Мектеп оқушыларына 6 кеңес

0
2613
Freepik.com

Төмендегі  айтылған кеңесті барлық оқушы жақсы  біледі. Десек те, оны жүзеге асырып жатқаны шамалы. Бірақ, біз мұны айтудан жалықпаймыз. 

  1. Баға үшін емес, біліміңді арттыру үшін оқы!

Оқушыларды көбісі қойылатын бестік үшін ғана оқиды. Төмен баға алдым деп еңсеңді еш түсірме. Алған 5-тік сенің біліміңнің көрсеткіші емес. Сондай-ақ, «Алтын белгінің» де аса қажеті жоқ. ЖОО-да оны біреу есепке алмайды. Тіпті, ұмытып та кетеді. Алтын белгі тек ата-анаң  мақтанып жүруі үшін керек.

2. Білмегеніңді сұраудан ұялма!

Кейде білмейтінімізді сыныптағы білетін оқушыдан сұрауға ұяламыз. Бұл дұрыс емес.  Білмейтініңді сұрап үйрен. Білмегенің үшін біреу сені жазаламайды, күлмейді. Кейбір оқушы «Білмейтінімді біліп қояды» деп қорқып жатады. Сұрағыңды нақты әрі түсінікті етіп қойсаң, жауап беруші қуана-қуана көмектеседі. Кейбір адамның намысы жібермейді.  Ондай мінезбен ұзаққа шаппайсың. Білім алғың келсе тәкаппарлық пен ұялудан арыл.

3. Жеке пікірің бары есіңнен шықпасын!

Сен бәрімен келісуге, шаблонды әрекет етуге міндетті емессің. Көпке қарсы келуден қамсынба. Аргументің мықты боп, өзіңдікін дұрыс деп тапсаң, сол бетіңнен қайтпа. Өз пікірі бар және оны қалай қорғауды білетін адам құрметке лайық. Саған ұнамайтын және құндылығыңа сай келмейтін істен бас тарта аласың.

4. Өзіңді кемсіту, төмендетуге жол берме!

Кінәні мойындау керек, бірақ кемсітуді сезсең, кім болса да, орнына қоюды ұмытпа. Сен қанша жерден «двоечник», бұзық болсаң да, ешқандай мұғалім сені бүкіл сыныптың алдында жаман сөз айтып, намысыңа тиюге құқылы емес. Кабинетіне апарып оңаша сөйлессін. Ата-анаң оқиға туралы хабардар болсын. Олар саған не істеу керегін айтады. Мәселенің дұрыс шешімін көрсетеді. Қиын сәттерде қолдайтын — солар.

5. Сыныптағылармен жақсы қарым-қатынаста бол!

Көбінің жақтырмайтын сыныптасы болады. «Мектеп біткен соң араласпаймын» деп ойлайды. Солай ниеттенеді. Бұл дұрыс емес!

Студенттік өмір бәрін өзгертеді. Жек көретін сыныптасың, студенттік кезде ең жақын сырласыңа айналуы ғажап емес. Ондай жағдайлар бар. Иә, сен универге барып, мықты адамдармен танысасың. Дос боласың. Алайда, олар өз сыныптасыңа жетпейді.

Сондықтан, сыныптастарыңмен қарым-қатынасыңды дұрыстауға тырыс. Мектеп бітіруіңе санаулы уақыт қалды ғой.

Өкпе-ренішің болса, кешіруге тырыс. Кешіргеніңді өзіне білдір. Бірге демалыс ұйымдастырыңдар. Сабақ көп оқығаннан ми шаршайды. Оны босатып тұру қажет. Әйтпесе, дәрістерің эффективті болмай, маңызды ақпараттарды ұмытып қаласың.

6. Дәрігерге жиі қаралып тұр.

Бірінші байлық — денсаулық. Бәрі білетін шығар, иә? Бірақ осы мақалдың мағынасына үңіліп, қаншалықты ой жүгірттік?

«ҰБТ» деп жүріп, Құдайдың аманатын естен шығарма. ҰБТ-дан құласаң, келесі жылы қайта тапсыруға мүмкіндігің бар. Ал, денсаулығыңды қайтару мүмкін емес. Стрессті жағдайда, күйзелісте жүргендегі өлетін жүйке жасушаларын қалыпқа келтіре алмайсың. Көру қабілетің нашарласа, жақсарту оңай емес.

Сол себепті, өзіңді нашар сезінсең, мотивация жоғалып, ештеңеге зауқың болмаса, дереу дәрігерге көрін. Ештеңе істегің келмесе, сенде психикалық(депрессия, нервоз) және физикалық(гипертония, эндокриндік мәселелер) ауытқу болуы мүмкін.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  2. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  3. SMM маманы деген кім?
  4. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  5. Web-дизайнер деген кім?
  6. Таргетологтың қызметі қандай?
  7. Контекстолог деген кім
  8. Копирайтер деген қандай мамандық?
  9. Контекстолог деген кім?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  11. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ