Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)

0
1793
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
— 6.3.1.5 — Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау;
— 6.3.1.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?

Оқулық
Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы. 112–117 беттер.

Тірек сөздер
— Отырар апаты
— Жошы хан
— Мұхаммед Хорезм шах
— Қайыр хан
— Бачман

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 1-том Алматы. Атамұра. 2010. 440-453 бб.

Сабаққа дайындық
Біртұтас моңғол мемлекетінің құрған Шыңғыс ханның моңғол империясының құру жолындағы күресі мен осы бағытта жүргізген саясатының ерекшеліктерін түсіндіру үшін Шыңғыс ханның 1207-1218 жылдары және 1219-1224 жылдардағы жаулап алу жорықтарының бағыттары мен нәтижелерін салыстармалы түрде көрсеттетін кесте дайындау керек.

“Отыраропаты” деп аталған оқиғаның Қазақстан мен Орта Азия аумағын жаулап
алудағы тек сылтау болғанын түсіндіру үшін ортағасырдық деректерден (мысалы, Рашид ад-Дин, ан-Нисави, Джуздани еңбектері) үзінділер келтірілген арнайы слайд дайындауға болады. Моңғол жаулап алушылығының оң және теріс зардаптарын көрсететін арнайы кесте дайындау керек.

Сабақтың деректі материалдары
1207-1218, 1219-1224 жылдардағы Моңғол жаулап алушылығының бағыттары көрсетілген карта, Ортағасырлық деректерден үзінділер келтірілген арнайы дайындалған слайдтар, салыстырмалы кестелер, А. Әмірқұловтың “Отырардың күйреуі” (1991 ж.) фильмінен аранйы үзінді.

Сабаққа әдістемелік нұсқау
Сабақ түрін тарихи экскурс түрінде өткізуге болады. Сабақ барасында ой бөлісу, пікір алмасу, сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушыны шығармашылық тұрғыдан ізденуге бейімдеу әдістерін қолдану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер
“Киіз туырлықты халықтарды біріктіру” идеясының мәнін, Жетісу жерінің моңғолдар билігін бейбіт жолмен қабылдауының себептерін және Отырар билеушісі Қайыр ханның тарихи бейнесі қатысты күрделі мәселелерді оқушылардың дұрыс түсінуіне көмек көрсету керек.

Сабақтың барысы
Мұғалім Шыңғыс ханның біртұтас моңғол мемлекетін құрғаннан кейін кең көлемді жаулап алу соғыстарын бастауының себептерін түсіндіруден бастайды. Шыңғыс хан алдына қандай мақсат қойды? Ол тек бүкіл әлемді жаулап алуға ұмтылған ессіз жоспардың жетегінде кетті ма әлде моңғол үстіртінен тыс жерлерді аулап алу моңғол мемлекетінің ішкі және сыртқы қажеттіліктерінен туындады ма?

Жоқ, жаулап алу соғыстарының басқа да себептері болды ма деген сауалдарды талдаудан басталады. Одан әрі Шыңғыс ханның 1208-1218 жылдардағы жаулап алу соғыстарының нәтижелері мен 2019 жылы Қазақстан мен Орта Азия аумағына басып кіруінің сылтауы мен шынайы себептері айқындалады.

Өткен сабақтарға шолу жасай отырып, Қазақстан жеріндегі саяси жағдайды анықтай отырып, ата-бабамыздың моңғол шапқыншылығына қарсы ерлік күресіне тоқталу керек. Сонымен, бірге Шыңғыс хан құрған жаңа империяның түркі-моңғол халықтарының ортақ жеңісі екендігі көрсетіледі.

Бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың игерген білімін бағалау үшін алдын ала дайындалған сұрақтар арқылы оқушылардың теориялық және фактілік мариалдарды игеруі, олардың сыни және аналитикалық ойлау қабілеттері ескеріле отырып бағаланады.

Қосымша тапсырма
Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ