ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

0
3612

Құрметті жас түлек!
Сіз аттанғалы отырған ҰБТ деген майданға бізде барғанбыз… Сіз сияқты бізде күндіз-түні тестті ойлап, күн санап қобалжуымыз арта түсетін. Сізде де дәл осылай шығар? ҰБТ – ны ойша жақсы тапсырғаныңызды елестетіп  жүзіңізге күлкі үйіріле бастағанда, өте алмай қалғаныңызды тағы елестете  бастайсыз… Ойдың қиялында сыныптастарыңыздан жоғары нәтижеге қол жеткізсем деп те армандайсыз.  Грант иегері атанып ауылдан  қалаға баруды жоспарлайсыз.
«Алтын белгіңізді» ақтап, Қазақстанның ең үздік университеттерінде білім алу үшін не істеу қажет?

  1. Тестке бірыңғай тест кітапшаларын және 5-11 сынып аралығындағы кітаптарды байланыстырып оқығаныңыз дұрыс;
  2. Сынақ тесттерін тапсырғанда барлығын өзіңіз істеуге тырыс. Бос уақытыңыз қалғанда ғана  достарыңызға көмектесуге болады. Әйтпесе, уақытыңызды өткізіп аласың;
  3. Сынақ тестінен кейін барлық сынақ кітапшаларындағы тест сұрақтарымен танысыңыз;
  4. Оқып, жаттаған дүниелеріңізді қайталап тұрғанда ғана  ұмытылмайды;
  5. ҰБТ пәндерінен басқа пәндерді тыс қалдырмаңыз. Ол пәндердің студент атанғаныңызда пайдасы болары анық.
  6. Дайындалу барысында 5 пәнге бірдей уақыт бөліңіз;
  7. Егер ҰБТ-ға дайындалу курстарына баратын болсаңыз, курстарға сеніп, өз бетіңізше оқымай қоюға болмайды. Өз-өзіңізді қолға алып,  уақытыңыздың барлығын дайындыққа арнасаңыз нәтиже жаман болмайды
  8. Мақсатыңыз айқын болса, армандар орындалады

Жас түлек, қамшының сабындай қысқа ғұмырда ҰБТ өмірдің тоқтауына себеп болатын қасиетті сынақ емес. ҰБТ – жай ғана бір баспалдақ. Өтсеңіз, жақсы, өтпесеңіз, ешкім сізді өмірден сызып тастамайды. Ол жай ғана балл, сан ғой. Аяғыңыз немесе қолыңыз жоқ болса, көзіңіз көрмесе, құлағыңыз естімесе не істер едіңіз? Ата-анаңыз, бауырларыңыз жоқ болса қалай болмақ? Қажетті балыңызды жинай алмасаңыз да, сіз миллиондаған адамдардан әлдеқайда бақыттысыз. Осыны ұмытпаңыз!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ