Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)

0
3976
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— 6.3.1.3 X–XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси
процестерді түсіндіру.

Зерттеу сұрағы:

Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлардағы саяси сахнадағы рөлі қандай?

Оқулық:

Наймандар, керейттер және жалайырлар. 71–75 беттер.

Ресурстар:

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1-кітап. – Алматы, 2016.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы.
Атамұра. 2010.
Омарбеков Т. Қазақтың шығу тегі. Алматы, 2017.

Тірек сөздер:

— Найман
— керей және жалайыр этнонимі
— Шуманақ
— Сырманақ

Көрнекілік:

— Карта, тірек-сызбалар, хронологиялық кестелер, суреттер, портреттер,
қазақ руларының шежіресі.
— Оқулықтың 75 және 78 беттеріндегі Найман және Керейт хандықтарының
карталары.

Мақсатты айқындау:

Оқушыларды найман, керейт, жалайыр мемлекеттерінің құрылу тарихымен, қоғамдық құрылысымен, шаруашылығымен және мәдениетіндегі ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық маңызы — Мемлекеттердің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы айта отырып, оқушылардың мемлекеттер тарихын салыстырып, қорытынды жасау қабілетін дамыту. Сондай-ақ, қазақ халқының этникалық құрылымының бастауы ортағасырлардағы Қазақстан территориясында мекен еткен мемлекеттер тарихымен тікелей байланыстылығын ашып көрсету.

Тәрбиелік маңызы — Қазақ халқының этникалық құрамында басты рөл атқарған найман, керейт, жалайырларда елдің басын қосып, ел бірлігі мен білімге бастаған ел басшыларының істерін үлгі ете отырып, оқушыларды білімге, ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары:

Оқытушы көрнекілік деректерін пайдалана отырып, найман, керейт, жалайырлардың мемлекеттік құрылымын, шекарасы мен орналасу бөлігін оқушыларға нақты түсіндіреді, сондай-ақ, аталмыш үш тайпаның бүгінгі қазақ халқының қалыптасуындағы орнын ерекшелеп көрсетеді.

Осы найман, керейт типтес мемлекеттік құрылымдар кейінгі моңғол империясының саяси құрылымын қалыптастыруға да үлгі болғандығын ашып көрсетеді. Найман
этнонимінің шығуына байланысты ғалымдар арасында түрлі көзқарастардың
бар екенін ұғындырады. Сонымен бірге найман хандарының есімдері мен олардың мемлекет тарихында алатын орнын нақты деректермен баяндап айтады. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Бірінші топ наймандар, керейттер мен жалайырларға қатысты тарихи деректерден мемлекетті басқару ісіне қатысты мәліметтерді тізіп жазады.

Екінші топ керейттер мен жалайырлардың ішкі және сыртқы саясатының мәнін ашып көрсететіншығарма жазады.

Үшінші топ  найман, керей, жалайырлардың орналасуын, қай елдермен көрші болғандығын, шекарасын картаға түсіру арқылы көрсетеді.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша постер жасап, оны қорғау.

Сабақтың түрі мен әдісі:

Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

1. Найман, керей және жалайыр атауларының мағыналары
2. Бұл тайпалардың мемлекет құру тарихы
3. Осы тайпалардың алғаш Алаш қауымдастығының, онан соң қазақ
халқының қалыптасу үрдiсiне тигiзген әсерi.

Бағалау мүмкіндіктері :

Мұғалімнің төмендегідей жоспарды тақтаға жазып қоюы оқушылардың
тапсырмаларды орындауын жеңілдетеді:
1. Ортағасырлық Қазақстан тарихында қарақытай тайпаларының алатын
орнын көрсету.
2. Найман, керейт және жалайыр атауларының мағынасын түсiндiру.
3. Наймандардың, керейттердiң және жалайырлардың қоғамдық құрылымын суреттеп беру.
4. Меркiт тайпалары жайында әңгiмелеу.
5.Осы тайпалардың алғаш Алаш қауымдастығының, онан соң қазақ халқының қалыптасу үрдiсiне тигiзген әсерi қандай болғанын анықтау.

Кері байланыс:

Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.

Қосымша тапсырма:

1. Оқулық мәтінімен жұмыс.
2. Найман, керейт, жалайырлардың орналасуын картаға түсіру.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Ұлы далада қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.)
  5. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) (Сабақ жоспары)
  6. Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ