Бақытқа жету жолында …

0
2369
Әрбір адамның өмірінде өзінің ертеректе ойлаған, елестеткен нәрсесі кем дегенде бір рет алдынан шыққаны сөзсіз. Сондықтан негативті ойлаудан алыс болуымыз қажет. Оның орнына позитив сіздің өмірлік серігіңіз болсын. Сізді «бақыттан алыстатын қағидалармен» таныстырып, олардан қалай арылуға болатыны жайлы біраз кеңес береміз!

«Жұмыс істеу қажеттілігі болмағанда бақытты болар едім…»

Жұмыс бәрімізді де шаршатады, әрине, бұған дау жоқ. Кейде тіпті, бәріне қолды бір сілтеп, жата бергің келеді. Бірақ, бұндай өмір біреуді шынымен бақытты ете ала ма? Кейбір адамның ойына «егер жұмыс істемегенімде өзімнің сүйікті ісіммен айналысушы едім, ойын-сауықпен өмір өткізіп, өз уақытыма өзім қожа болып, бақытты болар едім» деп армандайтыны айдан анық. Алайда, мүлдем жұмыс істемейтін адам уақыт өте келе күйзеліс пен депрессияға ұшырайды екен. Сондықтан бұндай ойды ұмытып, өзіңіздің жаныңызға жағымды, жақсы көріп, істейтін ісіңізді тапқаныңыз дұрыс.

«Егер менің жеке көлігім, үйім, ақшам болғанда, бақытты болар едім!»

Әрине, бұндай мақсаттардың болғаны жақсы. Бірақ материалдық құндылықтар ешқашан адамды шынайы бақытты ете алмайды, себебі, дей тұрғанмен, басқа жанда аталған дүниелердің «қымбатырағы, әдемірегі, үлкенірегі» болуы мүмкін.

«Менде бәрі жақсы, ештеңе өзгертудің қажеті жоқ»

Бұл осыған дейінгі айтылған қағидаға қарама-қарсы келетін жағдай. Әлеуметтік ортадан тығылып, өз әлеміңізде, өзіңізбен өзіңіз ғұмыр кеше аласыз, бірақ өмір-өзен тынымсыз ағып жатады. Адам кез келген уақытта ұлы өзгерістерге дайын болу керек. Бір орында қозғалмай тұру – артқа шегінумен бірдей. Сондықтан тек жаңа, жақсы дүниелерге ұмтылуға тырысыңыздар!

Біреуге бақыт — ақшаның молдығы, басқаға — махаббатын табу. Неғұрлым көп жақсы, жағымды заттар жайлы ойласаңыз, соғұрлым өзіңізді бақытты сезінетін боласыз. Өзгенің мінін іздеуге тырыспаңыз, керісінше, жақсы жақтарын көре білуге ұмтылыңыз!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ