Копирайтер деген қандай мамандық?

0
2358
Иллюстрация: Freepik.com

Қазір үйде отырып-ақ жақсы табыс табатын фрилансерлер жетіп артылады. Оларға сұраныс та көбейіп келеді. Солардың бірі – копирайтерлер. Бұл мамандық туралы не білеміз? 

Копирайтер – жарнамалық мақсатта мәтін жазып сататын адам. Оның жазған мәтіні өнімнің сатылымына, компанияның танымалдығына әсер етеді.

Копирайтердің екі түрі бар.

Біріншісі — сайт пен әлеуметтік желідегі ақпараттық мәтінді әзірлейді;

Екіншісі — жарнама мәтіндерін жазады.

Копирайтердің  қызметі?

— Ақпарат тауып, үнемі ізденісте болу;

— Жазылатын мәтіннің құрылымын жасау;

— Өз ойын ашық айтып, соны анық жеткізе білуі керек;

— Мәтінді өңдеп, түзете алуы қажет. Мүмкіндік болса, мәтінді бірден қатесіз жазғаны абзал.

— Қызықты әрі қысқа тақырып қоя алу;

— SEO мақалаларды оңтайландыру;

— Сонымен қатар, маркетинг пен сату, психология негіздерін де меңгергені жөн.

Копирайтер болу үшін не істеу қажет?

Әдеби шығармалар мен қазіргі сату өнері, бизнес — мотивация, психология кітаптарын оқығаны абзал.

Көп оқып, көп жазу керек. Арнайы ЖОО оқудың қажеті жоқ. Қазір елімізде жазу өнерін үйрететін ақылы курстар өте көп.

Копирайтердің табысы қанша? 

Олардың табысы әртүрлі болады. Өзінің жазу деңгейіне байланысты мәтінді сатады. Кемінде бір мәтін 3 мың теңгеден басталады.

Сатылатын мәтін негізінен мынандай қағидаларға негізделеді:

—  Проблеманы айта отырып, қызығушылық тудыру;

—  Проблеманың нақты шешімін ұсыну;

—  Ұсынылған шешімнің жолдарын көрсету;

— Айтылған нәрсенің бәрі рас екенін дәлелдеу.

Табысты копирайтерлер сөздің құдіретін сездіретін мынадай амал-тәсілдерді қолдануды ұсынады:

—  Не жазатыныңызды анықтап алыңыз. Қай салаға қызығасыз? Мәселен, саяхат, бизнес, музыка, кітап саласы, тағы басқа;

—  Кез келген ақпаратты сторителлинг әдісі (белгілі бір оқиғаны баяндай отырып) бойынша жеткізу;

— Қызықты тақырып қою. Тақырыбы тартпаса, мәтін де оқылмауы мүмкін.

— Қысқа әрі нұсқа жазу. Бір сөзбен айтқанда, аз сөзге көп мағына сыйғыза білу. Себебі Инстаграмдағы жазба газет-журналға шығатын мақала емес екенін ұмытпаған абзал.

— Жазып болғаннан кейін міндетті түрде бірнеше рет қайталап оқу. Мәтінді қайталап оқу барысында артық сөйлемдерді алып тастайсыз, қайталанған сөздерді синониммен ауыстырасыз.

— Жазба соңында әрекетке шақыру немесе сұрақ қою.

Маркетингті меңгерушілерге арналған орыс тіліндегі кітаптар тізімін ұсынамыз:

  1. Филип Котлер. «Основы маркетинга».
  2. Джек Траут. «Дифференцируйся или умирай! Выживание в эпоху убийственной конкуренции».
  3. Чан Ким и Рене Моборн. «Стратегия голубого океана».
  4. Джим Коллинз. «От хорошего к великому».
  5. Барден Фил. «Взлом маркетинга».
  6. Энди Серновиц. «Сарафанный маркетинг. Как умные компании заставляют о себе говорить».
  7. Аллан Диб. «Одностраничный маркетинговый план. Как найти новых клиентов, заработать больше денег и выделиться из толпы».
  8. Даниэль Канеман. «Думай медленно… решай быстро».
  9. Денис Савельев, Евгения Крюкова. «100+ хаков для интернет-маркетологов. Как получить трафик и конвертировать его в продажи».
  10. Дэвид Огилви. «Откровения рекламного агента».
  11. Карл Сьюэлл и Пол Браун. «Клиенты на всю жизнь».
  12. Малкольм Гладуэлл. «Переломный момент».
  13. Нир Эяль, Райан Хувер. «На крючке. Как создавать продукты, формирующие привычки».
  14. Бен Хант. «Конверсия сайта. Превращаем посетителей в покупателей».
  15. Игорь Манн, Елена Золина. «Фидбэк. Получите обратную связь».
  16. Марк Джеффри. «Маркетинг, основанный на данных. 15 ключевых показателей, которые должен знать каждый».
  17. Джек Митчелл. «Обнимите своих клиентов. Практика выдающегося обслуживания».
  18. «Психология убеждения», Роберт Чалдини и Ноа Гольдштейн.
  19. «Интернет-маркетинг по науке», Дэн Заррелла.
  20. «Интернет-маркетинг. Настольная книга Digital-маркетолога», Андрей Гавриков, Владимир Давыдов, Михаил Федоров.
  21. «Веб-аналитика 2.0 на практике», Авинаш Кошик.
  22. «Жёсткий SMM. Выжать из соцсетей максимум», Дэн Кеннеди, Ким Уэлш Филлипс.
  23. «Маркетинг без диплома. Просто и практично», Джон Янч.
  24. «СПИН-продажи», Нил Рекхем.
  25. «От клиента к фанату. 501 способ повышения лояльности к вашей компании», Донна Катинг.

Басқа материал:

Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

SMM маманы деген кім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ