Екін­ші Шығыс Түрік қаға­на­ты (сабақ жоспары)

0
2090
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
♦ 6.3.1.2 VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру;
♦ 6.2.3.1 көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай
деректерден белгілі?

Оқулық
Екінші Шығыс Түрік қағанаты. 23–27 беттер.

Ресурстар
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы.
Атамұра. 2010.
История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк) Алматы,
1993.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1-кітап. – Алматы, 2016.

Көрнекілік
Оқулықтың 24-бетіндегі көне түркілердің жазба ескерткіші, оқулықтың 25-бетіндегі Күлтегін ескерткіші, оқулықтың 27-бетіндегі Тонынкөк ескерткіші.

Екінші Шығыс Түрік қағанатының аумағын көрсететін карта. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы. Ұялы телефон.

Мақсатты айқындау
Екінші Шығыс Түрік қағанатының қалай құрылғанын, Ашына Құтлық қағанның, Білге қағанның, Күлтегін батырдың Екінші Шығыс Түрік қағанатын құрудағы және нығайтудағы рөлдерін, Шығыс түріктер мемлекеттігінің қалай нығайғанын анықтау. Бұл істе Тоныкөктің және Білге қағанның тас кешендеріндегі жазулармен танысу.

Дамытушылық маңызы — Екінші Шығыс Түрік қағанатының Орталық Азияда қазіргі кезеңде өмір сүріп отырған түркі тілдес мемлекеттердің қалыптасуындағы рөлін айқындау.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында Шығыс түріктерінің мемлекетінің
және олардың қағандарынан қалған тас жазу деректерінің Қазақстан тарихы үшін аса маңыздылығын ұғындыру. Шығыс Түрік қағандарының ерлік істері негізінде оқушыларды отаншылдыққа, туған елін сүюге баулу.

Сабақтың деректік материалдары.
Тоныкөк және Күлтегін, сондай-ақ Білге қаған тас кешендеріндегі жазулар. Қытай деректері.

Сабақтың барысы. Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Ұйымдастыру. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. Олардың алғашқы тобы Елтеріс Құтлық қағанның Шығыс Түрік қағанатын қалай негіздегенін оқулықтағы мәтінге сүйене отырып “Мен – Елтеріс Құтлық қағанмын” деген тақырыпта шығарма жазады.

Оқушылардың екінші тобы Шығыс Түрік қағандарының және олардың кеңесшісі Тоныкөктің қызметін көрсететін кестені толтырады.

Тоныкөктің қызметі Қапаған қағанның қызметі Күлтегіннің қызметі

Оқушылардың үшінші тобы Екінші Шығыс Түрік қағанатының құлау себептерін анықтап шығарма жазады.
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
3. Мәтіндерді тарату.
4. Топтың жұмысын қадағалау.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас, баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы бұл сабақтың мәнін ашатын негізгі мәселе Шығыс түріктері
кешендеріндегі жазба деректер мен қытай жылнамаларындағы жазбаларды
салыстыра пайдалану екенін ескеруі керек.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары
оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс.
Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ бас-шысының қойған бағасы Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-маларды орындауға қатысуы Бекіту сұрақ-тарына жауабы Қоры-тынды баға

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жаздыру.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жаздыру.

Білемін Білдім Білдім

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ