Web-дизайнер деген кім?

0
3869
Freepik.com

Жыл сайын сапалы және кәсіби веб-дизайнерлерге деген қажеттілік күн санап артып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын  дизайнның бұл түрі хобби деп есептелсе, қазір кәсіби мамандық ретінде қарастырылады.

Веб-дизайнер — бұл веб-сайтты өз бетінше іске қосатын және әлеуметтік желінің сәнін кіргізетін қызмет түрі. Маманның тәжірибесіне қарай, кез-келген сауатты веб-дизайнер өз клиенттерін оңай таба алады.

Веб-дизайнердің қызметі қандай?

— Сайттың макетін әзірлейді;

— Жарнама баннерін дайындайды;

— Әлеуметтік желідегі барлық суретті безендіреді (Аватар, шапка, т.б)

Веб-дизайнер нені білу керек?

— Түстің теориясы мен типографикасын меңгеру қажет;

— UX/UI туралы ойланып, сайтты қолданушы үшін ыңғайлы болуын қадағалау қажет;

— Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Adobe InDesign, Paint, Figma, GIMP, CorelDRAW, NotePad++, FineReader және Colormania, Adobe Flash, GIF Animator бағдарламасын меңгеру маңызды;

— HTML және CSS-тің бастапқы деңгейін де білгені жөн;

— Сурет салу қабілет болу қажет.

Веб-дизайнердің табысы қанша? 

Олардың табысы әртүрлі болады. Аlmaty.hh.kz (Работа в Казахстане) сайтының дерегі бойынша, кемінде 150-250 мың теңгеден басталады. Егер, ғаламтор арқылы өз кәсібіңізді дамытатын болсаңыз, бұдан  2-3 есе артық қаражат табуға болады.

Веб-дизайнер болу үшін не істеу қажет?

— Дизайнның негіздерін меңгеру қажет;

— Кейде жақсы пікір қалыптастыру үшін тегін жұмыс істеуге тура келеді;

— Портфолио дайындау керек;

Бұл саланың маманы болу үшін ЖОО бітірудің қажеті жоқ деп жиі естиміз. Десек те,  кей университеттерде дизайн мамандығы оқытылады. Бұл салаға да тәжірибе қажет. Сондай-ақ, ақылы курстарды оқып алсаңыз, артық болмайды.

Жеке қасиеттері:

— Байланысқа бейімділік, белсенділік, еңбекқорлық;

—  Шыдамдылық, креативтік, тапқырлық;

Маркетингті меңгерушілерге арналған орыс тіліндегі кітаптар тізімін ұсынамыз:

  1. Филип Котлер. «Основы маркетинга».
  2. Джек Траут. «Дифференцируйся или умирай! Выживание в эпоху убийственной конкуренции».
  3. Чан Ким и Рене Моборн. «Стратегия голубого океана».
  4. Джим Коллинз. «От хорошего к великому».
  5. Барден Фил. «Взлом маркетинга».
  6. Энди Серновиц. «Сарафанный маркетинг. Как умные компании заставляют о себе говорить».
  7. Аллан Диб. «Одностраничный маркетинговый план. Как найти новых клиентов, заработать больше денег и выделиться из толпы».
  8. Даниэль Канеман. «Думай медленно… решай быстро».
  9. Денис Савельев, Евгения Крюкова. «100+ хаков для интернет-маркетологов. Как получить трафик и конвертировать его в продажи».
  10. Дэвид Огилви. «Откровения рекламного агента».
  11. Карл Сьюэлл и Пол Браун. «Клиенты на всю жизнь».
  12. Малкольм Гладуэлл. «Переломный момент».
  13. Нир Эяль, Райан Хувер. «На крючке. Как создавать продукты, формирующие привычки».
  14. Бен Хант. «Конверсия сайта. Превращаем посетителей в покупателей».
  15. Игорь Манн, Елена Золина. «Фидбэк. Получите обратную связь».
  16. Марк Джеффри. «Маркетинг, основанный на данных. 15 ключевых показателей, которые должен знать каждый».
  17. Джек Митчелл. «Обнимите своих клиентов. Практика выдающегося обслуживания».
  18. «Психология убеждения», Роберт Чалдини и Ноа Гольдштейн.
  19. «Интернет-маркетинг по науке», Дэн Заррелла.
  20. «Интернет-маркетинг. Настольная книга Digital-маркетолога», Андрей Гавриков, Владимир Давыдов, Михаил Федоров.
  21. «Веб-аналитика 2.0 на практике», Авинаш Кошик.
  22. «Жёсткий SMM. Выжать из соцсетей максимум», Дэн Кеннеди, Ким Уэлш Филлипс.
  23. «Маркетинг без диплома. Просто и практично», Джон Янч.
  24. «СПИН-продажи», Нил Рекхем.
  25. «От клиента к фанату. 501 способ повышения лояльности к вашей компании», Донна Катинг.

Басқа материал:

Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

SMM маманы деген кім?

Копирайтер деген қандай мамандық

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ