Бактериялардың цитоплазмасына және цитоплазмалық мембранаға сипаттама беріңіз

0
7620

  Бактериялардың цитоплазмасына және цитоплазмалық мембранаға сипаттама беріңіз\r\n\r\n Цитоплазмалық мембрана (ЦПМ).Клетканың міндетті компоненттеріне жатады.          Цитоплазмалық мембрана клетканың протоплазмасын толығымен жауып, клетка қабығы мен протоплазманың арасында орналасады.Прокариоттардың цитоплазмалық мембранасы элементарлы (қарапайым) мембранаға жатады, ол протоплазманы компартменттерге бөлмейді, дегенмен, оның қыртыстары протоплазмаға терең енеді. Бактериялардың цитопазмалық мембранасы эукариоттардың мембранасы  сияқты сұйық-өрнекті моделге сай келеді. Прокариоттар мен эукариоттар клеткаларының ультражұқа кесінділерін электронды микроскоппен зерттеу арқылы олардың элементарлы мембраналарының бірдей екендігі анықталды. Олар электронды микроскоп арқылы ақ жолақпен бөлінген екі қара сызық болып көрінеді.\r\n\r\n   Цитоплазмалық мембрананың құрамы, негізінен, фосфолипидтер мен белоктардан тұрады. Фосфолипид молекуласы екі бөліктен құралады: дөңгелек гидрофильді бөлік (басы) және оның жалғасы болып келетін гидрофобты екі майлы қышқылдың тізбектерінен тұратын бөлік.Фосфолипидтердің гидрофильдік бастары мембрананың сыртына қарай, ал аяқтары ішіне қарай орналасады. Фосфолипидтердің ішінде көп кездесетіндері – фосфотидилэтаноламин, фосфоцидилглицерин,дифосфотидилглицерин. Фосфотилинозин мен фосфотилсерин эукариоттарға қарағанда аз мөлшерде, ал фосфотидилхолин, тіпті, сирек кездеседі. Гликопептидтер моно-,екі-,үш глицеридтерден тұрады.Бактериялар мембраналарында басқа да липидтер кездеседі.Олар каротиноидтер,хинондар,стериндер (микоплазмаларда).Атқаратын қызметіне қарай липидтер құрылымдық және реттеуші болып екіге бөлінеді.\r\n\r\n   Белоктар орналасуына қарай 3 түрге бөлінеді:\r\n

    \r\n

  • интегралды;
  • \r\n

  • жартылай интегралды;
  • \r\n

  • перифериялық;
  • \r\n

\r\n   Интегралды белоктар гидрофобты, олар мембрананың ішкі жағында болады, жартылай интегралдылар мембрананың бетіне жартылай шығып тұрады, перифериялықтар түгелімен мембрананың бетінде орналасады. Мембрана белоктары ерігіш және, көбінесе, ферменттер болып келеді. Олар: АҮФ- синтетаза жүйесі, сілті және қышқыл фосфотаза, цитохромдар (а,b,с), тасымалдаушы белоктар және т.б.Бірқатар прокариоттарда мембрана жүйелері де кездеседі. Олар ЦПМ-ның протоплазма ішіне тарап, енуі арқылы пайда болады. Осындай клетка ішіндегі мембраналар түтікше, көбікше, тығыздалған көбікше (ламеллалар), қос қатпарлы мембраналар (тилакоидтер) деп аталады. Фототүзуші бактериялардың ішкі мембрана жүйесін хроматофор деп атайды, олардың ішінде жарық сіңіруші пигменттер орналасады.Нитрификациялаушы бактерияларда ішкі мембрана жүйесі өте жақсы дамыған, текшеленген ламеллалар сияқты. Олар клетканың шеткі жиектерінде, ортасында немесе тек бір жақ шетінде орналасады.\r\n\r\n   Цитоплазмалық мембрананың атқаратын қызметі. Ол клетканы қорғайды және сұрыптаушы барьер болып саналады, яғни органикалық және бейорганикалық молекулалардың  клеткаға кіріп-шығуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, көптеген прокариоттарда цитоплазмалық мембрана энергия алмасу процесіне қатысады – мембранада электрохимиялықэнергия түзіледі ( ∆µН+) және ∆µН+ ↔ АҮФ айналады.\r\n\r\n   Цитопазма.  Клетка ішіндегісінің бәрін протоплазма дейді. Протоплазманы екі фракцияға бөлуге болады: біріншісі – гомогенді фракция, оны цитозоль деп атайды. Оның құрамына ерігіш РНҚ, ферменттер және метаболизм өнімдері кіреді. Екінші фракция құрылымдық элементтерден тұрады. Оларға рибосомалар, генетикалық аппараттар, әр түрлі қосындылар және тек қана кейбір бактерияларда болатын мембрана жүйелері жатады.\r\n\r\n   Рибосомалар(рибонуклеоидты бөлшектер). Бактерия клеткасы рибосомаларының 80-85% мөлшерін РНҚ құрайды. Рибосоманың мөлшері 15-20нм, седиментация константасы (тыну константасы) 70S ( S — Сведберг бірлігі), сондықтан оларды 70S рибосома деп атайды. Рибосомалар екі суббөлшектен тұрады – 30S және 50S. Кіші,30S, суббөлшекте бір молекула 16S РНҚ және белоктың 21 түрінен тұрады (әрқайсысы бір-бір молекуладан). Оларды S1….S2 деп белгілейді.Үлкен суббөлшегі, 50S, РНҚ-ның екі  молекуласынан (23S және 5S) және әр түрлі 34 белоктан тұрады. Әр белок бір-бір молекуладан болады, оларды L1… L32 деп белгілейді.Рибосомаларлың саны 5000-50000 аралығында болады, ол белок түзілуінің белсенділігіне байланысты. Клетканың өсу жылдамдығы қаншалықты жоғары болса, рибосомалар саны соншалықты көп болады. Мысалы, тез өсетін, яғни, әр 35 минут сайын бөлінетін клеткада 92 мың рибосома болса, жай өсетін (тек қана 120 минут сайын бөлінетін) клеткада тек 12,5 мың рибосома болады.\r\n\r\n  Қорытынды: Цитоплазмалық мембрана клетканың міндетті компонеттеріне жатады.Цитоплазмалық мембрана бактерия цитоплазмасының сыртқы қабатын қоршап тұрады.\r\n\r\nЦитоплазмалық мембрананың атқаратын қызметі. \r\n\r\n —клетканы қорғайды;\r\n\r\n— сұрыптаушы барьер болып саналады, яғни органикалық және бейорганикалық\r\n\r\n   молекулалардың клеткаға кіріп- шығуын қамтамасыз етеді.\r\n\r\n— көптеген прокариоттарда цитоплазмалық мембранада энергия түзіледі және\r\n\r\n  айналады.\r\n\r\nБактерияның цитоплазмасы жасушаның негізгі көлемін құрайды және ерігіш белоктардан тұрады.Клетка ішіндегісінің бәрін протоплазма дейді. Протоплазманы екі фракцияға бөлуге болады: біріншісі- гомогенді фракция, оны цитозоль деп атайды. Екініші фракция құрылымдық элементтерден тұрады.\r\n\r\nСұрақтар:\r\n

    \r\n

  1. ЦПМ атқаратын қызметіне сипаттама беріңіз?
  2. \r\n

  3. ЦПМ құрамына кіретін негізгі компоненттерді атаңыз?
  4. \r\n

  5. Протоплазма мен протоплазма фракциясы түсініктерін келтіріңіз?
  6. \r\n

  7. Рибосоманың негізгі атқаратын қызметін атаңыз?
  8. \r\n

\r\nПайдаланылған әдебиеттер тізімі:\r\n\r\n1.М.Х.Шығаев, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология»\r\n\r\n2.М.В.Гусев, Л.А. «Микробиология»\r\n\r\n3.А.И.Нетрусов, И.Б.Котова «Микробиология»\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ