ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?

0
1562
Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ-ның оқушы психологиясына тигізетін әсері өте көп. Ұлттық тестілеуге дайындық кезінде оқушы өзінен көп өзгерісті байқайды. Төмендегі жағдайлардың бірі оқушы бойынан табылса, оның алдын алған жөн.

1. Үнемі өзіңізді басқалармен салыстырасыз.

Басқа адамдардың, әсіресе өзіңіз білетін немесе сыныптастарыңыздың  жетістіктері мен нәтижелері сіздің «самооценкаңызға» нұқсан келтіреді. Оларға қызығып та, қызғанып та қарайсыз. Сосын өзіңіздің ондай емес екеніңді байқап, реніш пайда болады. «Мен неге жоғары балл алмадым?», «Неге мен ондай емеспін?» деген сияқты сұрақтар пайда болып, қынжыласыз. Өзіңізді біреумен салыстырмаңыз!

2. Идея тым көп, бірақ әрекет аз.

Ойыңдағы идеяны жүзеге асыруға үнемі ерінесіз немесе уақытыңызды тиімді пайдалана алмайсыз.  Сосын оны басқа біреу іске асырғанда: «Бұл менің идеям еді ғой. Кезінде дәл осылай істегім келген»,— деп айта бастайсыз. Мүмкіндікті дұрыс пайдалана біл!

3. Перфекционист. 

Өзіңіздің істеген жұмысыңызға көңіліңіз толмайды. Бәрін керемет жасауым керек деп ойлайсыз. Ойыңыздағы жұмыс болмаса, мүлдем істемей қоюға әзірсіз. Нәтижесінде жұмысыңызға қанағаттанбай, бәрі керісінше болып кетеді.

4. Жақын адамдардың көңіліне қатты қарайсыз.

Бір нәрсе жасағыңыз келеді. «Супер-пупер» идея келгендей болады. Алайда ол істі жасауға дәтіңіз бармайды. Себебі жақын танысыңыз тура сондай бизнеспен айналысып бастаған. Соның көңіліне қарап, «ренжіп қалатын шығар» деп ойлап, бәсекелес  болмайсыз.

5. Жылдам нәтиже күтесіз.

Бір істі бастағанда, кездескен қиындыққа шыдай алмайсыз. Тез өзгеріс болғанын қалайсыз. Мысалы, тестке 1 ай дайындалып, жоғары балл алуды армандайсыз. Жақсы нәтиже көрсету үшін біраз уақыт қажет екенін ұмытпаңыз.

6. Жаңа істі бастауға қорқасыз!

Тәуекел жасаудан қорқасыз. Осы уақыт дейін жіберген қатені қайта жіберуге қорқасыз. Ертең, ертең деп жүре бересіз. Тіпті, дайындықтың өзін ертеңге қалдырасыз.

7. «Менде дым талант жоқ» дегенді көп айтасыз.

«Менде ешқандай талант пен құзыреттілік жоқ. Құрбы-құрдастарым бәрі бір нәрсе жасайды, дамиды, ал мен ештеңе білмеймін » дей бересіз.  Өзіңізді төмен бағалайсыз. Өзіңізді төмендете бергенше, жаңа мүмкіндікті пайдаланып көруге әрекет жасаңыз.

8. Істі соңына дейін бітірмейсіз.

Істі керемет бастап, оның соңына дейін апармайсыз. Дайындықтың өзіне 1 апта уақыт бөліп, кейін оны ұмытып кетесіз. Бұлай жасауға болмайды.

9. Ата-анаңызбен қарым-қатынас.

Ата-анамен байланысты дұрыс орнату керек. Кейде ата-анаға ренжіп, мені түсінбейді деп шағым айтасыз. Тіпті, ол кісілерге бірнәрсе үйреткіңіз келеді. Бұл дұрыс емес. Үнемі ата-аналаңызға жақсы көретініңізді айтып жүріңіз.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  2. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  3. SMM маманы деген кім?
  4. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  5. Web-дизайнер деген кім?
  6. Таргетологтың қызметі қандай?
  7. Контекстолог деген кім
  8. Копирайтер деген қандай мамандық?
  9. Контекстолог деген кім?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

ПІКІР ҚАЛДЫРУ