Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

0
282
Иллюстрация: Freepik.com

1. Адам миы барлық дене мүшелерімен салыстырғанда ең көп энергия тұтынады. Шамамен 20%.

2. Миға оттегі жеткіліксіз болса, адам есіней бастайды. Сондықтан адам есінеп, ұйқы қыса бастағанда терең дем алу керек. Сыртқа шығып, таза ауада серуендегені де пайдалы. Әйтеуір миға жеткілікті мөлшерде оттегі жеткізуі керек. Сонда ұйқысы ашылып, өзін сергек сезінеді.

3. Ми ауруды сезбейді. Сезетін тек ми қабығындағы рецепторлар.

4. Қатты стресс ми жасушаларының қызметі мен құрылысын өзгерте алады. Мәселен, кейбір адамдар ауыр стрессті басынан өткеріп, үздік туындыларын жасаса, өзгелер мүгедек болып қалады. Ми клеткасының құрылысы өзгерсе адам өмірімен қоштасып кетуі де мүмкін.

5. Интелекті жоғары адамдар интелекті төмен адамдарға қарағанда ми ауруына аз шалдығады.

6. Ағзамызға түсетiн тағам мидың жұмысына әсер етеді. Ғалымдар тағамның құрамында консерванттар, жасанды амартизаторлар мен бояғыштар бар өнімді қолданбауға кеңес береді.

Мынадай қызық зерттеу жасалынған:

Нью-Йорктегі мыңдаған студент түскі ас кезінде консервантсыз, бояғышсыз, хош иістендіргішсіз аспен тамақтанған. Сосын IQ тест тапсырған. Нәтижесінде зерттеуге қатысқан студенттер қатыспағандарға қарағанда 14% жоғары көрсеткішке ие болған.

7. Дәрігерлер ауырған адамға суды көбірек ішуге кеңес береді. Себебі мидың 75%-ы судан тұрады.

8. Ми — адам мүшесінің ең майлы жері. Оның майлылығы — 60%.

9. Алкоголь өнімдері мидағы нейрондардың арасын жалғайтын процеске кедергі жасайды. Жаңа клетканың қалыптасу процесін бояулатады.

10. Дауыстап оқу және кішкентай баламен сөйлесу ойлау мен мидың дамуына әсерін тигізеді.

11. Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туa бітеді. Тек тәрбие оны ары қарай қалай дамытатындығын көрсетеді.

12. Мидың сол бөлігі мен оң бөлігі әр кез бірлесе жұмыс істейді. Біреуі істесе, екіншісі демалады деген қате тұжырым.

13. Бес жасқа дейін екі тіл білген баланың ми құрылысы өзгеріп, бала алғыр боп өседі.

14. Ми кез келген ақпаратты баяу 0,5 м/сек немесе жылдам 120 м/сек өңдей алады. (шамамен 268 км/сағ) 

15. Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-нан 23 В-ға дейін энергия бөледі. Бұл деген бір шамды қуаттандыруға тең.

16. Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалык функциясына байланысты деп ойлап келді. Алайда ол мидың функциясына байланысты екен.

Ал, қазакемдер оны «біреу мені әңгіме ғып жатыр екен» деп түсінеді.

17. Әрдайым жаңа ойды ойластырғанда, миыңызды жаңа іске қосасыз. Энергия жұмсайсыз.

18. Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық байланыс болып табылады. Көзіңізді жұмсаңыз да, жүздеген адамның ішінен өзіңізге ең жақын адамды тауып алатыныңыз содан.

19. Көзіміз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды жарық етіп ұстайды.
Күніне орташа есеппен 20 000 рет көзді ашып жұмамыз.

20. Күлкі қарапайым қозғалыс емес. Адам күлген кезде мидың бес бөлігі қозғалады.

21. Күнде адамға орта есеппен 70 000 ой келеді. Блокнотыңыз әрқашан жаныңызда болсын. Әдемі ой келгенде, блокнотқа түртіп жүруге әдеттеніңіз.

22. Гипоталамус — алдыңғы мидың бөлігі. Ол термостат сияқты температураны реттейді. Гипоталамус сіздің денеңіздің қалыпты температурасы қанша болу керегін біледі. Егер денеңіз тым ыстық болса, гипоталамус оны терлеу арқылы көрсетеді. Егер сізге суық болса, ол діріл арқылы білдіреді. Терлеу және дірілдеу дене температурасын реттейді.

23. Мидың көлемі мен салмағы адам ақылына, тапқырлығына байланысты емес. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230 грамм болған. Адамның орташа миынан да жеңіл. Ал, көлемі қарапайым адам миындай.

24. Қаланың барлық көшелерін білетін жүргізушінің гиппокампі үлкен болады. Зерттеу көрсеткендей, ақпаратты коп жаттайтын адам миының бір бөлігі өсе береді екен.

25. Ми оттегісіз 7-8 минут өмір сүре алады. Содан кейін өле бастайды. Егер оттегі 5 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына әкеледі.

26. Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы 2-ақ пайызын құрайды. Қажетті мөлшерде тамақтанбаған бала салмағының 50%-ын жоғалтса, ми тек 15%-ынан айырылады.

27. Ми ешқашан да ұйықтамайды. Біз қалың ұйқыға кеткенде, миымыз тыным табады деген қате пікір бар. Ғалымдардың айтуы бойынша, күндізгі уақыттан гөрi түнде мидың жұмыс істеу жиілігі артады-мыс.

28. Әйелдердің әңгімесінен гөрі ер адамның әңгімесін қабылдау жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың әр бөлігіне әртүрлі әсер етеді.

Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан, оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдаланады. Өз кезегінде миға артық қимыл жасау жақпайды.

29. Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Кең ойлау және бағдарлау жағынан ердің миы әйелдікінен үстем.

30. 3 жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қараганда 3 есе көп. Егер сәби мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса, жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі екен. Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  2. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  3. SMM маманы деген кім?
  4. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  5. Web-дизайнер деген кім?
  6. Таргетологтың қызметі қандай?
  7. Контекстолог деген кім
  8. Копирайтер деген қандай мамандық?
  9. Контекстолог деген кім?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  11. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  12. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  13. Жетістікке жетелейтін 19 әдет


ПІКІР ҚАЛДЫРУ