Шығыс Түрiк қағанаты (сабақ жоспары)

0
544
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты
♦ Шығыс Түрік қағанатын кімдер құрғанын және оның түркі тілдес халықтар тарихындағы маңызын анықтау.

Зерттеу сұрағы:
Шығыс Түрік қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттары қандай болды?

Оқулық
Шығыс Түрік қағанаты. 20-22 бет.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк) —
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. — Алматы, 2016.

Көрнекілік.
Оқулықтың 21 бетіндегі Шығыс түріктерінің тасқа қашалған таңбасы және 21-22 беттегі ежелгі түркілер пайдаланған бұйымдар. Шығыс Түрік қағанатының аумағын көрсететін карта. Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы. Ұялы телефон.

Мақсатты айқындау
Шығыс Түрiк қағанаты атты мемлекеттiң қалай пайда болып күшейгенiн анықтап беру және бұл мемлекеттi қандай қайраткерлердiң ұйымдастырып, нығайтқандары туралы оқушылар бiлiмдерiн толықтыру.

Дамытушылық маңызы — бұрынғы Шығыс Түрiк қағанаты орналасқан аймақтарды анықтау негiзiнде байырғы ата-бабаларының тарихымыздағы маңызды орнын анықтау.

Тәрбиелiк маңызы — Шығыс Түрік қағанатына деген құрметтеушiлiк сезiмiн қалыптастыру.

Сабақтың деректік материалдары.
Қытай жылнамаларынан алынған оқулықтағы мына деректермен оқушылар жұмыс жасаулары керек: Шығыс Түрік қағанаты Орхон бойындағы елді мекендерден шығыста таулы Хинганга дейінгі Моңғолияның орталық және шығыс өңірлерін жайлап жатты.

Екі мемлекеттің өзара қарымқатынасы аса тартысты болды. Әсіресе, VІІ ғ. ортасында осы екі бауырлас ру-тайпалардан құрылған қағанаттардың арасындағы соғыс 16 жылға созылып кетті.

Таққа жаңадан отырған түркі қағандары өздерінің билігін сақтап қалуы үшін Қытайдағы Таң империясынан көмек сұрады. Олардың императорының құқықтық және саяси қолдауына ие болуға тырысты. Осыны пайдаланған Қытайдағы Таң империясы Жетісу жерін басып алып, таққа өзінің ықпалында жүрген түрік қағандарын отырғызып отырды.

Түріктер мен Таң империясының арасында да оқтын-оқтын қақтығыстар және соғыстарорын алды. Мұның өзі жаңа тайпаның — Түргештердің түріктер арасында күшейіп, VІІІ ғ. басында Жетісудағы билікті қолға алатын тайпаға айналып
келуіне тікелей ықпал жасады.

Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды. Олардың бір тобы Шығыс
түріктерінің кімдер екенін анықтап, эссе жазады. Мұндайда оқулық мәтінін пайдалану керек. 2-тобы Шығыс Түріктерінің Қытаймен қарым-қатынасының неліктен күрделі болғанын анықтайды. Мұны төмендегі кестеде көрсетеді.

Шығыс түріктерінің саясаты Олардың Қытаймен қатынастағы мақсаты Қытайды билеуші әулет Оның Шығыс түріктеріне байланыс саясаты

 

Оқушылардың 3-тобы оқулықтың 21-22 бетіндегі мәтінмен жұмыс істеп, ондағы Ел қағанның саясатына байланысты “Мен — Ел қағанмын” деген тақырыпта шығарма жазады.

Сабақтың барысы.

Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Ұйымдастыру.
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
3. Мәтіндерді тарату.
4. Топтың жұмысын қадағалау.

Сабақтың түрі мен әдісі
Жаңа сабақ.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ басшы-
сының қойған бағасы
Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-
маларды орындауға қатысуы
Бекіту сұрақ-
тарына
жауабы
Қорытынды
баға

 

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Білемін Білдім Білдім

 

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ