“Бақытты отбасы” орталықтарының атқаратын қызметі

0
1761
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларына жан-жақты көмек көрсету мақсатында түрлі шаралар қолға алынып жатыр. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша«Бақытты Отбасы» орталықтары жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі күні қаланың әр ауданында орналасқан 9 орталықтың есігі ашық.

 

Орталықтың мақсаты: Алматы қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартып, экономикалық тәуелсіздігін нығайту. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайдан шығулары үшін жеке мотивацияларын нығайту.

Бұл орталықтарда көп балалы және аз қамтылған отбасылар келесі мамандардың кеңестерін тегін түрде ала-алады:

заңгерлердің (тұрғын үй қатынастары, АӘК тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, алименттер және т.б сұрақтары бойынша);

психологтардың (балаларды тәрбиелеу, тренингтер өткізу, қиын өмірлік жағдайдан шығу, отбасы ішіндегі жанжалдарды шешу және т.б. мәселелер бойынша);

әлеуметтік қызметкерлердің (отбасының қажеттіліктерін анықтау, жеке жұмыс жоспарынқұру және т.б);

жоғары санатты педиатрдың (2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін денсаулық проблемаларын алдын-алу шаралары бойынша).

Сонымен қатар, «Бақытты Отбасы» Орталықтарында:

ересектерге арналған; ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз, пішу және тігу, гимнастика, аспаздық, тоқыма, тігін сөмкелері, компьютерлік біліктілік және т.б

балаларға арналған; арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын, тоқу, логопед қызметі сынды курстары тегін түрде өткізіледі.

Осы уақытқа дейін «Бақытты отбасы»Орталықтарында 33 мыңнан астам адамтіркелді, 54 мың адамғаақпараттық-кеңестік көмек және ресурстық қолдау көрсетілді, 29 мың адамғаәдістемелік және заңгерлік көмек, 4 мың адамғасалауатты өмір салты бөлмесінің қызметі ұсынылды, 29 мың адам – «Бақытты отбасы» Орталығының базалық тренингтерінен өтті, 20 мыңнан астам адам оқыту курстарынан өтті.

Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылар заңгердің, психологтың, үйлестірушілердің және HR-менеджерлердің консультацияларын онлайн немесе телефон арқылы ала алады. Мастер-класстар, аналар мен балаларға арналған оқыту курстары WhatsApp мессенджерлерінде және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы онлайн өткізіледі.

Бүгінгі таңда «Бақытты Отбасы» Орталығының базасында әр ауданда «ISKER ANA» бағдарламасыіске асырылуда.

«ISKER ANA» бағдарламасымен көп балалы аналарға тіркеу, заңгерлік және психологиялық көмектен бастап кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарға, бизнес-жоспар құруға, өз бизнесін ашуға, грант немесе микрокредит алуға дейін қадамдық жұмыс ұсынылады.

Ағымдағы жылы Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды жұмысқа орналастыру және өз бизнесін дамыту мақсатында демеушілер арқылы Әуезов ауданында тоқыма және азық-түлік өнімдерін қолдан сату үшін 4 сауда нүктесі ашылған болатын. Олар: «Тиграхауд», «Арыстан» сауда үйлерінде, «Сары – Арқа» және «Арыстан» базарларында азық-түлік нүктесі ашылды. Алмалы ауданында«әлеуметтік тігін цехы» (Алматы қаласы, Жібекжолы көшесі, 135) өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар, Түрксіб ауданында көпбалалы аналардың қолдан жасаған тауарларын сататын«ISKER ANA» сауда үйі (Алматы қаласы, Сүйінбайдаңғылы, 263) ашылды. Сауда үйінде заманауи стильдегі ұлттық костюмдер, құрақ-көрпе, ұлттық нақыштағы әшекейлер, әйелдерге арналған киімдер сатылымға қойылды, сондай-ақ киімдерді өңдеу және жөндеу бойынша қызмет көрсету көзделген.

Әнел САДЫҚ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ