұмысындағы жетiстiк кемшiлiктерi де қоғамдағы саяси -экономикалық реформалар мен мәдени- рухани дамудың деңгейiне байланысты.

Экономикалық қатынастары ақпараттык қамтамасыз ету бағалау және олардың өздерiнiң көзқарастарын бiлдiрудiң  әркелкiлiгi секiлдi оны қоғамның қабылдау мен түсiнiп танып бiлу мүмкiндiгi де бүгiнгiдей өтпелi қоғамның экономикалық әлеуметтiк салаларындағы тұрақсыздық жайсыздықтардан сақтап қалуға қабiлеттi анық байқалып отыр.

Ал ол қабiлеттiң жүзеге асуы мен нәтижелi болуы қоғамның басқа да саяси институтарымен бiрге БАҚ алдында айрықша жауапкершiлiктер мен мүмкiндiктер көкжиегiне айналды. БАҚ  қоғамдағы ролі ерекше сондықтан да қазіргі кезеңде осы салада көптеген зерттеулер мен  демократиялық дамыту жолдары жан жақты қарастырылуда.

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030 Ел президентiнiң Қазақстан халықына жолдауы. Алматы, 1997 жыл.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан егемен мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: Дәуiр, 1992 ж. 56 б.
  3. Қисымов С. Журналистиканың функциялары мен принциптерiне жаңаша көзқарас. ҚазМУ хабаршысы: Жур. Сер. 1999
  4. Кекiлбаев А. Без согласия нет создания. Каз. Правда, февраль 1998
  5. Жамкенұлы С. Бiзде бұқаралық ақпарат құралдар қанша ?

Егемендi Қазақстан.  14 тамыз

  1. Пугачев В.П., Соловьев А.И. Введение в политологию. М: Аспект, Пресс.1996
  1. Козыбаев С.К. Масс- медиа как индикатор свободы общества Вестник КазГУ, сер. Жур.
  2. Сарсенбаев А .С. Становление демократической системы средств массовой информации. Автореферат канд. дис. Алматы.
  3. Амандосов Т Совет журналистикасының теориясы мен практикасы Алматы 1978 ж
  4. Ворошилов В.В. Журналистика СПб-1999 г
  5. Федотова Л М Массовая информация : стратегия производства и тактики потребления М1996 г
  6. Омашев Н., Бегімтаева Р. Қазіргі шетел журналистикасы Алматы -2000
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ