2021 жылы трендте болатын мамандықтар

2
1379
Иллюстрация: Freepik.com

   Назарларыңызға 2021 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтарды ұсынамын.

SMM менеджер – ағылшын тіліндегі  Social Media Marketing деген сөздің бас әріптерінен құралған қысқарған атау. Аты айтып тұрғандай, ол әлеуметтік желілермен жұмыс істейтін маман. SEO және SMO маркетинг дегендерден ерекшелігі, бұл саланың мамандары тікелей сайтпен жұмыс жасамайды, олар сыртқы алаңдарда, яғни әлеуметтік желілерде жұмыс істеп, компанияның немесе өзі  қызмет ететін мекеменің тауарларын, не қызметін жарнамалайды, клиенттер тартады, жақсы имиджін қалыптастырады.

Копирайтер – жарнамалық мақсатта мәтін жазып сататын адам. Оның жазған мәтіні өнімнің сатылымына, компанияның танымалдығына әсер етеді. Копирайтер тапсырыс берушімен ғана емес, аудиториямен де ортақ тіл табысатын, білімді, жан-жақты болуы шарт. Ал сауатты копирайтер кілт сөздерді қолдану арқылы компанияның қызметін пайдалануға немесе өнімін сатып алуға итермелейді. Копирайтердің міндеті – тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес жазылған мәтінді белгіленген мерзімде ұсыну. Бұл мамандық тілді жақсы білуді, кәсіпке бейім, сатуға икемі болуын талап етеді.

Таргетолог – әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияға жарнама жасап, бизнеске клиент әкелуші маман. Таргетинг жарнамасын Фейсбук пен Инстаграмда және т.б әлеуметтік желілерде жасауға болады.

Графикалық дизайнер – идеялар мен хабарламалардың визуалды көрінісін қалыптастыру үшін символдарды, суреттерді және мәтінді жазады және оларды әрлеп, біріктіреді. Көрнекі композициялар жасау үшін олар типографияны, бейнелеу өнері мен парақты орналастыру әдістерін қолданады. Түс гаммаларының үйлесімді болуына аса мән береді.

Видеомонтажер – әлеуметтік желілердің дәуірі жүріп тұрған заманда сұранысқа ие мамандық. Видеоны арнайы бағдарламалардың көмегімен монтаждайтын маман. Видеомонтажердің талғамы жоғары болған сайын, жалақысы арта береді.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

2 ПІКІРЛЕР

  1. физика математикаға кандай мамандықтар жақсы қыздарға айтып кетындершы люди?✌

ПІКІР ҚАЛДЫРУ