Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары

2
3035
Freepik.com

1. Сөйлемнің стилін ажыратыңдар. Керей хан (туған жылы
белгісіз – 1473) – қазақ хандығының негізін қалаушы екі ұлы
тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы.
A. Көркем әдебиет стилі
B. Ресми ісқағаздар стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ғылыми стиль
E. Ауызекі сөйлеу стилі

2. Орфографиялық нормаға сай жазылған тіркесті көрсетіңдер.
A. 1465-жыл
B. Жәнібекхан
C. жетісу өңірі
D. Өзбек-ұлысы
E. Екі жүз мыңнан астам

3. Ойталқыға кемінде қанша адам қатысады?
A. 3-тен астам
B. 4-тен астам
C. 5-тен астам
D. 6-дан астам
E. 7-ден астам

4. Сөйлемдегі терминді анықтаңдар. Айқастың 5-раундында Г.Головкин 36-жеңісіне қол жеткізді.
A. 36-жеңісіне
B. 5-раундында
C. Қол жеткізді
D. Айқастың
E. Г.Головкин

5. Ғылыми стильдің мақсатын көрсетіңдер.
A. Әсер ету
B. Хабарлау
C. Заттың, құбылыстың жалпы ерекшелігін ашып мәлімет беру
D. Баға беру
E. Қоғамдық пікір білдіру

6. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңдар.
A. Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама».
B. 1723-жылдың көктемінде қазақ еліне жоңғарлар жеті түмен
әскерімен басып кірген еді.
C. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып
азық-түлік мал-мүлкін тартып алуды көздеді.
D. Барлық қазақ жан-жаққа тарап кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға – Қарақұмға өтеді.
E. Сөйтіп, бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
деген атауға ие болады.

7. «Ел іші – өнер кеніші» сөйлемінде сызықшаның қойылу себебін
анықтаңдар.
A. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылған.
B. Бастауыш та, баяндауыш та ілік тұлғалы зат есім болғандықтан қойылған.
C. Бастауыш атау септігіндегі сөзден, баяндауыш жіктік жалғауының 3-жағындағы атау тұлғалы сөзден болғандықтан
қойылған.
D. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылған.
E. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылған.

8. «Риторика» сөзі қай тілден алынған?
A. Көне грек
B. Латын
C. Француз
D. Ағылшын
E. Испан

9. Қосымшасы дұрыс жалғанған нұсқасын көрсетіңдер.
A. Кубоктің
B. Кубогі
C. Кубоктер
D. Кубогы
E. Кубокті

10. «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткен еліміздегі
ауқымды іс-шараны анықтаңдар.
A. Қысқы Азия ойындары
B. «ЭКСПО-2017»
C. Қысқы универсиада
D. Саммит
E. ЕҚЫҰ-ның жиыны

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

Ұқсас материал:

  1. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары

  2. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы

  3. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары

  4. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

  5. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі

  6. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері

  7. Шешендік өнер тарихы


2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ