Ақ Орданың саяси тарихы (сабақ жоспары)

0
2342
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— 6.1.3.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру;
— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтікьқұрылымын анықтау;
— 6.3.2.5 — тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII-XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сырқы саясатын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

Оқулық
Ақ Орданың саяси тарихы. 140–142 беттер.

Тірек сөздер
— Ұрыс хан
— Барақ хан
— Қадырғали Жалайыр
— Ұлықбек, Сығанақ.

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2 –том. Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық
Ақ Орда билеушілерімен қатар билік құрған Алтын Орда хандарының кестесін дайындап іліп қою керек. Осы кесте арқылы Ақ Орда билеушілерінің ішкі саясаттағы қызметін жалпы Алтын Ордадағы жағдаймен салыстырмалы түрде баяндауға болады.

Орыс ханның шығу тегіне арналған кесте мен арнайы слайд дайындық керек. Бұл материалдар оқушыларға Орыс ханның Ақ Орда тарихындағы орны мен рөлін түсінуге және Қазақ хандығы неліктен Ақ Орданың мұрагері болып табылатындығын дұрыс түсіндіруге көмектеседі.

Сабақтың деректі материалдары
Ақ Орда халқының билік құрған жылдары көрсетілген кесте, Ақ Орда аумағы көрсетілген карта, Орыс ханның, Барақтың портреттері.

Сабаққа әдістемелік нұсқау
Аралас сабақ түрін қолданып, тарихи сараптау, интербелсенді тапсырмалар, картамен жұмыс түрлерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Ақ Орданың Орыс хан тұсында дербес мемлекетке айналуының себептерін Алтын Орданың жалпы дағдарысы мен ыдырау үдерісіне байланысты өтілген сабақпен байланыстыру керек. Көптеген мәселелерді оқушылар мұғалімнің алдын-ала дайындап келген сұрақтары бойынша талдап, қортынды жасауларына қол жеткізуге болады.

Әмір Темірдің Тоқтамысты қолдаудағы себептерін тағы бір рет талдай отырып, Тоқтамыс және оның билегеннен кейінгі Ақ Орда тарихын жалпы Алтын Орданың ыдырау үдерісінің жалпы тенденцияларымен байланысты көрсету керек.

Сабақтың барысы 
Ақ Орда хандарының кестесіне сүйене отырып, оқушыларға тарихи оқиғалардың нақты тарихи кезеңі туралы мәліметтер беруге болады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа сабақты алдын ала дайындалған сұрақтар арқылы белсенді талқылаудан босатуға болады.

Осылайша, Ақ Орданың дамуы мен оның Алтын Орда құрамымен дербес бөлініп шығуын көрсетеді. Орыс ханның Ақ Орда тарихындағы орны мен рөліне тоқтала отырып, оның шығу тегіне қатысты кестені пайдалана отырып, Орыс ханның қазақ хандары Керей мен Жәнібектің арғы аталары екендігін атап өту керек.

Барақтың өлімінен кейін Шығыс Дешті Қыпшақ, яғни Ақ Орда аумағында бұрынғы Орда Ежен әулетінің орнына Шайбан әулетінің ұрпағы келгендігін түсіндіреді.

Білімді бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылау барысында Ақ Орданың қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы рөлін талдауға бағыттау керек. Ол үшін арнайы сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімін бағалау керек.

Қосымша тапсырма
Неліктен Ақ Орда Қазақ хандығының бастамасы саналады?

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ