Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)

0
1346
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты
— 6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру.
— 6.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау.

Зерттеу сұрағы:
Көшпелі түркілер неліктен ислам дінін басқа діни наным-сенімдерден
артық көрді?

Оқулық
Ислам дінінің орнығуы. 64-66 бет.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016.

Тірек сөздер
— Ислам
— Кәпір
— Сатұқ Боғра хан

Көрнекілік.
Оқытушы слайдты пайдалана отырып құранның суретін Ұлы Дала және
Орталық Азия аймағындағы исламның қасиетті орындарының және әулеәнбиелерге орнатылған мавзолей-ескерткіштердің суреттерін пайдаланады.
Кітаптар. Суреттер. Интерактивті тақта. Бағалау парағы. Ұялы телефон.

Мақсатты айқындау
Ислам дінінің Қарахан мемлекет тұсында қабылдану себебімен және оның осы мемлекеттің халықтары өміріндегі маңызымен таныстырады.

Дамытушылық маңызы — қазіргі Қазақстан мен бұрынғы Ұлы Дала аймағындағы исламның таралуындағы жетістіктермен және бүгінгі ислам дінінің халықтарды біріктірудегі және рухани тұрғыдан тәрбиелеудегі маңызын оқушыларға ұғындырады.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында ислам дініне деген құрмет сезімін ояту.

Сабақтың деректік материалдары.
Араб және парсы саяхатшыларының жазбалары. Діни сипаттағы тарихи жазбалар: Ахмет Йассауидің, Жүсіп Баласағұнидің, Махмұд Қашқаридің еңбектерінен үзінділер.

Сабақтың барысы.
Оқытушы балаларды екі топқа бөледі. Алғашқы топ исламға дейінгі діни наным-сенімнің ерекшеліктерін көрсететін төмендегі кестені толтырады.

Исламға дейінгі діни наным-сенімдердің жағымды жақтары Исламға дейінгі діни наным-сенімдердің жағымсыз жақтары

Екінші топ төмендегідей кестені толтырады.

Ислам дінінің басқа діндерден ерекшеліктері Ислам дінінің қазақстандықтарға рухани тәрбие берудегі артықшылықтары

 

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы сабақ барысында ислам дінінің бұрынғы барлық діни нанымсенімдерден артықшылығын көрсетуге тырысуы қажет.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын
ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6
қалпағы арқылы қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ басшы-
сының қойған бағасы
Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-
маларды орындауға қатысуы
Бекіту сұрақ-
тарына
жауабы
Қорытынды
баға

 

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.
Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Ұлы далада қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.)
  5. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) (Сабақ жоспары)
  6. Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ