Алтын Орда (Жошы Ұлысы) мемлекетінің құрылуы (сабақ жоспары)

0
1508
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— 6.3.1.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру;

— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.

Зерттеу сұрағы
Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

Оқулық
Алтын Орда (Жошы Ұлысы) мемлекетінің құрылуы. 123–128 беттер.

Тірек сөздер
— Алтын Орда
— Батысқа жорық
— Бату,
— Саин хан
— Сарай-Бату

— Сарай-Берке
— Берке хан
— Ноғай бүлігі

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. 2-том. Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық
Алтын Орда мемлекетінің аумағын көрсете отырып, оның орнында қазіргі кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттерді белгілеу керек.

Батысқа жорықтың нәтижелері, әсіресе орыс жерлерінің неліктен Бату әскерлері алдын төтеп бере алмауының себептерін дүниежүзі тарихы пәнімен байланыстыра отырып түсіндіру арқылы Алтын Орда құрамына бытыраңқы феодалдық иеліктер ретінде кірген орыс жерлерінің ең сонында бір орталыққа бағынған, біртұтас мемлекетке айналуының себептерін көрсете білу керек.

Алтын Орданың жеке мемлекетке айналуының барысын моңғол империясының ыдырау үдерісімен байланыста талдау маңызды.

Сабақтың деректі материалдары
Батудың басқа жорығының бағыттары, Алтын Орданың аумағы көрсетілген карталар, тарихи суреттер, Алтын Орда хандарының кестелері.

Сабаққа әдістемелік нұсқау
Сабақтың түрін ақпараттылық, шығармашылық белсенділік, сыни бағалау,
көркемсуретті ақпараттарды пайдалана отырып, тез ойлау мүмкіндігін арттыру, картаға үңілу арқылы жадты қалыптастыру бағытындағы сабақ өткізу.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Алтын Орда тақырыбындағы сабаққа дайындық барысында екі үлкен теориялық мәселені басты назарда ұстау керек.

Олардың бірі: Қазақстан аумағының ең көп бөлігі кірген Жошы ұлысы аумағындағы құрылған Алтын Орда мемлекеті — аумағы, негізгі халқы және тілі бойынша қыпшақ мемлекеті болғандығы.

Еуразия аумағында күшті мемлкетке айналған Алтын Орданың қазіргі мұрагерлерінің бірі — Қазақстан екендігін көрсету үшін картаны пайдалану маңызды.

Сонымен, бірге Орыс жерлерінің Алтын Ордаға бағыныштылығының формасы мен Алтын Орда кезеңіндегі түркі-славян мәдени интегриясының бағыттарына мен нәтижелеріне баса назар аудару керек.

Сабақтың барысы
Моңғол жаулаушылығының үшінші кезеңі болып табылатын “батысқа жорықтың” себептері мен нәтижелерін талдаудан бастайды. Батудың Еуропа түбінен Батыс жорығын аяқтап, қайта оралуының ішкі және сыртқы себептерін түсіндіреді.

Одан әрі Алтын Орда мемлекетінің құрылуы мен оның біртұтас Моңғол империясы құрамындағы орнын түсіндіре отырып, Алтын Орданыңжеке мемлекетке айналуын, моңғол империясының ыдырау үдерімен байланыстыра отырып қарастырады.

Осы арада, моңғол империясының ыдырау себептерін өткен сабақпен байланыстыра отырып, тағыда бір рет пысықтауға болады.

Алтын Орданың алғашқы билеушелері Бату мен Беркенің тарихи портреттерін салыстырмалы түрде баяндай отырып, Ноғай бүлігінің себептері талданады.

Білімді бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылау барысында мұғалім оқушылардың білімдерін қысқаша сұрақтар қою арқылы, сонымен қатар оқушылардың Аңырақай шайқасының өткен орны, тарихи маңызы мен оны ұйымдастырудағы батырлар мен билердің, хан-сұлтандардың қызметін бағалау жөніндегі аналитикалық тұжырым жасай білу мүмкіндіктеріне қарай бағалай алады.

Қосымша тапсырма
Жаңа сабақ материалдары мен өткен сабақтардан алған білімдеріңді пайдалана отырып Алтын Орда мемлекетінің негізгі халқын кімдер құрғанын талдаңдар?

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ