ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес

0
1746
Иллюстрация: Freepik.com

2018 жылы ҰБТ-дан ең алғаш 140 балл жинаған оқушы, қазіргі таңда  Сулейман Демирел университетінің студенті, Rubin jewelry зергерлік дүкенінің негізін қалаушы Шиара Құдайбергенова тестілеуде жоғары нәтиже көрсету үшін бірнеше кеңестерді ұсынды. 

Шиараның айтуынша, ҰБТ аса қиын емес.  Бұрын тек 1 рет тест тапсыра алатын. Қазір тест  тапсыратын оқушыларға 4 рет мүмкіндік беріледі. Жақсы дайындалған оқушы еш қиналмайды.

Оқушылардан: «Кітапта кездеспеген, оқымаған сұрақ келді. Таныс емес сауал бар» — деген сөздерді жиі естиміз. Шиара бұл пікірді жоққа шығарды.

Себебі, барлық сұрақ кітапта бар. Бірақ ҰБТ-да кейбір сұрақтар тереңдетіліп келеді, — Шиара.

Студенттің айтуынша, ол тестке 10-сыныптан бастап . Ол күніне кемінде 3 сағат дайындалып, жоғары балл алып, жақсы нәтиже көрсеткен.

ҰБТ тапсыратын түлекке Шиарадан кеңес: 

— Сынақ барысында уайымдамай, сабыр сақтап, позитивті ойда болу керек. Тест қаншалықты қиын болғанымен, ол мектеп бағдарламасынан еш ауытқымайды. Сондықтан да сұрақтардың басым бөлігіне дұрыс жауап бере алатыныңа сенімді бол!

— Тынбай оқып, еңбектендің, енді соның жемісін көретін сынақта қорықпай өзіңді дәлелдеп, мықты нәтиже көрсете аласың!

— 140 балл арман емес, мақсат! Осы ұранды әрдайым есте сақтап, мақсат ретінде ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетемін деп алға қарай қадам жасау керек.

— Мақсатың айқын болса, тек қана алдыға қарай әрекет етесің! Сол үшін алға! Әрекет ет, әрекетіңе қарай Алла да берекетін береді! Барлық ҰБТ тапсыратын оқушыларға сәттілік тілеймін.

— Тест тапсыруға кем дегенде бір ай қалғанда көпшіліктің ағынына ен! Өзіңе ыңғайлы күн тәртібін құрып ал, уақытында тамақ ішіп, уақытында ұйықта. Мүмкіндігінше спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеуді де ұмытпа. Сонда ғана  миың дұрыс жұмыс істейтін болады.

— Егер де ҰБТ-дан төмен балл алып қалған болсаң, мұнымен өмір бітпейтінін ешқашан естен шығарма! ҰБТ-ны қайтадан тапсыру мүмкіндігі бар, немесе оны келесі жылға да қалдыруға болады. Немесе өмірде тіпті басқа жолды таңдауға да болады ғой. Тарихта ҰБТ-сыз да талай-талай жетістіктерге жеткен немесе тамаша бизнес иесі атанған адамдар қаншама!

Басқа материал:

Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

SMM маманы деген кім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ