Шыңғыс хан империясы. Ұлыстар (сабақ жоспары)

0
1194
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
— 6.3.1.8 — Қазақстан аумағындағы мемлекттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу сұрағы
Орталық Азияға ең үлкен өзгерістерді әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?

Оқулық
Шыңғыс хан империясы. Ұлыстар. 118–122 беттер.

Тірек сөздер
— Ұлыстар
— Яса
— Құрылтай
— Ұлы хан
— Жошы ұлысы
-Шағатай ұлысы
— Қарақорым.

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық
Шыңғыс хан құрған алып империяның басқару жүйесі — ұлыстық жүйенің ерекшеліктерін көрсету үшін арнайы кесте дайындау керек. Кесте арқылы ұлыстардың өз ішінде ұсақ ұлыстарға бөлінуі орын алғанын, бірақ орталық билік Қарақорымда сақталғанын көрсетуге болады.

Сонымен бірге, Яса заңдары мен құрылтайдың моңғол империясын басқарудағы орны мен рөлін ортағасырлық деректерден арнайы үзінділер, қосымша тарихи зерттеулерден мәліметтер беру арқылы толықтыру болады.

Сонымен, бірге қазіргі Қазақстан аумағы кірген моңғол ұлыстарының шын мәнінде этникалық тұрғыдан моңғол шапқыншылығына дейінгі құрылым сақталып қалғандығын атап көрсету үшін Шыңғыс хан әр ұлына ұлыстық жер мен бірге 4 мың ғана моңғол әскерін бергені арқылы көрсету маңызды.

Сабақтың деректі материалдары
Моңғол ұлыстарының аумақтары көрсетілген карта, Яса заңдарының нормалары жазылған кесте, тарихи суреттер.

Сабаққа әдістемелік нұсқау
Сабақтың түрін аралас сабақ ретінде өткізе отырып, пікір алмасу, баяндау, ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру әдістері арқылы оқушылардың білімін шыңдау.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Моңғол империясының басқару жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның бұған дейінгі түркілік кезеңдегі түркі империяларындағы басқару
жүйесімен сабақтастығына назар аудару керек.

Мысалы, ашиналық идеология мен шыңғыстық идеологияның пайда болуы мен қызметін салыстыра отырып талдау керек.

Сонымен, қатар түркі қағанаттары мен мемлекеттеріндегі әкімшілік-басқару құрылымымен салыстырмалы түрде бере отырып, сабақтастықты көрсету арқылы зерттеу сұрағының жауабын оқушылардың өздері беруіне бағыттау керек.

Сабақтың барысы
Шыңғыс хан құрған алып империяның өз ұлдарына бөліп беруінің себептерін, олардың аумақтырын картадан көрсетеді. Қазақстан аумағының алғашында Шыңғыс ханның үш ұлының (Жошы, Шағатай, Үгедей) ұлыстарының құрамына бөлінгені, бірақ уақыт өте келе Үгедей ұлысының жойылуының себептерін түсіндереді.

Осылайша, моңғол шапқыншылығынан кейінгі қазақ жерінің дамуы Шыңғыс ханның екі ұлы — Жошы мен Шағатай ұлысында орын алған этносаяси үдерістерге тығыз байланысты екендігін баяндайды.

Моңғол империясын басқару жүйесіндегі ерекшеліктерді талдай отырып, Қарақорымдағы орталық биліктің әлсіреуінің объективті және субъективті
себептерін талдауды оқушылармен бірге жүргізеді.

Яса заңдарының маңызын көрсете отырып, оның отырықшы-егінші аудандарды халықтармен қатар, көшпелілер өмірі үшін де икемсіз, тиімсіз болғандығын заңның нормаларын нақты талқылау арқылы көрсетеді.

Моңғол империясындағы Құрылтайдың орны мен рөлін кейінгі қазақ қоғамындағы функциясымен қатар салыстырмалы түрде талдайды.

Бағалау мүмкіндіктері
Жоғарыда көрсетілген негізде білім алған оқушыларды мұғалім моңғол империясының неліктен түркі-моңғол империясы деп атаймыз деген сұраққа қатысты жауаптарын негіздей алуына байланысты бағалайды.

Ол үшін, өтілген сабақ бойынша білімді бекіту үшін интерактивті тақтадан алдын ала дайындалған сұрақтар мәтінін көрсетуе болады.

Қосымша тапсырма
Өткен сабақтардан алған білімдері мен қосымша матариалдарды пайдалана отырып, Шыңғыс ханның ұлдарының ұлыстарына кірген Қазақстан аумағында мекендеген түркі ру-тайпалары мен моңғол шапқыншылығы нәтижесінде көшіп келген тайпалардың орналасуын белгілеңдер.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ