Қазақстандағы ең үздік көп салалы 10 университет

0
3477
Иллюстрация: Freepik.com
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша  (IQAA-Ranking ) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі жасалды. Сол рейтинг бойынша, ең үздік университеттер тізімін ұсынамыз:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

КазНУ имени аль-Фараби вошел в топ-200 лучших университетов мира: 10 июня 2020, 14:28 - новости на Tengrinews.kz

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру  көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ENU.KZ | Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Еуразия ұлттық университеті — Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі. ЖОО-ның бiлiм беру саясаты әлемдiк нарықта бәсекеге түсе алатын жаңа қажеттi технологиялар мен білім, тауар және қызмет саласында білімдері жетік мамандарды даярлауға (өздігінен білім алу дағдыларын қоса алғанда) бағытталған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аса талап етілетін бiлiм беру бағдарламаларын ұсынады:техникалық, экономикалық, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық. Білім алу тек күндізгі оқу түрі бойынша жүргізіледі. Дайындық пәндері факультетке байланысты анықталады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетелдік талапкерлерге | М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 55 компьютерлік класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 1861 компьютер, олардың ішінде 1560 жаңа үлгідегі компьютерлер, 1641 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады. Университетте мансап және маркетинг орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті, кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланыс жасау негізінде университет бітірушілерінің жұмысқа орналасуына ат салысу, еңбек және білім нарығындағы қызмет көрсету мен маркетингтік зерттеулер жүргізу болып табылады. Университет ректоры — ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Уалихан Бишімбаев, әрдайым уақытпен қатар ғана жүрмей, көбінесе алдында жүреді. Отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып біздің егеменді еліміздің экономикасына ең жақсы кадрларды даярлау — бұл ОҚМУ-дің бүгінгі таңдағы миссиясы.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті

ҚарМУ жиырма жылдан бері соляркамен жылытылып келеді

ҚарМУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі. Біз заң, экономика, гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және инженерлік бағыттағы 101 мамандық бойынша күндізгі, сырттай, қысқартылған және қашықтықтан оқу түрлері бойынша дайындықты жүзеге асырамыз. Қазіргі кезде 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес біз жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асырудамыз. Бакалавриаттан кейін түлектер білім алуды магистратурада және аспирантурада мен докторантурада жалғастыра алады. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің негізгі игілігі болып саналады. Оқытушы корпусының 41 %-і ғылыми дәреже мен атаққа ие. Жыл сайын университет қызметкерлері ғылым кандидаты мен докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 30-дан аса жұмыс қорғайды. ҚарМУ-де Кандидаттық және докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс жасауда.

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Общая информация

Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесіншісі орынға енді.  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті — әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті | Государственный вуз | Многопрофильный вуз

Университетте бакалавриатта – 40, магистратурада – 18 мамандық бойынша кадр даярлау жүзеге асырылады. 2 ғылыми мамандық бойынша доктарантура, 12 ғылыми мамандықта аспирантура жұмыс істейді. Университет 1952 жылдан бері Қазақстанның шығыс өңірлері үшін 50 мыңнан аса маман даярлап шығарды. Қазіргі күні 8 факультеті мен көпсалалы колледжінде 11 мыңнан астам студент оқиды. 34 кафедрада 800-ден астам оқытушы еңбек етуде. Университеттің ғылыми және оқытушылық ұжымын қалыптастыруда елімізге белгілі ғалымдар: Е. МәмбетқазиевЖ.УәлиевА. Темірбеков, т.б. үлкен еңбек етті.

Сүлейман Демирел атындағы университет

СДУ Журналистика мектебінде оқудың 5 артықшылықтары – Бағдар

Сулеймен Демирел атындағы Университет, СДУ (ағылш. Suleyman Demirel University, SDUорыс. Университет имени Сулеймана Демиреля) — Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орны. Университетті 1996 жылы 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сүлеймен Демирел ашты. СДУ – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қолжетімді бағалармен бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламалары саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жауапты, сондай-ақ мемлекеттегі және әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген.

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

ТарГУ] Таразский государственный университет имени Мухаммеда Хайдара Дулати / Университеты / СтудЛайф

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Республикамыздағы ең ірі жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет 138 мамандық бойынша бакалавриат, 107 мамандық бойынша магистратура және 14 мамандық бойынша PһD – доктарантура мамандарын дайындайды. Сонымен қатар, университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Университетте 60 кафедраны біріктіретін 6 факультет, 2 институт және колледж бар. Оқытушылар мен білімгерлер Платонус және Портал жүйелері арқылы ақпаратпен алмасады. 2020 жылғы дерек бойынша университеттің 37 ғимаратында, 963 оқытушылардан 19620 бакалавр, 631 магистр, 50 докторант студент білім алады.

Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Бүгінгі таңда университет сәулетті 3 ғимаратта орналасқан. 6 факультет бар: педагогика және психология, математика және жаратылыстану, заң, қаржы-экономика, гуманитарлық, мәдениет және өнер. Онда 41 мамандық бойынша 5809 студент білім алып жатыр. Оның 3085 күндізгі, 2724-і сырттайғы бөлімде оқиды. Университетте 350-ден астам оқытушы қызмет етеді, олардың 10-ы ҚР-ның Ғылым академиясы салаларының және халықаралық академиялардың корреспондент мүшелері, 21-і профессор — доктор, 1-философия ғылымдарының докторы (Ph.D) 120 ғылым кандидаттары, 25 –і магистр, 80-і доцент.  Университет үздіксіз білім беруді жүзеге асырады. Колледж, университет, магистратура кешенді білім берудің жаңа үлгісі. Жетісу мемлекеттік университетінде студенттер 41 мамандық бойынша бакалавриат, 6 мамандық бойынша магистратура, 14 мамандық бойынша колледже білім алады.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті — Яндекс.Карталар

Шәкәрім университеті 1995 жылы педагогикалық, зоотехникалық-мал дәрігерлік, технологиялық университтерін біріктіру нәтижесінде құрылды. Бүгінгі таңда университет жоғарыда аталған бойынша ұзақ және бай тарихын дәріптеуде.

Семей педагогикалық институты еліміздің ең көне білім ордаларының бірі болып есептеледі. Ірге тасы 1934 жылы құрылған. Ал, Семейлік зоотехникалық институты 1952 жылы ашылса, Семей технологиялық институты тарихы 1963 жылдан бастау алады. Университет Ресей, Германия, Беларусь Республикасы, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытй, Венгрия, Түркия, Польша, Словения, Балтық жағалауы, Украина, Қырғызстан елдерінің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Университет оқытушылары мен студенттер АҚШ-та, Венгрия, Польша, Түркия, Чехия, Оңтүстік Корея елдерінде білім алуда. Университеттің белсенді студенттері өз шығармашылық қабілеттерін “Конгресс”, “Парасат”, дебат клубтарында, “Enactus”,Қазақстан студенттер альянсында, сән студиясында және басқа да жастар ұйымдарында жүзеге асыра алады.

Дереккөз: Тізім egov.kz сайтынан алынды


ПІКІР ҚАЛДЫРУ