Балаларға үйде білім беру немесе анскулинг

0
834

Анскулинг сөзі ағылшын тіліндегі «un» және «scholing» сөздерінің бірігуі арқылы жасалған болып «мектепте білім алмау» деген мағына береді. Яғни тікелей баланың мүддесін құрметтеудің маңыздылығына негізделген білім беру жүйесі.

Бұл жүйе бойынша бала отбасынан ажырамай,өз үйінде білім алу құқығына ие болады. Оған қоса қашықтан оқыту жүйесінен айырмашылығы – оқушы өз бетінше ізденеді және мектеп пәндерінің ешбірін оқымауға құқылы. Егер мектеп бағдарламасында сүйіп оқитын пәніңіз кездесе қалса, оны үйде отырып та оқып үйренесіз. Өйткені бұл жүйенің ең басты ерекшелігі – баланың қызуғышылығын дамытуға мүмкіндік беру болып саналады.

 «Анскулинг» термині алғаш рет 1970 жылдары пайда болды. Оны алғаш қолданған « үйде оқытудың әкесі» атанған тәрбиеші Джон Холтпен еді.

Жалпы зерттеулер бойынша бірнеше мың адамдардан осы жүйе бойынша сауалнама жүргізген болатын. Олардың айтуы бойынша, мектеп бағдарламасында әрбір баланың қызығушылығына негізделмейді. Оған қоса ата-аналар кейбір білім ордаларындағы бағалау жүйесімен келіспейді екен. Сол секілді көптеген пікірлер айтылған және де бір қызық жайт, «балалардың ойнауға уақытының болмауы немесе олар өзі қалаған уақыттта дем ала алмайды» – деп айтылған болатын.

Мектеп – оқушыны жеке индивид ретінде қалыптастыратын мекен. Балалар мектепке бару арқылы әлемді тани алады. Айналадағы өзі секілді құрдастарымен араласып, қоғаммен байланысқа түсетіні мәлім.

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды», демек қай жерде де тәртіп болғаны дұрыс. Дегенмен қазіргі заманның балалары өте ақылды, бірінен бірі озады. Тек оларға ата-аналары компас ретінде бағыт көрсетіп берсе болғаны. Нәтижесінде жаңа қоғам дағдысын өздері қолдан жасап алуы мүмкін.

Жер шарының 45 мемлекетінде қазіргі уақытта осы жүйе қолданысқа ие екен. Үйлерінде өз қалауынша білім алған балалардың 58%-ы жоғары оқу орындары түсіп, білімдерін одан әрі жетілдіріп жатыр.

Осы орайда көптен бері шешімін таппай жүрген мамандық таңдау жайына тоқтала кетсек. Оқушылар үшін бір мамандықты таңдау өте қиын болып көрінетін. Өзінің болашақ жұмысынан еш xабары жоқ оқушы кез келген кәсіп иесіне қызығып, ақыр соңында не істерін білмей қалатын еді. Ал үйде білім алу арқылы әр оқушы болашақ кәсібінің қыр-сырымен таныса алады. Мамандық таңдауға келгенде де еш қателеспеуі мүмкін.

Сөз соңында таяқтың екі ұшы барын ұмытпаған жөн. Әр оқушыға шектен тыс бостандық беру де басқа мәселерді тудыратыны сөзсіз. Сондықтан бір жүйені өзгертер алдында көбірек ойлануымыз керек…..


ПІКІР ҚАЛДЫРУ