Түргеш қағанаты (704-756 жж.) (Сабақ жоспары)

0
1922
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларға “түргеш” атауының мағынасын түсіндіру және Түргеш қағанатының Қазақстан аймағындағы Батыс Түрік қағанатының жалғасы болып табылатынын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы:
Түргеш қағанатының қашан және қалай құрылғанын және ыдырау себептерін айқында.

Оқулық
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). 30-32 бет.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.

Тірек сөздер
— Түргеш қағанаты
— Сары түргештер
— Қара түргештер
— Үшелік қаған
— Сұлу қаған

Көрнекілік. 
Оқулықтың 31 бетіндегі Түргеш қағанатының мыс теңгелері, оқулықтың
33 бетіндегі Түргеш қағанатының аумағын бейлеген карта. Кітаптар. Суреттер.
Интерактивті тақта. Бағалау парағы.

Мақсатты айқындау
Оқушыларға түргеш атауының мағынасын түсіндіру, Түргеш қағанатының
мемлекет ретінде өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Түргеш қағандарының
жат жерлік басқыншыларға — қытайларға және арабтарға қарсы ерлік
күресімен таныстыру.

Дамытушылық маңызы — Түргеш қағанатының картасын пайдалана отырып, оның бүгінгі Қазақстанның оңтүстік аймағындағы мемлекеттік құрылым
болғандығын, яғни қазақ мемлекеті тарихында алғашқы мемлекеттердің бірі
болып табылатынын түсіндіру.

Тәрбиелiк маңызы — Түргеш қағандарының туған жерді қорғауға байланысты жат жерлік басқыншыларға қарсы ерлік күрестерін баяндай отырып, оқушылардың ата-бабаның ерлік дәстүріне деген құрмет сезімін ояту.

Сабақтың деректік материалдары.
Түргеш қағанатының мыс теңгелері. Түргеш қағанаты туралы қытай
деректері.

Сабақтың барысы.
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөлініп жұмыс істеуге жұмылдырады. Алғашқы топ Түргеш қағанаты туралы жазба деректермен танысып, қағанаттың әлсіреу себептерін анықтайды. Екінші топ Түргеш қағандарының Қытайға және арабтарға қарсы ұстанымдарын айқындайды.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Түргеш қағанатының Қазақстан аумағындағы бір орталыққа бағынған
мықты мемлекет болғанын оқушыларға түсіндіру.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6
қалпағы арқылы қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ басшысының қойған бағасы Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-маларды орындауға қатысуы Бекіту сұрақ-тарына жауабы Қорытынды баға

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жаздыру.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жаздыру.

Білемін Білдім Білдім

 

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ