Балықтан тапқан бақытын

2
1329

Балықтан  тапқан  бақытын

\r\n

(очерк)

\r\n \r\n\r\n      Емге бұлты жоқ,қылаусыз аспан мөлдіреп тұрғанымен,қопалы-қоғалы бұл өңір де  қыркүйектің айсыз түндері көзге түртсе көргісіз қараңғы.Шоқ-шоқ тоғайлармен тіркес-тіркес қара қопалар түнде тау сілемдеріндей жан-жақты бітеп,аспан жиегін тарылтып,түнеріп-түнеріп  тұрады.Оған  жамау  болатыны қыркүйекте  жұлдыз біткен  сирейді,дымқылы молайған күзгі аспан ауырлап қара барқын тартады,селдір тұман түседі.Осының бәрі ұлы теңіздің қылқа тамағындағы оқшау өңірдің айсыз түндерін ерекше қоюландырып  жібереді.\r\n\r\nБұл өңірдің  биылғы сүмбіле түндері қараңғы  ғана емес,бұйығы да.Көлдің қос қапталында  етек басыса  тығыз отырған шағын ауылдың жұтаң көрінісі \r\n\r\nнауқас баққан  үйдей жым-жырт.Малды ауылдың айғай-ұйғайы  басылмайтын қызыл іңір шағы емес,аяқ қыбыры азайған,ұзақ  түннің жылқы жусар талма тұсы тәрізді.\r\n\r\n       Айнала көрдей қараңғы,жапан түздей меңіреу: не ошақ жылтылы,не шам сәулесі жоқ..Әшейінде, қалт еткенге тұс-тұстан аттан салатын «ынтымақшыл» иттер де, қазір селкеу,қорыншақ.тек шілдеуік шырылы ғана онсыз да  еңсесі жабыңқы  өңірдің   жабайы сұсын көбейтіп құлақ тұндырып тұр.Бала кезінен әкесінің қасында жүріп,есік алдында  ау  тараштап,онан әкесінің ұзақ сапарға кететіні де үзік-үзік есінде.Отбасында ұлдың үлкені болғасын ба,бүкіл ауыртпашылық Сейілханның өзіне түсті.Жалаң бас,жалаң аяқ кеш батқанша  қара сирақ болып ойнайтын балаң кездер жақсы екен-ау.\r\n\r\nӘттең,оралмасқа кеткен  балалық шақтар-ай,-деп есік алдында көнеден келе жатқан ағаш орындыққа селсоқ  отыра қалып,көзін бір нүктеге  қадап,темекі түтінін будақтататын әдеті тағы бар.Ойлап отырса еңбек жолы Райым балық аулау колхозында  өтіп жатқанын ауыл-аймақ  тегіс біледі.Осы колхоз көзіне ыстық көрінеді.Әкесі Қыстаубай да, бауырлары да  осы колхоздан нәпақасын тапқан болатын.Жұрт қатарлы әскер қатарына да барып,борышын өтеп келді.\r\n\r\nӘскерден аман-есен оралғанда  әкесі мен шешесінің  қалбалақтап  қуанғанын қайтерсің.Шешесі байғұс өмірден ерте –ақ кетті.Ананың алақан жылуына жететін нәрсе бар ма? Өзін еркелететін кездері  есіне түскенде,Сейілханның көзіне жас келді.Анасының қазасынан соң,нардай әкесі бір күнде шөгіп қалғандай болды.Әке мен шешенің орнында қара орманға ие болып,ақыры өзі қалды.Әкесі де осыдан  бес жыл бұрын  ауыр науқастан қайтқан еді.Қанша бауырлары болғанымен бар жүк бір өзіне түсті.Тек әкесінің үзілер шағында,баласының бетіне жәутеңдеп бірдеңе айтқысы  келгенімен айта алмай  кеткені жанына батады.Бар білетіні жансыз денені құшағынан әрең босатқаны еді.Көз алдында  ерте қоштасқан балалық  шағы.\r\n\r\nҚыстың бет қаратпас аязында  көнекөз балықшылармен бірге жүрген жас жігіт әкесінің  өмірін,әрі өнегесін  ұршықша үйіріп әкетті.\r\n\r\nБалықшы  мамандығы  қиын да қызықты.Ол үнемі  қауіп-қатерге толы.Батылдық- балықшы серісі.Мұны  жақсы  түсінген   ол кәнігі  балықшы болуға тырысып бақты.Осылай  Райым балық аулау  колхозының  ең жас балықшысы болып шыға келді.\r\n\r\n    Денелі,сырт көзге мінезге бай,сабырлы  Сейілхан,шындығында,басынан сөз асырмайтын  шамшыл,болмашыға  жайыла қалатын аңғал да.Жастай  қосылған  келіншегі Даража Сейілханның қас қабағына ерекше мән беріп,ағайынның  көңілінен шығуда. Әдеттегідей «жылжы», «шәлкіңді  босат», «қираттың», «қашыр қайықты»  деген жұмыс бабындағы  құлақ бастыққан  айғай-шу,балағат,таяу шалпылы,соқтығысқан моторлы қайықтар сықыры,суда қалқыған өлі балықтарға таласқан шағала қиқылығы аралас даңғаза құлақ тұндырады.\r\n\r\n   Балығын өткізген катерлер, қайықтар пункттен   ажырайды да,ықтап барып,қабылдау пунктіне  келген-кеткендерге  кедергі болмайтын ашық жерге зәкір тастайды.Өзге қайықтарда соларға келіп жамалып қатар толтырады.Түс әлетінде  балықшылардың қарасы молайып,қабылдау пунктінің айнала төңірегі шоқ-шоқ қайық керуеніне  толып кетеді.\r\n\r\nӘрбір шоғыр-бір колхоз дерсің.Теңіз тілінде мұны  «керуен түзеу» немесе «бұлаңға тұру» дейді.Сейілхан теңізге шығар алдында  ұзақ дайындалды.Теңіздің таңертеңгі қарбаласы басталған,жағаға ұрған толқындары алыстағы жағалауға қарай жөңкілген беті ақ көбік  теңізге көз сүзеді.Қиыр-шиыры көрінбейтін көк айдын,қараңдаған,бірін-бірі қуған сан жетпес көп толқын,еш қылаусыз,айнадай теп-тегіс мөлдір аспан.Есік алдындағы  ағаш орындыққа отыра бергені сол еді,іле-шала әйелінің желбегей  киініп,отағасы,ошақ мойнында тамағың ысып тұр деген даусынан барып орнынан әрең көтерілді.Тамақты ішіп болысымен,есік алдына келген машинаның құлақ тұндырар сигналы естілісімен,Секең тұра жүгірді.\r\n\r\n1972 жылдан бастап әке жолын қуып,әкесінің  балықшы ескегін қолға ұстаған.\r\n\r\n  Айдын  теңізге шығар алдында әкесінің үнемі айтатын мына бір сөзі әлі күнге жаңғырады да тұрады.-Жасыма,өзіңе бекем бол,балам,енді сен бір үйдің арқа сүйер азаматысың.Кейде осы сөздер есіне түскенде көзіне еріксіз жас үйірілетін.Бірақ жан адамға сездірмейтін.Жандарын шүберекке  түйіп аттанған балықшылар  қазір теңізге,балықшылық кәсіпке де  едәуір төселіп қалған.Күн еңкейе балықшылар түнгі құрмаға көтеріледі.Сейілхан да осы маңға бет алды.Бағдар-жел асты,сол жел астына барып суға ауларын салып түнейді де,таңертеңмен азын-аулақ нәпақаларын алып,ықтап кері қайтады.\r\n\r\nЕл қатарлы ауларын құрып,кешкі шайларын ішіп болған соң,сыртқа шықты.Күн батқанмен,қызыл жалқынға малынып,айнадай бір-бірінің жүзіне сәулесін шашып,құбылып тұрған аспан мен айдын арасы жап-жарық.Қоңыр самал көк айдынды әлдилеген қоңыр салқын кеш.Теңіздің айқай-шудан жырақ тұңғиық тереңдерінің мамық толқынына басын сүйеп таңертең елең-алаңнан ықтап келу үшін жел өтіне,елсіз жаһандарға қарай шағалалар шұбылып барады.Азанымен тұрған Сейілхан жұртпен таласа-тармаса ауларын суырды.Басқа бригадтар да өз тіршіліктерін қылуда.Ық жақта,көз ұшында қарайған өзге балықшы  пластик қайықтардан тұрқы өзгешелеу:сауырлы,ірі жалғыз қайық-қабылдау пункті.Ел ауларын суырысымен асығыс,қарбалас  солай қарай жөңкіді.Ау салып, балық аулаудың өзі бір керемет қой.Тіпті қақаған қыстың өзінде мұз үстінен ойып балық аулау да –ерлік.Колхоздың жоспарын орындау- әскери тапсырманы орындаумен пара-пар.жатар алдында далаға шықса,түн тастай қараңғы екен.Қою тұман түсіпті.Түнеріп,төмен шөккен  аспанда саңлау жоқ.Күнде табақтай боп жарқырап тұратын айдың орнында болар-болмас бозғылт бедер ғана бар.Жан-жақты барлап  шолған балықшы іштей:күн бұзылғалы тұр екен-ау,- деді.Теңізге кеткен Сейілханды үй-іші уайымдап,сарғая күтетін.Күзде аман-есен оралып,көктемде бас-аяғы түгел жиналып теңізге шығып кеткенде қуанатын.Ал сары ала жаздың ортасында қағып өтпе оқыс жел болса,теңізден амандық хабар келгенше қобалжып жүреді.Балықшыларды уайымдамайтын кез бар.Ол елде,ошақ басындағы уақыт.Теңізден келгеннен кейін де отбасын асырау үшін ауылдағы Қаракөлге асымдық балық алмақшы болып,әрі күн қабағын байқамақ боп, серуендегісі келген.Сәл теңізден қол үзсе,соны бір аңсайды да тұратыны несі!Еңбекке әбден піскен  жан иесі  Қаракөлдің балығын да көрмек болып қайыққа мінді.Суық түсетін болса,балықтар жағаның  қоғалы ықтасынына  тығылатын.Бұтағын жайған  бәйтеректер\r\n\r\nмен суға еңкейген биік жардың көлеңкесі,іркілген жентек қар-су астын жөнді байқатпады.Қолындағы таяуын оқыс сілтеп қалды да солқылдаған істік ұшына ақ бауыр шортанды іле шықты.Міне,бір күнгі балық аулау көрінісі осы.Балық қызығына түсіп отырғанда  ескек соққан денесінің ауырлағанын сезді.\r\n\r\n Жаздың ми қайнаған  ыстығымен бет қаратпас аязында да балықшылық кәсіптің қыр-сырын меңгерген Сейілхан аға шегі-шеті жоқ көк айдында хас батырша колхоз ырысын молайту үшін талай бастарын қатерге төгіп шыққанын ауылдастарына жырлап айтуда.Үй ішіне енгенде ошақта жылтырап жанған оттың жылуы ертелі мұздыаяқ  болып жүрген Секеңнің қоныш-қонышына тығыла берді.Ұйқысы еріксіз келіп,тоңазыған,үсік шалған,домбыққан бетін сипай берді де,қазандыққа басын сүйеп,қалғып кетті.Дамылсыз,тынымсыз су маржанын сүзіп алумен кәсіп еткеніне  де биыл отыз үш жыл.Күректей отыз үш жыл колхоздың балық қабылдау пунктіне қаншама центнер балық аударды десеңші!Қанат болған екі қолы,таяқ болған екі аяғы,ата кәсіптің бастауы болған  балықшы өнері Сейілханның бақыты емес пе?Ия,бақытымды балықшылық кәсіптен таптым.Әкемнің ісін жалғастырған ұрпағымын,-деді іштей  қандықол  балықшы.\r\n\r\n  Тыраулап төбеден тырналар тізбектеліп өтті.Күз де келіп қалған ба?Терістіктен  ызғарлы жел білініп,шөптің басын бозқырау шалды.Сейілхан ыңылдап жүріп,ағаш орындық тұсына қызылды-жасылды ау,жылымдарды қойып,тыраштауда.Жанына өзі сияқты іскер балықшы жігіттер келді.Биыл қайығының жалын жаңартып қаңылтырлап алғаны ақыл болғанын ойлады.Бригадасындағы жігіттерге ескек, таяу,жылым құралдарының дұрыс өңделуін айтып түсіндіру үстінде.Бүгін де күн көзі ашылмады.Қар қиыршықтап,бірде жапалақтап,бәсеңдемей толассыз жаууда.Жерде саңылау қалмады.Дүниені,аспан-жерді,су бетін салғырт ұяң тыныштық басты.Сүйірлеу,әкесінің көзіндей болған қара қайықты  ертең теңізге салмақ   ойы бар.Қарамағындағы жігіттерге  өз дайындықтары болған соң,теңіздің мұзын байқау керектігін мұқият тапсырды.Секең шарбағындағы қызыл Иж мотоциклін оталдырды да,теңіз жағалауына бет алды.Пластик қайықты  мінді де,ертеңгі жылым салынатын жерді бақыламақ болып,біраз аяңдады.Көзі қарақты,кәнігі балықшылардай балықтың жатқан көзіне дөп келуді жоспарлап,қалайда өздерінің жылым бригадтарын майлатудың жолын қарастыруда.Қайықтан кенет су көрінді.Түбінде саңылау бар ма,су лезде-ақ тола бастады.Жағаға жетуді ойлаған балықшы  тездетіп есіп,өз орнына да келді.Етігінің суын сорғытып,шұлғау,шұлығын сығып,аязды тығыз ауаға жыртылардай сілкіп-сілкіп қақты.Сонсоң жалаңаяқ етіктің қонышын басып талтайып тұрып,сырмақ шалбарына іркілген суды  умаждап сыға бастады.\r\n\r\n   Бұл күнде ол тәжірибелі балықшылардың қатарына қосылды.\r\n\r\n19     жыл.Осы  жылы ұмытылмас екі қуанышқа  бөленді.Оның бірі әскери\r\n\r\nборышын өтеп қайтқаны болса,екіншісі Қазақстан Компартиясы ХҮІ сьезінің делегаты болғаны.Енді ол коммунист.Коммунистер ғана қиындыққа бірінші жол салып,басқаларды соған бастайды.Ол сонда қауіп-қатермен алғаш бетпе-бет кездесіп еді.\r\n\r\n    Жазғытұрым.Көктем әлі толық шыға қоймаған.Бірақ мұз көбесі әлдеқашан сөгілген.Бұлар көктемгі балық аулау маусымына сай теңіз жағасына көшіп келіп жатқан.Құстың қанаты ма,әйтеуір  бір дауыл екі-үш күннен бері соғып,басылмай қойды.Тек қана түнге қарай бәсеңсиді.Балықшылардың бәрі дауылдың басылуын күтіп отырғалы қай заман…Ол не істерін білмей қатты ойланды.Ақыры теңізге шығуға бекінді.Таң алдында жел сәл бәсеңсіген шақты аңдып,теңізге тартып кетті.Ауды қарады.Аудың көзін балық басып қалыпты.Ол енді тіпті де үлгіре алмайтынын білді.Өйткені түске қарай қара дауылдың күшейетін сыңайы бар.Ақыры келген соң,қайықты балыққа толтырды.Мұндай балықты бұрын ұстамаған-ды.Қайық ауырлады. Толқын соққанда шайқалмады. Кенет ойлағанындай  дауыл күшіне енді.Ақ жал толқын көтеріліп соққанда,моторға су  құйылды.Енді есіп жағаға жеткенде,моторлы қайық сөніп қалды.Тұла бойын мұздай тер басып кетті.Қара терге малшынған Сейілхан  толқынмен арпалысып  жүргенде,алыстан катер қайықтың даусы естіліп,маяк берді.Балық толы қайықпен қабылдау пунктіне аман –есен жеткенін естіген қызылжарлықтар әлі күнге таңдай қағып таңданысуда.Бақыт-өз басың үшін көксейтін игілігің,оған жеткізетін еркін әрекет бар,ол таза еңбек.Шүбәсіз бір-ақ бақыт бар,ол  ел үшін өміріңді арнау.Өмір еңбексіз ештеңе де бермейді екен,-дейді Секең.Тоғызыншы бесжылдық жоспарын үш жылда артығымен орындап,балықшылардың мерейін бір өсіргені тағы бар.\r\n\r\nӘкесі Қуанышбаев Қыстаубай да Райым колхозындағы тұңғыш «Құрмет белгісі» орденінің иегері болған мықты колхозшы еді.Әкесінің ізін қуған ол өз кәсібінің майталманы. Сейілхан балықшылар арасында өте сыйлы,тіпті «қандықол балықшы» деген лақап аты да бар.Социалистік жарыстың жеңімпазы атанған,Қазақстан балық шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған,«Райым» колхозындағы «Құрмет белгісі» орденінің иегері,озат балықшы,жылым бригадирі,Қазақстан  Компартиясы ХҮІ сьезінің делегаты болған,ел мерейін асырған,еңбекшіл жан.Сейілхан Қыстаубаевтың балықшылық кәсіптегі ерліктерін мақтан ететін балалары да бар. «Райым» балық аулау колхозының мықты балықшысы Сейілханның әлі де биік белестерді бағындыратынына кәміл сенемін.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nБАГИЛА ЕСЕНБАЕВА АУЕЗХАНОВНА\r\n\r\n№81орта мектебі\r\n\r\nҚызылорда облысы\r\n\r\nАрал ауданы\r\n\r\nҚызылжар елді мекені\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ