Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері (сабақ жоспары)

0
2883
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— 6.4.1.2 Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу сұрағы:
Ұлы Дала аймағында неліктен көшпелі малшаруашылығы шаруашылықтың негізгі және басты түрі болды?

Оқулық:
Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері. 49-51 беттер.

Ресурстар:
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.

Тірек сөздер:
— Көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы
— Жылқы мен қой өсіру
— Ірі қара өсіру
— Отырықшылық мәдениеті

Көрнекілік:
Оқулықтың 51-52, 53 беттеріндегі түркілердің теріден жасалған киім үлгілері мен ат-әбзелдерінің суреті. 53-54 беттердегі ежелгі түркілердің ою-өрнектері және үй бұйымдары. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы.

Мақсатты айқындау:
Ұлы Дала халықтары өміріндегі малшаруашылығының орнын, ерекшеліктерін айқындау. Сонымен бірге түркі тайпаларының дәстүрлі малшаруашылығымен қатар сауда және егіншілікпен неліктен белсенді түрде айналысқандарын білу.

Дамытушылық маңызы — Ұлы Дала аймағындағы көшпелілердің дәстүрлі
шаруашылығының бүгінгі қазақ халқының малшаруашылығын дамыту ерекшеліктерімен тарихи сабақтастығын айқындау.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылардың санасында ежелгі түркілердің дәстүрлі
малшаруашылығына және оның өзіндік ерекшеліктеріне деген құрмет сезімін
ояту. Қазақстанның малшаруашылығы өркендеген ел болып табылатынын мақтаныш етуге тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары:

Қытай жылнамалары, Араб және парсы саяхатшыларының жазбалары. Петроглиф суреттердегі түркілердің малшаруашылығымен айналысуын бейнелейтін суреттер.

Сабақтың барысы:
Оқытушы балаларды мынандай кестені толтыруға жұмылдырады.

Ұлы Дала халықтарының негізгі кәсібі және оның ерекшеліктері Дәстүрлі мал шаруашылығының Ұлы Дала халықтары өміріндегі маңызы Түркі тайпаларының сауда мен егіншілікпен айналысу ерекшеліктері

 

Сабақтың түрі мен әдісі:

Аралас. Баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

Оқытушы бүгінгі Қазақстандағы малшаруашылығын дамыту бағытының ежелден қазақтар үшін ата кәсіп болып табылатынын сабақтың өн бойында басшылыққа алуы керек.

Бағалау мүмкіндіктері:

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма: 

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ