Көне түрік жазуы (сабақ жоспары)

0
2119
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты: 
♦ 6.2.3.1. Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы:
Екінші Шығыс Түрік қағанатын құрған және нығайтқан қандай тарихи тұлғаларды білесің?

Оқулық
Көне түрік жазуы. 27-29 бет.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.

Тірек сөздер
— Руна
— Орхон-Енисей жазбалары
— Тастағы жазбалар

Көрнекілік.
Оқулықтың 28, 29 және 30 беттеріндегі көне түркілердің жазба ескерткіштері. Орхон-Енисей жазбаларының сурет-альбомы. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы. Ұялы телефон.

Мақсатты айқындау.
Көне түркі жазуының түркі тілдес халықтардың тарихын жазудағы
маңызын және олардың ерекшеліктерін білу.

Дамытушылық маңызы — Түркі халықтарының бүгінгі мәдениетінің және рухани жетістіктерінің негізі ежелгі түркі жазуларынан бастау алатынын оқушыларға түсіндіру.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында түркі тілдес халықтардың, оның
ішінде қазақ халқының ежелгі заманғы рухани мәдениетіне деген құрмет
сезімін ояту.

Сабақтың деректік материалдары.
Руна жазулары. Орхон-Енисей жазбалары. Тастағы сына жазулар.

Сабақтың барысы.
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. Алғашқы топ руна жазуларының әріптерін қазіргі әріптермен салыстырып, оның ерекшелігін анықтайды. Ол үшін төмендегідей кестемен жұмыс істейді.

Руна жазулары Қазіргі қазақ әрпі

 

Екінші топ Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің тізімін жасайды. Бұл үшін Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне байланысты слайдты пайдалану керек. Үшінші топ түрік қоғамындағы Орхон-Енисей жазбалары табылған аймақтарды картадан белгілейді.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар Орхон-Енисей жазбалары түркі тілдес халықтардың ең алғашқы
жазба мұралары екенін ұғынуы керек.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы  қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ басшы-сының қойған бағасы Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-
маларды орындауға қатысуы
Бекіту сұрақтарына жауабы Қорытынды баға

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жаздыру.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жаздыру.

Білемін Білдім Білдім

 

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ