Жетістікке жетелейтін 19 әдет

0
1719
Иллюстрация: Freepik.com

Бұл өмірде абыройлы, табысты болуды қаламайтын адам жоқ-ау, сірә. Бәрінің мақсаты сол. Дей тұрғанмен, жетістікке жету, өмірді жеңу — оңай шаруа емес. Ешбір адам аспаннан салбырап түсіп, табысты болып кетпейді. Әр күнгі, әр сәттегі әдеттерімізге мән беруіміз керек.

Назарларыңызға жетістікке жеткізетін 19 әдетті ұсынамыз. Күнделікті өміріңізге енгізіп, табысты тұлға (жан-жақты) болыңыз.

1. Әр сөзіңізге жауап беріңіз

Біреуге жоспарыңызды айтсаңыз немесе сөз берсеңіз, орындаңыз. Міндетті түрде сөзіңізде тұрыңыз. Ешқашан, ешқандай сылтау айтушы болмаңыз. «Аз сөйлеп, көп істеу» қағидасын ұстаныңыз.

2. Күнделік жүргізіңіз

Әр күні күнделікке кемі 1-2 сөйлем жазып жүріңіз. Күнделік — ойыңызды жинақтауға көмектеседі. Дамуыңызды бақылап, стресстің алдын алады.

3. Ешқашан өтірік айтпаңыз

Өтірікші — ең ұсқынсыз адам. Бір рет алдасаңыз, әдетке айналып кетуі ғажап емес. Сондықтан өтіріктен бойыңызды таза ұстаңыз.

4. Жақын достарыңызға уақыт бөліңіз

Шотыңызда 1 млрд доллар болуы мүмкін. Егер ақшаны достарыңызбен алмастырсаңыз, бақыттың не екенін ұқпаған болдыңыз.

Әр адамға дос қажет: түсінетін, сырлас, сол қалпында қабылдайтын, бақытты ететін. Ондай жақын достарға немқұрайлы қарамаңыз.

5. Хоббиіңізді тастамаңыз

Өзіңізге қатты ұнайтын хоббимен айналысыңыз. Дамытыңыз. Одан маңызды заттар көп боп көрінгенімен, хоббиді тастамаңыз. Күндердің күнінде сол хоббиіңіз үлкен жетістіктерге жол ашуы мүмкін.

6. Спортпен айналысыңыз

Жүгіріңіз, секіріңіз, велик айдаңыз, шаңғы тебіңіз, тренажер залына жазылыңыз — әйтеуір спортпен шұғылданыңыз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Белсенді болыңыз.

7. Табысты немесе табысты болуға тырысатын адамдармен араласыңыз

Егер қазіргі жағдайыңыз, өміріңіз өзіңізге ұнамаса, сізді қоршаған адамдарға көз салыңыз. Көп жағдайда өмірге наразы адамдар екенін байқайсыз. Ондай ортаны ауыстыруға тырысу керек. Белгілі бір жетістікке жеткен тұлғалармен араласыңыз. Көп ұзамай, оң әсерін сезе бастайсыз.

8. Оқыңыз

Әлеуметтік желідегі посттар саналмайды. Кітап оқыңыз. Айына кемі 2-3 кітап.

9. Мақсатыңызды нақтылаңыз

СММ мамандары «Контент план» дегенді жиі айтады. Ол — нақты жоспар. Әлеуметтік желіге салынатын посттар және уақыты белгіленіп қойылады. Бәрі алдын ала жоспарланып, ұсақ-түйегіні дейін ескеріледі.

Сол секілді, сіз де өз өміріңізді жоспарлаңыз. Мақсаттарыңызды нақтылаңыз. Уақытын белгілеңіз. Жазып қоясыз ғой. «Дедлайн» міндетті түрде болсын.

10. Уақытты тиімді пайдаланыңыз

Әр қадамыңызды жоспарлап басыңыз. 24 сағат аз көріну мүмкін. Алайда тиімді қолдансаңыз, жетіп артылады. Қажет емес, зиянды нәрселермен шұғылданып, уақыт кетірмеңіз.

11. Көрікті киініңіз

Үстіңіздегі киім және жалпы сырт келбетіңіз өзіңізге ұнаса, сенімділігіңіз жоғарылайды. Көрікті киінсеңіз, айналаңыздағылар да басқаша қабылдайтын болады. Сыйластығы артады. Адамдардың көбі сізге киім арқылы баға береді.

12. Ойланыңыз және медитация жасаңыз

Сіз әрдайым жоғары сапалы, өнімді режимде бола алмайсыз. Өз өміріңіз жайлы ойлануға уақыт арнаңыз. Онсыз өмір сабақтарын ұғып, игере алмайсыз. Сіңіре де алмайсыз.

13. Өзгелерді үйретіңіз

Кез келген істі меңгеріп жатсаңыз, басқалармен бөлісіңіз. Өзіңізді эксперт, маман санамасаңыз да, жаныңыздағыларға түсіндіріп көріңіз. Алған білімізді қызғанбаңыз. Өзгелерге түсіндіріп, үйрету арқылы, сол білімді одан да жақсы меңгеріп аласыз. Есіңізде ұзақ сақтайсыз.

14. Ойын-сауық пен көңіл көтеруді ұмытпаңыз

Соңғы рет қашан бала тәрізді көңіл көтердіңіз? Аттракционда қашан болдыңыз? Қай кезде «ақымақтық» жасадыңыз? Өзіңізге тым қатал болмаңыз. Керісінше, анда-санда балаша көңіл көтеріп, мәз болуға рұқсат беріңіз.

15. Дұрыс тамақтаныңыз

Пайдалы тағамдармен қоректенуді әдетке айналдырыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.
«Вы — то, что вы едите» деген сөз бар.

16. Әр түрлі жастағы адамдармен араласыңыз

Айналаңызда сізден жасы үлкен және едәуір кіші адамдар болсын. Барлық жастағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатыңыз. Сол кезде бір мәселеге бірнеше қырынан қарап, шешім қабылдай алатын боласыз

17. Өнерге жақын болыңыз

Музей, треатр, концерт, кинотеатрларға жиі барыңыз. Көшеде тұрып, өнер көрсететін музыкант, таланттардың өнерін тамашалаңыз. Үйден шығып, шабыт іздеңіз. Күндіз-түні жұмыс орнында отыратын адамға шабыт, желпініс, құлшыныс келмейді

18. Жоспарлаған уақытта ояныңыз

Түнде оятқыш қоясыз. «Мына уақытта оянамын» деп өзіңізге уәде бересіз. Сол уәдеңізде тұрыңыз. Мықты болыңыз.

19. Ең басты мақсатыңызды дауыстап айтыңыз

Бұл жалғаннан не қалайсыз, қандай жетістікке жеткіңіз келеді — бәрін жазыңыз. Әр таңда және жатар кезде жазғандарыңызды дауыстап оқыңыз. Даусыңызды жүрекпен естуге тырысыңыз.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  2. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  3. SMM маманы деген кім?
  4. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  5. Web-дизайнер деген кім?
  6. Таргетологтың қызметі қандай?
  7. Контекстолог деген кім
  8. Копирайтер деген қандай мамандық?
  9. Контекстолог деген кім?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  11. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  12. Мектеп оқушыларына 6 кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ