Батыс Түрiк қағанаты (603—704 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары

0
981
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
♦ Батыс түрік қағанатының қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктерді айқындау және бұл қағанаттың мәңгілік елге айнала алмай ыдырау себептерін анықтау.

Зерттеу сұрағы:
Батыс Түрік қағанатының басқа мемлекеттік құрылымдардан өзіндік ерекшеліктері қандай?

Оқулық:
Батыс Түрік қағанаты (603—704 жж.). 16—19 беттер.

Ресурстар:
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан(Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.

Көрнекілік:
Оқулықтың 16 бетіндегі Батыс Түрік қағанатының аумағын көрсететін карта. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы.

Мақсатты айқындау.
Батыс Түрiк қағанаты атты мемлекеттiң қалай пайда болып күшейгенiн
анықтап беру және қазiргi Қазақстан орналасқан аймақтарды түрiктердiң
қалай жайлағандары, бұл мемлекеттi қандай қайраткерлердiң ұйымдастырып,
нығайтқандары туралы оқушылар бiлiмдерiн толықтыру.

Дамытушылық маңызы — қазiргi Қазақстан мен бұрынғы Батыс Түрiк қағанаты орналасқан аймақтарды өзара салыстыра қарау негiзiнде қазақтардың байырғы ата-бабаларының тарихымыздағы маңызды орнын анықтау.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында Қазақстан аймағындағы ежелгі мемлекет Батыс Түрік қағанатына деген құрметтеушiлiк сезiмiн қалыптастыру.

Сабақтың деректік материалдары.
Оқушылар назары негізінен мына дерекке аударылады: Батыс Түріктерінің
билеушісі Түрік (Дулу) қағаннан кейін іле-шала таққа отырған оның інісі
Ышбара Теліш елді басқару ісіне реформа жасады.

Қытай жылнамаларында бұл туралы былай деп жазылған: 638 жылы “әуелде Батыс Түріктің Теліш қағаны мемлекетін он ұлысқа бөліп, әр ұлысқа бірден ағаман тағайындап, оларға бірден оқ берді де, мұны Он оқ деп атады. Одан соң сол — оң қанаттарға бөлді.

Сол қанатты Бес Түрік деп атап, оларға бес тай чор қойып, Суябтың шығысына ірге тептірді. Оң қанатты Бес Нүшбе деп атап, оларға бес тай іркін тағайындады да, Сұябтың батыс жағына орналастырды. Олар жалпылай «Он оқ» деп аталды.

Сабақтың барысы.
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасайды: алғашқы топ Қазақстан картасындағы Батыс Түрік қағанаты орналасқан аймақтарды анықтаса, ал екінші топ бұл мемлекеттің неліктен “Он оқ елі” аталғанына байланысты пікірлерін дайындайды.

Сабақтың түрі мен әдісі
Сұрақ-жауап баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу.

Пән аралық байланыс: география, археология.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары:

— “Батыс Түрiк” атауының мағынасын анықтау.
— Қағанат  қашан және неге құрылғанын білу.
—  Оның кейінгі қазақ тарихы үшін маңызын түсіну.

Бағалау мүмкіндіктері

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ басшы-
сының қойған бағасы
Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-
маларды орындауға қатысуы
Бекіту сұрақтарына жауабы Қорытынды баға

 

Қосымша тапсырма

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Білемін Білдім Білдім

 

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ