Таргетологтың қызметі қандай?

1
14997
Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргі уақытта инернет маркетингпен байланысты мамандықтарға сұраныс күн сайын артып келеді.Сұранысқа ие сондай жаңа мамандықтың бірі — таргетолог. Ол белгілі бір аудиторияға бағытталған жарнаманы орнатады. Әлеуметтік желілерде және Yandex, Google жарнама желісінде қызмет атқарады. 

Таргетологтың қызметі қандай?

Ол әлеуметтік желілерде мақсатты аудиторияға жарнама жасап бизнеске клиент әкелуші маман. Мысалы,  таргетинг жарнамасын Фэйсбук пен Инстаграмда жасауға болады ( инстаграмда отырғанда лентаңызда немесе сториезде реклама деп шығып тұрады ғой, соны Таргетолог жасайды).
— Жарнама жасайтын өнім мен нәтитжені талдайды;
— Тұтынушының тілегі мен өтінішіне мән береді;
— Тәуекелшіл болып, тәжірибе жасаудан қорықпауы керек:
— VK, Instagram, Facebook, MyTarget, TikTok, «Яндекс.Директ», Google Ads. Жарнама жасайтын желінің ережесін білу, дұрыс қолдануы\;
— Маркетинг негіздерін меңгеріп, Excel бағдарламасын қолдана алу;
— TargetHunter, Sociate, Active Traffic тағы басқа бағдарламаны қолдана білу қажет.
Қанша табыс табады?
Таргетологтар ай сайын 100000-500000 теңге аралығында табыс табады.
Таргетолог  болу үшін не істеу қажет?
— Ең бірінші әрине теория қажет.Курстарға бару керек.Немесе өз бетіңізше ютубтан сабақтар қарап бастауға болады. Сосын сол үйренгеніңізді практика жасау керек.Өз бетіңше үйренудің бір минусы жаңадан бастап жатқан соң көптеген мәселелер туындайды.Ал оны кімнен сұрарыңды білмей әлек боласың…
— Қазіргі уақытта қазақ тілді аудиторияда таргетолгтар жоқтың қасы. Оның үстіне таргетинг қызметін жасаушы SMM агенстволардың бағасы тым қымбат.
— Осыған орай сапалы әрі өте тиімді бағада таргет жарнамасын іске қосып беретін мамандар дайындау мақсатында курстар сатылады.
Таргет -ол жарнама, яғни осы интернет арқылы жарнама жасау.
Таргет жарнама кімдерге керек?
Кез -келген бизнесі бар адамдарға қажет. Бизнесті Қазақстан бойынша жарнамалап, дамытуға мүмкіндігі бар.
Қазіргі уақытта ИНСТА-ТАРГЕТОЛОГ маманы  сұранысқа ие. 

Ол  бизнес пен инстаграмнан түсетін ақша арасындағы делдал деп айтсақ болады. ⠀

Инстаграмда таргетинг жарнамасын іске қосу арқылы бизнеске клиент әкелетін маман.
 
Инста-таргетолог болудың 5 себебі: 
1.Кез-келген жерде жұмыс жасай аласыз.
Жұмыс жасау үшін сізге тек телефон, интернет қажет.
2.Үйден шықпай-ақ онлайн түрде жұмыс істеп табыс табасыз.
3.Жаңа заманауи сұранысқа ие мамандық.
Қазірдің өзінде инста-таргетолог маманына сұраныстар жетіп артылады.
4.Жұмыс кестесін өзіңіз таңдайсыз және ешқандай офис жоқ.
5.Айлық табысыңызға шектеу жоқ. Бірнеше жобамен бір уақытта айналысып қалағаныңызша табыс табысыңызды арттыра бересіз.
Осы мамандық бойынша сұраныс өте көп, сол себепті орын саны шектеулі!
Ай сайын онлайн түрде кемінде 50 000-250 000ға дейін табыс табуға болады. 
Басқа материал:

1 ПІКІР

  1. Көбірек информация болса екен SMM деген не сияқты Визуал деген не, таргетолог деген кім сияқты

ПІКІР ҚАЛДЫРУ