Ақ Орда мемлекетінің қалыптасуы (сабақ жоспары)

0
1483
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— 6.1.3.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру;

— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

—  6.3.2.5 — тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII-XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

Оқулық

Ақ Орда мемлекетінің қалыптасуы. 137–139 беттер.

Тірек сөздер: Ақ Орда, Орда Ежен, сол қанат, 92 баулы өзбек тайпаралы, Натанзи.

Ресурстар

Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық

Неліктен Ақ Орда моңғол шапқыншылығынан кейін жергілікті этникалық негізде құрылған мемлекет болып саналатындығын көрсету үшін Ақ Орда халқының этникалық құрамын көрсететін кесте дайындау керек.

Кестені Ақ Орданың этникалық құрамы туралы зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып дайындауға болады. Осылайша, карта арқылы Ақ Орданың аумағы мен этникалық құрамын көрсете отырып, оның Қазақ хандығының тікелей бастамасы болғандығын оқушыларға негіздеп көрсетуге болады.

Сабақтың деректі материалдары

Ақ Орда халқының этникалық негізін көрсететін арнайы кесте, Ақ Орда аумағы көрсетілген карта, суреттер.

Сабаққа әдістемелік нұсқау

Сабақты ұйымдастыруда пікір-талас форматын қолданып, тарихи сараптау, интербелсенді тапсырмалар, картамен жұмыс түрлерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ақ Орданың Орда Ежен ұлысы негізінде қалыптасқандығын көрсету үшін
Алтын Орданың әкімшілік құрылымын, сол қанаттың — Орда Ежен ұлысының
өзі өз ішінде ұлыстарға бөлінгендігін көрсету керек.

Ақ Орданы дербес мемлекет немесе оның Алтын Орданың бір бөлігі ретінде қарастыру керек деген тұжырымды оқушылардың өздерінің талқысына салуға болады.

Сабақтың барысы

Ақ Орда — Орда Ежен ұлысы негізінде қалыптасқандығын көрсете отырып, өткен сабақтарға шолу жасай отырып, Алтын Орданың әкімшілік құрылымының ерекшелігін қайтадан көрсету керек. Осыған орай, Ақ Орданың сол қанат ретінде Алтын Орданың бір бөлігін құрғанын көрсете отырып, Бату хан тұсындағы Алтын Орданың саяси статусын салыстыру керек.

Осы бағыттағы ойды жалғастыра отырып, Ақ Орданың да бірте-бірте Алтын
Ордадан дербестену үдерісін түсіндіруге болады.Ақ Орда атауының пайда болуын ортағасырлық деректер бойынша, көшпелілердің әлемнің бағыттарын түстермен белгілеу дәстүрімен байланысты туындағанын айтып өтуге болады.

Білімді бағалау мүмкіндіктері

Ақ Орданың Алтын Орда құрамындағы орны мен статусын, оның аумағы мен этникалық құрылымының бүгінгі қазақ елімен сабақтастығын талдау бойынша сұрақтар қоя отырып бағалауға болады.

Қосымша тапсырма

Ақ Орда атауының пайда болуын түсіндір.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ