Мидың жұмысын жақсартатын қарапайым амалдар

0
1373
Иллюстрация: Freepik.com

Соңғы кездері ғылымда мидың жұмысына қатысты талай жаңалық ашылды. Олардың көбі ми мүмкіндігі шексіздігін, адам оны тиісті дәрежеде пайдаланбай жүргенін айтады.

Бұл — ақпараттар ғасыры. Айналамызда ақпараттың көптігі сондай, арасынан өзімізге қажеттісін іріктеп алудың өзі қиынға соғады. Әрі заманға сай болуымыз үшін бірнеше тіл меңгеруіміз керек. Жоғары дәрежеде білім алып, кәсіби өсуіміз қажет.

Қысқасы, миға салмақ салуымыз тиіс. Сондықтан нейробиолог ғалымдар, өз зерттеулерінің нәтижесінде мидың жұмысын жақсарту үшін түрлі әдістер ұсынып отыр.

Калифорния университетінің Доктор Даймонд бастаған ғалымдары қызық тәжірибе жасады. Олар ересек тышқанның миына қоршаған ортаның қаншалықты әсер ететінін зерттемек болады. Сол себепті тышқанның бірін қызылды-жасылды ойыншығы көп Диснейлендке кіргізіп, жанына бірге ойнау үшін өзге тышқандарды да жіберіп тұрды.

Ал тағы бір басқа тышқан қалыпты ортада өмір сүріп жатты. Нәтижесі қалай болды дейсіздер ғой?! Арада біраз уақыт өткенде ғалымдар екі тышқанның да миын қайта тексереді. Сөйтсе, Диснейлендтегі тышқанның миы қалыпты жағдайда өмір сүріп жатқан тышқанның миынан үлкен болып шығады.

Кейін бұл тәжірибе адамға қайталанады. Белгілі болғанындай, түрлі жаңа жерлерді көрген, әртүрлі адамдармен сөйлескен, қарым-қатынасқа түскен жанның миы үйден шықпай, тек бір істі қайталай беретін адамның миына қарағанда едәуір үлкейгені байқалған.

Бұдан шығатын қорытынды ретінде Доктор Даймонд, егер адам миының жақсы жұмыс істеуін қаласа, күнделікті бір іспен айналыса бермей, түрлі қадамдарға барып көргені жөн екенін, тіпті күнде баратын жұмысқа да әртүрлі жолмен баруға кеңес береді. Мұның өзі адам миына өзгеріс әкелсе керек. Ал миын жаттықтырмаған жанның миы сола беретін көрінеді.

Енді мидың жұмысын жақсартатын әдіс-тәсілдерге келейік. Әрине, сіздің бірнеше айға Диснейлендке немесе шетелге көшіп барып, саяхаттап қайтатын мүмкіндігіңіз жоқ шығар. Әйтсе де, түрлі тәсілдер арқылы миыңызды жақсарта түсуге жағдайыңыз бар.

Оған тіпті күніне 4-ақ минут уақыт кетеді. Бұл тақырыпқа белгілі Америка нейробиологы, Нью-Йорк университетінің профессоры Венди Сузуки өзінің «Странная девочка, которая влюбилась в мозг» атты кітабында арнайы тоқталады:

— Ғаламтордан әртүрлі бишілердің биін көріп, солармен бірге 4 минуттай қайталаңыз. Бұл
миыңыздың қозғаушы қыртысының жұмысын жақсартады.

 — Өзіңізге таңсық, бұрын мүлде дәмін татып көрмеген асхананың тамағын жеп көріңіз.
Мысалы, сіз әдетте түрік, өзбек, қазақ асханасын жақсы көресіз делік. Енді кәріс, жапон, араб секілді ұлттардың ұлттық тағамын байқап көріңіз. Өйткені, мидың жұмысын жақсартуға біздіңдәм сезу мүшеміздің де ықпалы көп екен.

— Мидың жұмысын жақсартудың түрлі тәсілдері жетерлік. Мысалы, TЕD каналдардан өзіңіз мүлде ұқпайтын тақырыптарға қатысты лекциялар көріңіз. Спектакль, радиобағдарламалардың аудиосын тыңдаңыз. Өзіңізді қызықтырмайтын спорт, экономика немесе саясат секілді тақырыптардағы мақалаларды оқыңыз.

—  Көру қыртысыңызды жақсарту үшін музейге барғаныңызда өзіңізге мүлде таныс емес, картинаның немесе өнер туындысының жанында кем деген 4 минут отырыңыз. Оның мән-мағынасына үңіліп, ой жүгіртіңіз. Бұл сізді жаңа дүниеге басқа қырынан қарауды үйретеді.

— Тіпті музейге бармасаңыз да, ғаламтордан бір қызық туындыны тауып алып, компьютеріңізде ашып қойып, бір сәт басқа әлемге саяхат жасап көрсеңіз болады.

— Мидағы есту қыртысыңызды дамыту үшін ғаламтардан кез келген музыкаға арналған
сайтты тауып алып, бұрын тыңдамаған, өзіңізге  ұнамаған жанрдағы музыканы
тыңдап көріңіз. Егер бұрын рок ұнамаған болса, оны қайта-қайта тыңдап, адамдардың не үшін бұл жанрды жақсы көретінін түсінуге тырысып көріңіз.

— Иіс сезу қыртысыңызды жақсарту үшін әдемі иістердің жанына арнайы тоқтап, терең тыныстап алыңыз. Ол таңертең жұмысқа келе жатқаныңызда жанынан өтіп бара жатқан кофейнядан шыққан кофе иісі болуы мүмкін немесе бүгін ғана сатып алған кітабыңыздан шыққан қағаз иісі. Немесе алдыңызға алған, жаңа ғана пісірілген торттың тәтті иісі шығар. Қалай болғанда да, өзіңізге жағымды иісті көргенде, тоқтай қалып, иісін сезінуді ұмытпаңыз.

Бұл әдістер тым қарапайым көрінуі мүмкін.

Алайда тұрақты істеп, мидың жұмысына мән беріп жүрсеңіз, нәтиже болары анық.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  2. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  3. SMM маманы деген кім?
  4. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  5. Web-дизайнер деген кім?
  6. Таргетологтың қызметі қандай?
  7. Контекстолог деген кім
  8. Копирайтер деген қандай мамандық?
  9. Контекстолог деген кім?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  11. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  12. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  13. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  14. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  15. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап


ПІКІР ҚАЛДЫРУ