Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

0
3634
Иллюстрация: Freepik.com

Интернет-маркетолог маманы ғаламтордағы бизнесті алға жылжытып, тұтынушы санын арттырумен айналысады.

Интернет-маркетологтың қызметі?

— Мақсатты аудиторияны қалыптастырады және оған үнемі талдау жасайды. Тұтынушыға не нәрсе қажет екенін түсініп,  аудиторияның  портретін қалыптастырады. Бұл қызмет оңай болып көрінгенімен, көп еңбек пен энергияны қажет етеді. Интернет-маркетолог болу үшін туа біткен психолог болу қажет деп жиі айтып жатады.

—  «Алға жылжу» стратегиясын әзірлеп отыруы қажет. Үнемі дамып, жаңа ақпаратты меңгере білуі шарт.

— Потенциалды клиенттермен байланыс орнату.

—  SEO, мақсатты жарнама, контексттік жарнама, Yandex.Zen, блогер жарнамасы, серіктестік маркетинг, контент-маркетинг және т.б. қызметтерді меңгеру керек.

—  Сатылым мәтіндерін жау. Яғни, копирайтерлік шеберлікті игеру.

— Креативті жарнама жасау.

— Аналитика. Талдау жасау — бұл маркетинг пен интернет-маркетингтің өте маңызды бөлігі. Yandex.Metrica, Google Analytics және басқа да бағдарламаны зерттеп, талдау жасағаны абзал.

—  Адамдарды да басқара білетін қабілет болу керек.

—  CTR, CPM, CPA, CPL, PPC, LTV . Осы және басқа да терминнің атауы мен қызметін білгені жөн.

— «Воронок продаж» әдісін меңгеру қажет.

Интернет-маркетологтың жеке қасиеттері: 

— Аналитикалық ойлау қабілетінің жоғары болуы;

— Шығармашылыққа жақын;

— Тез әрі дұрыс шешім қабылдай білуі;

— Жаңа ақпаратты тез меңгеріп, үнемі даму үстінде болуы;

— Көшбасшылық қасиет;

— Табандылық әрі тәуекелші болуы қажет.

Интернет-маркетологтың табысы қанша? 

Олардың табысы әртүрлі болады. Аlmaty.hh.kz (Работа в Казахстане) сайтының дерегі бойынша, кемінде 150 мың теңгеден басталады. Егер, ғаламтор арқылы өз кәсібіңізді дамытатын болсаңыз, бұдан  2-3 есе артық қаражат табуға болады.

Артықшылығы:

— Жоғары сұраныс пен жалақы;

— Шығармашылық жұмыс;

— Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі;

— Қызметте жетістікке жету мүмкіндігі жоғары.

Кемшілігі:

— Адамдармен көп қарым-қатынас жасау;

— Бастапқы кезеңде төмен жалақы (бұл тармақты кемшілік деп қарастыру қиын, себебі бұл кез-келген салада болады);

— Аналитика мен статистикаға байланысты күнделікті жұмыстар.

Интернет-маркетолог болу үшін не істеу қажет?

Бұл саланың маманы болу үшін ЖОО бітірудің қажеті жоқ. Ол үшін тек тәжірибе қажет.

— Интернет-маркетингті үйренгіңіз келсе, дәл қазір жеке жобаңызды құрып, оны насихаттай беріңіз. Бұл Youtube каналы, Instagram аккаунты, VK блогы , интернет дүкені немесе интернет мектебінің болуы маңызды емес. Қай желіні жақсы қолдана аласыз, сол жерден бастасаңыз болады.

— Онлайн білім алыңыз. Ақылы және тегін курстар өте көп.

— Жеке тәлімгермен жұмыс.

— Осы саланың адамдарымен байланыс орнату. Жиі әңгіме-дүкен құрып, білімді жетілдіріп отыру маңызды.

Маркетингті меңгерушілерге арналған орыс тіліндегі кітаптар тізімін ұсынамыз:

  1. Филип Котлер. «Основы маркетинга».
  2. Джек Траут. «Дифференцируйся или умирай! Выживание в эпоху убийственной конкуренции».
  3. Чан Ким и Рене Моборн. «Стратегия голубого океана».
  4. Джим Коллинз. «От хорошего к великому».
  5. Барден Фил. «Взлом маркетинга».
  6. Энди Серновиц. «Сарафанный маркетинг. Как умные компании заставляют о себе говорить».
  7. Аллан Диб. «Одностраничный маркетинговый план. Как найти новых клиентов, заработать больше денег и выделиться из толпы».
  8. Даниэль Канеман. «Думай медленно… решай быстро».
  9. Денис Савельев, Евгения Крюкова. «100+ хаков для интернет-маркетологов. Как получить трафик и конвертировать его в продажи».
  10. Дэвид Огилви. «Откровения рекламного агента».
  11. Карл Сьюэлл и Пол Браун. «Клиенты на всю жизнь».
  12. Малкольм Гладуэлл. «Переломный момент».
  13. Нир Эяль, Райан Хувер. «На крючке. Как создавать продукты, формирующие привычки».
  14. Бен Хант. «Конверсия сайта. Превращаем посетителей в покупателей».
  15. Игорь Манн, Елена Золина. «Фидбэк. Получите обратную связь».
  16. Марк Джеффри. «Маркетинг, основанный на данных. 15 ключевых показателей, которые должен знать каждый».
  17. Джек Митчелл. «Обнимите своих клиентов. Практика выдающегося обслуживания».
  18. «Психология убеждения», Роберт Чалдини и Ноа Гольдштейн.
  19. «Интернет-маркетинг по науке», Дэн Заррелла.
  20. «Интернет-маркетинг. Настольная книга Digital-маркетолога», Андрей Гавриков, Владимир Давыдов, Михаил Федоров.
  21. «Веб-аналитика 2.0 на практике», Авинаш Кошик.
  22. «Жёсткий SMM. Выжать из соцсетей максимум», Дэн Кеннеди, Ким Уэлш Филлипс.
  23. «Маркетинг без диплома. Просто и практично», Джон Янч.
  24. «СПИН-продажи», Нил Рекхем.
  25. «От клиента к фанату. 501 способ повышения лояльности к вашей компании», Донна Катинг.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ