Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап

0
2635
Иллюстрация: Freepik.com

Осы уақытқа дейін математикамен достаса алмасаңыз, тіл табысып кетуге әлі де кеш емес. Математиканы жеңіл әрі қызықты етіп түсіндіретін, есеп шығаруға деген көзқарасыңызды өзгертетін 7 кітапты ұсынамыз:

1. «Математик сияқты ойлан» кітабы. Авторы — Барбара Оакли (Думай как математик)

«Математиктер — таңғажайып интеллектуал қабілетке ие адамдар. Ондай қабілетті бала кезден жетілдіру керек. Кез келген адамда математикалық ойлау жүйесі бола  бермейді» деген жаңсақ пікір қалыптасқан.

Алайда Америкалық ғалым, инженер Барбара Оакли әр адам өзінің ойлау жүйесін өзгерте алатындығын айтады. Және де әрбір адам барлық нақты ғылым мамандарының қолданатын тәсілдерін игере алатындығын дәлелдейді. Кітап өте қызықты, пайдалы ақпараттарға толы.

Думай как математик. Как решать любые задачи быстрее и эффективнее - рецензия - Психология эффективной жизни - онлайн-журнал

2. «Математика дегеніміз не?» кітабы. Авторлары — Р. Курант, Г. Роббинс (Что такое математика?)

Әйгілі математик Рихард Куранттың Герберт Роббинспен жазған кітабында сандар теориясы, комбинаторика, эквлидтік геометрия, проективті геометрия, эквлидтік емес геометрия, дифференциалды геометрия және топология, алгебралық топология, математикалық анализ тақырыптары қамтылған.

Оқырман қарапайым ұғымдардан бастап, қазіргі ғылымның маңызды салалары жайында толық мәліметтер ала алады. Кітап өте түсінікті тілде жазылған. Математика саласындағы классикаға айналған шығарма.

Книга «Что такое математика?» Риxард Курант, купить на YAKABOO.ua | 978-5-4439-0628-7

3. «Х-тен ләззат ал» кітабы. Авторы — Стивен Строгац (Удовольствие от Х)

2010 жылы С.Строгац The New York Times газетіне математика негіздері туралы бірқатар мақалалар жазады. Мақалалар оқырман тарапынан өте жоғары деңгейде бағаланады. Жарияланған әр мақала ең оқылымды мақалаға айналып, жүздеген пікір жазылған. Оқырмандар хат жазып, автордан тағы да жаңа материал жазуын талап ете бастайды. «Х-тен ләззат ал» кітабы осындай махаббатпен жарық көрген.

Удовольствие от x. Увлекательная экскурсия в мир математики от одного из лучших преподавателей в мире купить по низкой цене в Москве и других регионах России в интернет-магазине Top-Shop
4. «Ойын теориясы» кітабы. Авторлары — Авинаш Диксит, Барри Нейлбафф (Теория игр)

Әскер басшысынан бастап, карта ойыншысына дейін барлығының басында бір ескі проблема бар: «егер қарсыластың не ойлайтынын білмесең, қандай стратегия қолдануға болады?» Мұндай мәселелерді қарастыратын қолданбалы математиканың «ойын теориясы» деген бөлімі бар.

Бір адамның жеңісі екінші адамның жеңілісіне тең болатын ережені алғаш рет математиктер 1920 жылдары ойлап тапты. А.Диксит пен Б.Нейлбафф бірігіп жазған кітаптары стратегияны жақсы көретін кез келген оқырманға арналған.

Саммари: Теория игр - Авинаш Камалакар Диксит и Барри Дж. Нейлбафф - YouTube

5. «Ұлы математика». Пифагордан 57 өлшемді нысандарға дейін кітабы. Авторы — Клиффорд Пиковер (Великая математика)

Кітапта математиканың дамуына байланысты 250 иллюстрациялы тарихи эссе берілген. Әрбір эсседе математикалық жетістіктердің квинтэссенциясын көрсетеді.

Авторы К.Пиковер — ғылымды дәріптеуші, тамаша журналист. Йель университетінің түлегі. Математика, физика, дін, медицина, информатика және т. б ғылым салалары бойынша 40-тан астам танымал ғылыми кітаптар жазған. Көпшілігі шет тілдеріне аударылған.

«Ұлы математика» кітабы математикамен әуестенетін барлық оқырманға арналған.

Книга: "Великая математика. От Пифагора до 57-мерных объектов. 250 основных вех в истории математики" - Клиффорд Пиковер. Купить книгу, читать рецензии | The Math Book. From Pythagoras to the 57th Dimension, 250

6. «Ғажайып сандар» кітабы. Авторы — Стюарт Иен (Невероятные числа)

Жай сандар заңдылықтары, Ферма теоремасы, Пуанкаре гипотезасы, Келлердің сфералық симметриясы, Пи санының құпиясы, аспан механикасындағы орбиталық хаос — көбіміз заманауи математиканың түсініксіз құпиялары мен жұмбақтары жайлы естігеніміз болмаса, нақты біле бермейміз. Бір қызығы, бұл ғылымның мақсаты — ең күрделі мәселелердің ішкі қарапайымдылығын ашу.

Ағылшын математигі Стюарт Иен оқырманғға психологиялық барьерді жеңуге көмектесе келе, ең қиын деген математикалық заңдылықтарды қарапайым тілде түсіндіріп береді.

Невероятные числа профессора Стюарта ≪ ∀ x, y, z

7. «Сандар сиқыры» кітабы. Авторлары — Артур Бенджамен, Майкл Шермер (Магия чисел)

Бұл кітап сізге калькулятор қолданбай-ақ, ойша тез есептеуді, үлкен сандарды есте сақтауды және математикамен рахаттануды үйретеді.

Әр адам үлкен сандарды жылдам көбейтуге, бөлуге, дәрежелеуге және басқа да амалдарды жасауға қабілетті. Бәрін ойша. Ол үшін мыңдаған мысал шешудің, жылдар бойы практика жасаудың қажеті жоқ. Жай ғана, осы кітаптағы қарапайым техникаларды меңгеріп алсаңыз жеткілікті.

РЕЦЕНЗИЯ: «Магия чисел»

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  2. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  3. SMM маманы деген кім?
  4. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  5. Web-дизайнер деген кім?
  6. Таргетологтың қызметі қандай?
  7. Контекстолог деген кім
  8. Копирайтер деген қандай мамандық?
  9. Контекстолог деген кім?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  11. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  12. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  13. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  14. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ