Қара теңіз және Азов жағалауларындағы ортағасырлық көшпелілердің археологиялық ескерткіштері

0
741
Иллюстрация: Freepik.com

Б.з. ІV–V ғғ. Шығыс Еуропа, Қара теңіз бен Азов теңіздерінің аралығында археологиялық мәдениеттердің алмасуы үдерістері жүріп жатты.

IV ғасырдың аяғына қарай Еділ, Орал, Қазақстанның батыс аймақтарындағы сарматтардың мәдениеті толығымен жойылып, Украина, Молдавия, Румынияның Дунай өзенінің жағалауындағы черняхов мәдениеті жойылып, ғұндардың қоныс аударуының әсерінен басқа мәдениеттер қалыптаса бастады.

Антикалық Орта Азияда егінші тайпалардың бірнеше мәдени орталықтары қалыптасты. Кеңес дәуірінде жүргізілген қазба жұмыстары б.з.д. І мың жылдықтың екінші жартысында Орта Азия жерін мекендеген халықтар шаруашылық құрылымы жағынан екі топқа бөлінді. Ежелден егіншілік қалыптасқан аудандарда отырықшы, қалған аймақтарда көшпелі малшы тайпалар мекендеді.

Жергілікті табиғат ерекшеліктеріне қарай егіншілер мен малшы тайпалар өзара тығыз байланыста дамыды. Дегенмен, малшы тайпалар тарапынан егіншілік аймаққа үнемі қатер төніп тұрды. Олар бір-бірімен бірде достық, енді бірде соғыс жағдайында болды. Осындай қатынас Орта Азия тайпалары тарихының өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Әмударияның төменгі ағысында орналасқан ежелгі Хорезм мемлекеті қазіргі Өзбекстанның Хорезм облысы мен Қарақалпақстанды және Түрікменстанның солтүстігін қамтыды. Одан оңтүстікте бірнеше егіншілік аудандар дамыды. Олар – Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстігіндегі – Бактрия; Өзбекстан мен Тәжікстанның орталық аудандарындағы – Соғда; Түрікменстандағы Парфия мен Маргияна.

Қала тектес мекендер мен суғармалы егіншілік Орта Азия жерінде сонау жаңа тас дәуірінде қалыптаса бастаған. Б.з.д. VІІ – VІ ғасырларда Орта Азия тұрғындарының қоғамдық өмірінде, шаруашылығы мен мәдениетінде қола ғасырымен салыстырғанда елеулі өзгеріс болды.

Археологиялық материалдар құлдық қатынастардың дамып, суғармалы егіншіліктің кеңейгендігін байқатады. Қола ғасырындағы суғармалы егіншілік өзен суларының табиғи толысымен байланысты болса, антикалық дәуірде қолдан салған каналдар арқылы суғарылатын егістік алқабы көбейді. Әмударияның оң жағалауында ашылған Қой-қырылған қала, Жамбас қала каналдарының магистралдары мен олардан тараған үлкенді-кішілі көптеген арықтар суғармалы егіс алқаптарының өзен атырауын тұтас қамтығандығын көрсетеді. Б.з.д. ІV ғасырда Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысындағы суғармалы егістік даласы 3.5 млн. гектарға жетті.

Егіс даласында арпа, бидай, тары егіліп, бақтарда өрік, жүзім, алхор және шабдалы өсірілді. Ежелгі егіншілер мекендерінің қираған қалдықтары ірі каналдар мен олардың салаларының бойынан табылып, зерттелген. Солардың ішіндегі ең елеулілері – Жамбас қала Қойқырылған қала, Топырақ қала, Қызыл қала, т.б.

Осы өңірдің ең ерте егіншілік мекендері Парсы одағының гүлденген дәуірі, б.з.д. VІ-V ғасырларға жатады. Сыртқы қорғаныс қабырғасының ішкі жағында қалыңдығы 4 м келетін коридор тәріздес бөлмелерден тұратын Кюзелигыр – сол заманның қалашығы. Осы бөлмелердің арасында ішінде екі камералы ошағы бар адамдар тұруға арналған баспаналар кездеседі.

Сақ заманында кең таралған ыдыстардың сынықтары мен жебенің қоладан жасалған ұштарының көп кездесетіндігіне қарағанда қалашық б.з.д. VІ ғасырға жатады. Қалашықтың орта тұсында үлкен ғимарат орналасқан. Оның орталық сарайының көлемінің өзі 285 шаршы метр. Сәулетті үйлер мен қатар қарапайым үйлердің қатар кездесуі олардың тұрғындарының әлеуметтік деңгейінің әркелкі болғандығын білдіреді.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ