БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ

0
2091
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.

Жоспар

КІРІСПЕ

  1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ

1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері

1.2 Жекеменшіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі

 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ

2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары

2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы..

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.

Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.

Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:

1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.

2) Несие капиталының нарығы.

3) Бағалы қағаздар нарығы.

Осы үш нарықтың ішінде бағалы қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс — ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол алуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері

Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты сертификат деп атайды.

Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Жинақ облигациялары негізінен және тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазірге кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шет ел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші — заңды немесе жеке тұлғалар — оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.

Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарық тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Олар келесі кестеде көрсетілген:

Бағалы қағаздар шығарушылар.

Эмитент

Мемлекет

Мемлекетқолдауындағы мекемелер, ұйымдар

Республикалық басқару органдары

Жергілікті басқару органдары

Акционерлік қоғам

Жеке кәсіпорын

Мемлекеттік рез.еместер

—►    
Өндіріс секторының
  Жекеменшіктенген кәсіпорындар Осы секторда жаңа құрылған қоғамдар
 
—► Несие саясындағы қоғамдар
—► Биржалар
—► Қаржы құрылымдары
  Инвестициялық компаниялар Инвестициялық қоғамдар
 

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге сату мына түрде жүзеге асырылады;

1- Қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырылғанда;

2- Қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;

3- заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитетінің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент құралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздардың нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады: Ол мәліметтер арасында:

— кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;

— шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы:

— акция сатуды бастау және сақтау күндері;

— бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны; бағалы қағаздарды сату түрі; кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу; эмитенттің адресі мен телефоны бар;

Эмиссия проспектісінің басқа тарауларын да бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитеттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішінде қызмет орны, оның ішінде басқару орнынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады. Эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сатып келгенде бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы бағалы қаржылар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттіктіркеу номерін алуы қажет.

      1.2 Жекеменшіктендіру — бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі — жекеменшік чектерін (купондар) өмірге келтіреді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді. Жекешелендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондар да жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады, Инвестициялық қорлардың акциясын сатып алушы сол қорлардың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді.  Инвестициялық қорлар — жеке  мекеме. Мемлекеттік инвестициялардың қорлаға салған чектерге кепілдік бермейді.

Осы айтылғандардан басқа жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде  беруге де болады. Біздің елімізде жекеменшіктендіру 1994-1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғаны мен олардың орнына акция алғандары аз.

Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі — жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа ұйымдастыру құқықтың формасы — акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепті болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру — бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
    2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан республикасының қазіргі заңдары

Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:

1.1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» №2227 Президенттің заң күші бар жарлығы.

  1. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» №2255 Президенттің заң күші бар жарлығы 2.05.95 ж.
  2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» №2155 Президенттің заң күші бар жарлығы 30.03.95 ж.
  3. «Акционерлік қоғамдар туралы»№281-1″Қазақстан Республикасының заңы 10.07.98 ж.
  4. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.

Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Ұлттық комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.

Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады:

— бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.

— бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері — бағалы қағаздар нарығын реттейтін ережелер.

— басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына байланысты актілері.

Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар.

         2.2. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқаулары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

— сұраныс пен ұсыныс;

— делдалдар мен басқа қатысушылар;

— нарықтық инфрақұрылым яғни екінші деңгейдегі банктер, қор биржасы, инвестициялық институттар және т.с.с;

— нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі — Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағандай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың элементі — Қаржы Министрлігі;

екіншіден, Ұлттық банк — оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті, сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың төмендегідей түрлері бар:

  1. a) мемлекеттік қазыналық вексельдер;
  2. b) мемлекеттік қазыналық облигациялар;
  3. c) Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталары;
  4. d) жекеменшіктендіру купондары.

а) Вексель дегеніміз — вексель берушінің вексель иесіне мерзімі жеткен кезінде онда көрсетілген ақша сомасын сөзсіз төлейтіні туралы жазбаша міндеттеме. Қазіргі кезде вексельдің екі түрі қолданылады: жай вексель; аудармалы вексель.

Жай вексель — бұл 2 адамның өзара келісімі, ал аудармалы вексельде ақша үшінші адамға төленеді. Вексельдің иесі оны есеп айырысуға пайдаланады. Оның қайырма бетіне басқа адамға беретінін жаза алады. Нәтижесінде төлеуші мүлдем басқа адам болады. Мемлекеттік қазыналық вексельдері халық арасында ерікті негіз орналастыратын мемлекеттік құнды қағаздардың бір түрі. Ол осы қағаздарды ұстаушылардың бюджетке қаражаттар аударған және бұл қағаздарға ие болған бүкіл мерзім ішінде дивиденд түрінде табыс алуына құқық беретінін растайды. Қазыналық вексельдер ұзақ мерзімді 5 жылдан 25 жылға дейін, орта мерзімді 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде шығарылады.

— Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер жөніндегі табыс жыл сайын купондар бойынша төленіп отырады.

— Орташа және қысқа мерзімді міндеттемелер номиналға процентпен есептеу арқылы, яғни орташа мерзім міндеттемелер бойынша мерзімі біткен соң сатып алу негізінде төленеді.

қазыналық вексельдер номиналдан кемітіліп сатылады, бірақ вексельдер толық өз құқымен шығарылады. Қазыналық вексельдерін Қаржы Министрлігінің тапсыруымен, шығарылуынан бір ай бұрын шарттары ескеріліп, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі таратады. Шығарылым жарияланғанда қазына вексельдерінің нақты құны, жазылу сомасы, проценттік ставка көлемі көрсетіледі. Алушылар қанша сатып алатынын және дисконттың қандай көлемі қолайлы екенін айтады. Қазыналық векселі бойынша бәсекелестік саудасы да болуы мүмкін. Бұл жағдайда неғұрлым қолайлы шарттар тандап алынады.

Қазақстан Республикасының заңды ұйымдарының облигацияларынан басқа айналымға мемлекеттік қазынаның облигациялар шығарылады. Мемлекеттік қазыналық облигацияларға: орта және ұзақ мерзімді бондар мен қазыналық вексельдер жатады.

Орта мерзімді бондар Қаржы Министрлігімен шығарылады, ал ұзақ мерзімді бондар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен шығарылады.

Ұзақ мерзімді қазыналық бондар 5 жылдан 25 жылға дейінге мерзімге шығарылып, заңды және жеке тұлғалар арасында тартылады. Қазынаның бондар бойынша кіріс процент аудару арқылы төленеді.

Ұзақ мерзімді бондарға қарағанда, орта мерзімді бондар 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде шығарылады. Оның өшірілуі жыл сайынғы тираждар негізінде жүргізіледі. Ұстаушының талабы бойынша олар мерзімінен бұрын өшірілуі мүмкін, бірақ міндетті түрде сатып алғаннан 6-ай өткеннен кейін.

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Сонымен қатар облигация несие беруші мен осы құжатты шығарушы мекеме орындары арасындағы қатынасты куәландырады. Облигацияның мынадай түрлері болады:

— ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар облигациялары;

— кәсіпорындар облигациялары.

Кәсіпорындар облигацияларының барлық түрлерін өздерінің еңбек ұжымдары қарамағына түсетін қаражаттар есебінен, ал азаматтар өзінің және құжаттары есебінен сатып алады.

Ішкі мемлекеттік және жергілікті займдарды сатудан түскен қаржы тиісті бюджеттік немесе бюджеттен тыс қорларға жіберіледі. Бұл займдардың облигацияларын банк таратады. Проценттерді ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар үшін займдарды қайтару кезінде проценттерді есептеу арқылы немесе купондар төлеу жолымен беріледі.

  1. b) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді валюталық ноталары дегеніміз — бұл айналымдағы ақша массасын реттеуге арналған ақша-несие және валюта саясатының құралы. Сонымен қатар ол айналысқа түсетін мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі валюта ноталарын 90 күнде дейінгі айналыс мерзімімен айналымға шығарады және оның есеп айырысуы теңгеде жүргізіледі. Валюта ноталары құжаттамасыз нысанда шығарылады және оның нақты құны 100 валюта бірлігін құрайды. Кесімді бағасы тапсырыстарды қанағаттандырумен аяқталатын ең төменгі дисконтталған бағаға тең. Ноталарды орналастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларды — «Алғашқы агенттер» арқылы жүзеге асырылады. Валюта ноталарын орналастыру 2 әдіспен жүргізіледі:
  2. Аукцион әдісі.
  3. Алғашқы агентпен келісілген баға бойынша сату әдісі. Аукциондық әдісте тапсырыстарды қанағаттандыру ең аз дисконттан басталады да, барлық жарияланған эмиссия көлемі таламдалатын негіздегі дисконтпен аяқталады.

Ноталарды орналастыруға байланысты барлық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген мәліметтер беретін электронды жүйе арқылы беріледі. Ноталардың аукционын жүргізуден 1 күн бұрын алғашқы агенттерге хабарлау керек және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қатысушылары аукцион өткізілетін күні шығару шарттарында белгіленген көлемде, бәсекелік және бәсекелік емес ұсыныстармен бірге өтініштер бере алады. Берілген өтініштің бәсекелік ұсыныстарында ноталар саны, валютамен көрсетілген бір нотаның ұсынылған дисконтталған бағасы көрсетіледі.

Егер алғашқы агенттен белгіленген уақытқа дейін валюта ноталарының ақысына қаражат түспесе, сол сағаттан кейін түскен ақша бір күнге мерзімі өтіп түскен ақша есебіне қаралады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне деректер хабарлайтын электрондық жүйе арқылы ноталарды сатып алуға түскен ақша туралы хабарламаны алғаннан кейін алғашқы агенттер инвесторға қағаз жүзінде, егер инвестордың алғашқы агентпен шартында басқа көзделмесе, ноталарға оның меншік құқығын куәландыратын куәлік береді. Ноталарды есепке алу және ол бойынша құқықтар, сондай-ақ олармен жасалатын мәмілелерде ашылған «депо» шоттары бойынша жүзеге асырылады.

Құнды қағаздардың төмендегідей түрлері бар:

  1. Акция — үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акционерлердің жылдық кірісінің көлемі баланста көрсетілген пайдаға тәуелді болады. Акционерлердің жалпы жиналысында пайданың қандай мақсатқа бөлінуі туралы сұрақ шешіледі. Пайданың бөлінуі акционерлерге тиесілі акциялар көлеміне байланысты болады. Бағалы қағаздар нарығында бір кәсіпорынның акциялары әртүрлі бағада болуы мүмкін. Қор биржасында банктерде акцияларды сату және сатып алу бағасы — акция курсы деп аталады.

Акция курсы = Д/Қарыз проценті х 100%.

Акция курсы сұраныс пен ұсынысқа байланысты үнемі ауытқуда болады. Акция курсының құрылуы бірқатар факторларға байланысты. Соның ішінде ол қарыз %-ң көлемінде тәуелді. Акция құны депозит түріне қарамастан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валютасымен анықталады. Дивидендтер процент түрінде немесе теңгелей көрсетіледі:

1 акция құны = номинал құны/шығарылған акция көлемі.

  1. Варрант — ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, оны корпорация облигацияларымен және артықшылықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан, бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды етсе, екінші жағынан корпорацияның эмиссиялық шығындарын азайтады. Варрант корпорацияның басқа бағалы қағаздарымен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп, өз алдына айналымға түседі.

З. Депозиттік сертификат — ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі ұсынушы адам. Депозиттік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан қолға тез өтетін бағалы қағаз. 4.Чек — занды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы инстиутындағы ағымдарды есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чек төлем айналымын көздету мақсатында шығарылады. Чектер бірнеше түрге бөлінеді:

атаулы чектер;

ордерлі чектер;

иесі ұсынушы чектер.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге:

А) нарықты реттейтін механизмінің жоқтығы;

В) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

С) зандардың мүлтксіз орындалмауы;

О) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

Е) бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;

  1. F) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады.

Бағалы қағаздар нарығына мамандарды бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген оқу орталықтары дайындайды. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі — кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмы арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қарастыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатысқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.
  2. Бағалы қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова, Алматы, Экономика, 1999.
  3. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
  4. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Г.С.Сейткасымова, К.О.Шаяхметова, Г.ТАбдраимова, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
  5. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж.Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
  6. Ценные бумаги и их регулирование в РК. Ф.Карагусов, Алматы, Каржы-Каражат, 1995.
  7. «Банки Казахстана» журналы №5 2000ж.
  8. Банк хабаршысы. 2000
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ