Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)

0
1650
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
— 6.1.3.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану
арқылы саяси процестерді түсіндіру;

— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.

Зерттеу сұрағы
Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай  өзгерістер болды?

Оқулық
Ноғай Ордасы. 142–145 беттер.

Тірек сөздер
— Ноғай Ордасы
— Ноғай, Едіге
— маңғыт жұрты

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2-том Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық
Ноғай Ордасының қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ мемлекеттілігінің
тарихындағы орнын көрсету үшін Ноғай Ордасының аумағы көрсетілген карта және ноғай этносаяси қауымдастығының этникалық құрамын көрсететін кесте дайындау.

Кестені дайындау үшін В. Трепавловтың (Ногайская Орда. — М., 2002.) монографиясында берілген арнайы кестені негізе алуға болады.Бұл кестеде ноғайлардың этникалық құрамы қазақ, башқұрт, қарақалпақ халықтарының этникалық құрамымен салыстырмалы түрде берілген.

Сонымен бірге қазақ әдебиетіндегі ноғайлы-қазақ деп аталатын дәуірге жататын ақынжыраулар және ноғайлардың этнографиясына қатысты арнайы слайд жасау
маңызды.

Сабақтың деректі материалдары
Ноғай Ордасының картасы, ноғайлардың этникалық құрамы туралы кесте, ноғайлы-қазақ деп аталатын дәуірге жататын ақын-жыраулар және ноғайдардың этнографиясына қатысты арнайы слайд, Едігенің портреті, “Қырымның қырық батыры” жыры туралы слайд.

Сабаққа әдістемелік нұсқау
Аралас сабақ түрін қолданып, тарихи сараптау, интербелсенді тапсырмалар, арнайы материалдармен, картамен жұмыс түрлерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Ноғай Ордасының құрылуын Алтын Орданың ыдырау үдерісімен байланыстыра отырып көрсету керек. Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге болғанымен, Ноғай Ордасы жеке мемлекет ретінде оның ұлы Нұра ад-Дин тұсында ғана бөлінгендігіне назар аудару керек.

Сонымен, бірге оқушыларға шыңғыстық идеологияға қатысты мәселелерге қайта оралып, Ноғай билеушілерінің неліктен “мырза”, “би” атанғандарын түсіндіру керек. Едігенің тарихын Әмір Темір қызметімен салыстырмалы түрде баяндауға болады.

Сабақтың барысы
Ноғай Ордасының құрылуы тарихын Алтын Орданың Тоқтамыс хан тұсындағы күрделі тарихымен байланыстары отырып баяндайды. Ноғай Ордасының аумағын картадан көрсете отырып, ноғай этносаяси қауымдастығының этникалық құрылымын, ноғай атауының пайда болуы туралы болжамдарды түсіндірумен жалғастырады.

Одан әрі Ноғай Ордасының мемлекет ретінде нығаюы мен әлсіреуінің себептерін талдап, оның ыдырау барысын көрсетеді. Сабақты қорытындылау барысында ноғайлардың бір бөлігінің қазақ хандығының құрамына қосылғандығын баяндай отырып, ноғайларға қарасты этнографиялық матариалдардан дайындалған слайд
арқылы қазақтар құрамына қосылған ноғай ру-тайпалары мен қазақ рутайпаларының этникалық шығу тегі бір екендігін түсіндіреді.

Білімді бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылау барысында мұғалім оқушылардың білімдерін қысқаша сұрақтар қою арқылы, сонымен қатар оқушылардың Ноғай ордасының жалпы тарихына қатысты сұрақтар мен оның қазақ халқының қалыптасуындағы тарихи маңызын бағалау жөніндегі аналитикалық тұжырым жасай білу мүмкіндіктеріне қарай бағалай алады.

Қосымша тапсырма
Ноғайлы-қазақ дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармашылығын пайдалана отырып осы дәуір туралы эссе дайындаңдар.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ