Бала тәрбиесіндегі тіл мен ата-баба мұрасының маңыздылығы (эссе)

0
1408
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани жаңғыруға байланысты  жаңа  технологияларды пайдалана отырып, балалардың тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту.

           Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері,ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз, яғни болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын қазақ халқының таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің  іс-тәжірибемізге, ой-санамызға, парасатымызға жүгінуі тиіс. Біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерге, адамгершілікке баули отырып, жаңа дәуір технологиясын пайдалана отырып, оны табысты игеру. Алға қойған мақсатымызды ойдағыдай жүзеге асыру үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық меңгеруіміз қажет. Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір-қасиеті рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақ өз тілін қадір тұтады.  Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Тіліміздің құндылығы бала жүрегіне сақталады. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.
         Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан  халық шығармашылығы, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, өнер көзі Тіл мәдениетін тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен роль атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді, жұмбақтарды қоржынға салып жасырып отырса, балалардың сөздік қорлары молайады.Ойыншықтар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстық заттар т.б.                Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысты болар еді, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.  Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді.  Яғни, ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын ана тілінде пайдалануға болады екен.  Сонымен қатар  қазіргі жағдайда мектеп жасына дейінгі балалардың рухани жаңғыруға байланысты тілдерін дамытумен қатар ,көзбен көріп, оны есте сақтау қабілеттерін,асық технологиясын пайдалана отырып, бүлдіршіндерді өзіміздің салт-дәстүрімізге және балалардың ойлау , сыйпап сезу, көздеп атып дәлдікті бағдарлауды және де матиматика сабағынан тақтайшаға әртүрлі шегелерді қадай отырып, жіңішке резенкені пайдаланып  түрлі геометриялық фигураларды жасап ,баланың саусақтағы ұсақ маторикасын дамытуға болады.

       Менің өзім жұмыс істейтін балабақшадағы №8 «Көгершін» ортаңғы тобында пайдаланып күнделікті бүлдіршіндермен күніне кем дегенде бір-екі қазақтың салт-дәстүріне байланысты ойындар ойнатып бүлдіршіндерді өз елін, жерін, Отанын сүюге үйретемін!!!

Мен өз тәжірибемде мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту үшін келесі ойын түрлерін қолданамын.

  1. «Қандай ойыншық жасырынып тұр?»

      Көзбен кріп, оны есте сақтау

     Ойынның мақсаты: Үстелге көп ойыншықтарды қойып балаларға көрсетіп естерінде сақтауға үйретеміз. Сол ойыншықтардан бір немесе екі ойыншықты алып жасырып қоямыз, бала қандай ойыншық жасырылғанын айтады.
  1. Қазағымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып балаларды қазақтың әртүрлі ойындарын ойнатып көрсетуге болады. Солардың бірі «Арқан тарту» ойынның мақсаты: Балалардың жылдамдығын және күштілігін, ептілігін аңғартады.
  2. «Соқыр теке» ойынының мақсаты: Балаларды қолдарының сипап-сезу мүшелері арқылы, балаларды дәлдікке және есте сақтау қабілетін арттыруға баулиды. Айта берсек ойын түрлері көп,солардың арасынан теріп жазып отырмын.

        Енді асық технологиясына келетін болсақ, асықпен ойнайтын ойын түрлері де көп. Солардың арсынан өзім күнделікті ойнатып баланың ой-өрісін дамытып жүрген ойындарымның түрлері.

4.Асықты біз математика сабағына пайдаланамыз

 1)Асықты әртүрлі түстерге бояп түстерін айырамыз, санаймыз, ,сосон түсіне қарай әртүрлі дорбаларға салып, балалардың көздерін жұмғызып,алдарына қоямыз, балалар саусақтарымен сипай отырып, дорбада не бар және неше асық бар екеніне, түсі қандай екеніне жауап береді. (Саусақ маторикасын дамытады)

5.Асықты тағы да әртүрлі ойынға пайдаланамыз

    а) (Ханталапай)

    б)(Көздеп ату)

    в) (Бес тас) т.б

  1. Ал енді матиматика сабағына қатысты тағы бір құрал-жабдығымыз, ол кішкентай тақтайшаға әртүрлі шегелерді қағып және оған әртүрлі резенкелерден геометриялық пішіндер құрастырамыз. Біздің бұл іс-әрекетіміз балалардың саусақтарының ұсақ маторикасын дамытуға бірден-бір септігін тигізеді.
Өзімнің жұмыс тәжірибем барысында қолданатын ойын түрлерінің бірі-саусақ ойыны арқылы да баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, және оны көңілді түрде ұйымдастыруға болады.

Мен жұмысымда балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу арқылы тілдерін дамыту үшін, сюжеттік-рөлді театрландырылған, саусақ ойындарының, үстел үсті ойындарын кеңінен пайдаланамын. Осы мектепке дейінгі ұйымдағы өзімнің тәжірибемдегі пайдаланған жұмыстарымды қортындылай келе, мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамыту жұмыстарында, баланың қоғамдық белсенділігін қалыптастыру. Балалардың өзара қарым-қатынастарын дамытуда, белгілі бір еңбекке баулу, әрі жетілдіру үшін ойынның маңызы өте зор деп ойлаймын. Бұл жерде басты мәселе бала болғандықтан, ойын арқылы тәрбиелеп, білім беру біздің басты міндетіміз болып табылады.

Қарағанды қаласы
КМҚК «Қарлығаш» бөбекжайы
Тәрбиеші: Адилова.Н.С

Басқа да жариялымдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ