Балабақша тәрбиешілеріне арналған онлайн олимпиада өтеді

0
5095
Балабақша тәрбиешілеріне арналған онлайн олимпиада өтеді
Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты балабақша тәрбиешілеріне арналған Республикалық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту теориясы» бойынша  қашықтық олимпиадасын ұйымдастырады. Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері қатыса алады.   

Олимпиаданың мақсаты: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің білім деңгейін тексеру және республикамыздың ең үздік педагогтарын анықтау.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Өткізілу уақыты: 10 маусым мен 3 шілде аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен 30 маманға «Үздік тәрбиеші» төсбелгісі тағайындалады. 

Балабақша тәрбиешілеріне арналған Республикалық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту теориясы» бойынша қашықтық олимпиадасының ережесі

  • Осы ереже балабақша тәрбиешілеріне арналған Республикалық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту теориясы» бойынша қашықтық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиадаға қатыстыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді;
  • Олимпиада тапсырмаларын білікті жоғарғы оқу орнының оқытушылары дайындайды;
  • Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен барлық педагог мамандары қатыса алады;
  • Олимпиада 10 маусым мен 3 шілде аралығында www.qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады;
Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
  • Балабақша педагогтарының мектепке дейінгі педагогика пәні мен ҚРЖМББ стандарты бойынша білім деңгейін тексеру;
  • Білім саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
  • ҚРЖМББ стандарты бойынша сұрақтар қою арқылы үздік мектепке дейінгі педагогты анықтау.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

  • Олимпиадаға қатысу үшін http://qaztest.kz сайтына тіркеліп аласыз;
  • Әр қатысушы жеке-жеке электронды почтасымен тіркеледі;
  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам 3 ретке дейін тест тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 45 минут беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Қатысушылардың марапат қағаздары тесттен өткеннен кейін электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.
Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.
 Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 5 шілде күні сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

24, 25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған   30 педагогқа «Үздік тәрбиеші» төсбелгісі тағайындалады.

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары тесттен өткеннен кейін электронды түрде почталарына жіберіледі және «Менің сертификатым» бөліміне сақталады.

Олимпиада жарнасын төлеу туралы ақпарат

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ұйымдастыру жарнасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1300 теңге.

Қатысушылар саны көп болса, осы төлем жасау түрін таңдаңыз! Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, біздің реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше адам қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін. 

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз! 

Қосымша реквизит:

Каспи голд:  5169 4931 3102 2470, ИИН: 870327401578 (Акгуль Зариповна)

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

Төлем түбіртегін жіберушілер үшін өтініш үлгісі
Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) 

Төлем құны мен тест саны

(1 реттік тест 500 теңге,

2 реттік тест 900 теңге) 

     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 17:00-ге дейін.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 229 63 69;

Басқа олимпиада

ПІКІР ҚАЛДЫРУ