Қазақстандағы ең үздік 8 техникалық жоғары оқу орны

0
2361
Иллюстрация: Freepik.com

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша  (IQAA-Ranking )Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жарияланды. Сол рейтинг бойынша, ең үздік техникалық университеттер тізімін ұсынамыз:

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті

Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми кітапханасы • Martebe.kz білім сайты

Қазақ ұлттық техникалық университеті — Қазақстан РеспубликасыАлматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орныКеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды.

1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент).

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті | Государственный вуз | Технический вуз

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) – Қазақстандағы жоғары білікті мамандарды дайындайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 1953 жылы құрылған, алғашында Қарағанды тау-кен институты, 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты болды. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне айналды. Оқу процесі 12 факультетивте 57 мамандық бойынша жүргізіледі, оның 30-ы мемлекеттік тілде.

Университеттің ең маңызды ғылыми жұмыс – әрекеті 16 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша аспирантура, 4 мамандық бойынша доктарантура арқылы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау болып табылады.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Инфотабло за Т38 млн хочет купить Казахский национальный аграрный  университет в Алматы

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.

1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді.  Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.

Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті — Уикипедия

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті(ШҚТУ) – Өскемен қаласындағы техникалық және экономикалық бағыттағы мамандар даярлайтын жоғары оқу орны.

  • 1958 ж. құрылыды.
  • 1996 ж. университет мәртебесі берілген.
  • 1997 жылдан Д.Серікбаев есімімен аталады.
  • Оқу орны 1958 жылдан бері еліміз үшін 50 мыңнан астам инженерлер, тау-кен мамандарын, ақпараттық технология мен энергетика салаларының жоғары білімді мамандарын даярлады.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2020 жылғы 02 маусымдағы № 345 бұйрығымен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ КЕАҚ Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ болып қайта құрылды.

Қазіргі күні университеттің 6 мектеп, 2 факультет, әскери кафедра және Жоғары ІТ колледжы бар. Университетте 11 мыңнан астам студент оқиды. Университет базасында Қазақстанда тұңғыш рет “университет-технопарк” аталатын инновациялық университет үлгісі құрылып, Алтай ғылыми-техникалық бағы жұмыс істейді. Оқу-ғылыми-инновация-өндірістік кешен жемісті жұмыс атқарып, студенттік технологиялық бизнес инкубатор құрылған. Университет қабырғасында Жоғары технологиялар аймағы бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті — Яндекс.Карталар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ағылш. International university of information technology) — 2009 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтің және Carnegie Mellon ақпараттық технологиялар университетінің ынтымақтастығымен салынған.

Carnegie Mellon университеті алгоритмдер, компьютер желісі, үлестірімді есептеулер, бағдарламалау тілдері, робот техникасы, компьютерлік лингвистика, бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлаудан әлемде жетекші орын алады. Осындай университет ашудың мақсаты Қазақстан ақпараттық технологиялар саласындағы, әлемге әйгілі мамандар әзірлеп шығару.

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің ұйымдастырушылары «Зерде» Акционерлік Қоғамы мен Халықаралық Бизнес Университеті(UIB). Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің ректоры — Шыныбеков Дамир Абдухалиевич. Оқу мерзімі — 4 жыл. Қазақ-ағылшын және орыс-ағылшын тілдерінде оқытылады. Университет Акционерлік Қоғам болғанымен студенттерді қабылдағанда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіне қарайды.

Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

АУЭС повысил зарплату преподавателям на 30% » Матрица.kz - Информационно-аналитический портал

Алматы энергетика және байланыс университеті — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 ж. Алматы энергетика институтының (1975) негізінде құрылған. 2010 жылдың 1 маусымынан бастап университет статусын иемденді.Орта Азия энергетика мен телекоммуникация мамандарын даярлайтын бірден-бір маманданған жоғары оқу орны болып табылады. Университеттің күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерінде 22 мамандық бойынша 3000-нан астам студент оқиды (1997). Сонымен қатар ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне арналған 3 жатақхана бар.Өскемен филиалы, 3 мектеп-лицей және Қазақстанның 8 аймағындағы 32 салалық мамандыққа бейімдейтін сынып осы институт құрамына енеді.

Дәріс оқитын профессорлар мен оқытушылардың 60%-інің ғылым докторы немесе ғылым кандидаты атағы бар (1997). Институт ең жаңа оқу жабдықтарымен жарақтандырылған. 1977 — 97 жылдар аралығында институтта 1400-ден астам инженерлер, ғылыми қызметкер, өндіріс ұйымдастырушылары мен басшылары даярланды.

Алматы технологиялық университеті

Виртуалдық тур - Алматы технологиялық университеті

Алматы технологиялық университеті — технолог мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. 1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі институтының негізінде Алматы оқу-консультация пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. институттының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті | Государственный вуз | Технический вуз

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Технологиялық Университеті — Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. 1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты болып ашылған. 1996 жылы Батыс Қазақстан Аграрлық Университеті болып қайта құрылды. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамына кіріп, 2002 жылы қайтадан жеке болып, Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті атына ие болды. 2003 жылы университетке Жәңгір хан есімі берілді.

Дереккөз: Тізім egov.kz сайтынан алынды

Басқа материал:

  1. Қазақстандағы ең үздік көп салалы 10 университет
  2. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  3. SMM маманы деген кім?
  4. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  5. Web-дизайнер деген кім?
  6. Таргетологтың қызметі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ