Талапкерге кеңес: математика, физика таңдаған түлектерге арналған мамандықтар тізімі

0
27939

Математика, физика пәндерін таңдаған талапкерлер техникалық мамандықты ұнататындары белгілі. Назарларыңызға 2017-2018 оқу жылында Жоғарғы оқу орнына түсу үшін емтиқан тапсыратын талапкерлерге арналған мамандықтар тізімі жарияланды. Оны «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры Мырзантай Жақып өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған мамандықтар тізімін ұсынамыз (Дегенмен ескерте кететін бір жайт, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында бұл туралы әлі ешбір ақпарат тіркелмеген.) 

5В010900 Математика математика физика

5В011000 Физика математика физика

5В011100 Информатика математика физика

5В012000 Кәсіптік оқыту математика физика

5В012600 Математика-Физика математика физика

5В012700 Математика-Информатика математика физика

5В012800 Физика-Информатика математика физика

5В060100 Математика математика физика

5В060200 Информатика математика физика

5В060300 Механика математика физика

5В060400 Физика математика физика

5В060500 Ядролық физика математика физика

5В061100 Физика және астрономия математика физика

5В070200 Автоматтандыру және басқару математика физика

5В070300 Ақпараттық жүйелер математика физика

5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету математика физика

5В070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу математика физика

5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау математика физика

5В070700 Тау-кен ісі математика физика

5В070800 Мұнай газ ісі математика физика

5В070900 Металлургия математика физика

5В071000 Материал тану және жаңа материалдар технологиясы математика физика

5В071100 Геодезия және картография математика география

5В071200 Машина жасау математика физика

5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар математика физика

5В071400 Авиациялық техника және технологиялар математика физика

5B071500 Теңіз техникасы мен технологиялар математика физика

5В071600 Аспап жасау математика физика

5В071700 Жылу энергетикасы математика физика

5В071800 Электр энергетикасы математика физика

5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар математика физика

5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы химия физика

5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы химия физика

5В072200 Полиграфия математика физика

5В072300 Техникалық физика математика физика

5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) математика физика

5В072500 Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) математика физика

5В072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы математика физика

5В072700 Азық–түлік өнімдерінің технологиясы биология химия

5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) биология химия

5В072900 Құрылыс математика физика

5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру математика физика

5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі математика физика

5В073200 Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) математика физика

5В073300 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы математика физика

5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту химия физика

5В073800 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы математика физика

5B074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану математика физика

5В074500 Көлік құрылысы математика физика

5В074600 Ғарыш техникасы және технологиялары математика физика

5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы биология химия

5В075000 Метрология математика физика

5В075200 Инженерлік жүйелер және желілер математика физика

5В075300 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы химия физика

5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану математика физика

5В080600 Аграрлық техника және технология математика физика

5В081000 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау математика физика

5В081200 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету математика физика

5В090900 Логистика (сала бойынша) математика география

5В100100 Өрт қауіпсіздігі математика физика

5В100200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері математика физика

Әзірлеген: Жансая Ысқақ

Дереккөз: Мырзантай Жақыптың facebook.com парақшасынан алынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ