Балықтардың тақ жүзбеқанаттары, олардың атқаратын рөлі

0
9611

Балықтардың тақ жүзбеқанаттары, олардың атқаратын рөлі\r\n\r\nЖоспары:\r\n

    \r\n

  1. Балықтардың жұп және тақ жүзбеқанаттары
  2. \r\n

  3. Арқа жүзбеқанатына сипаттама
  4. \r\n

  5. Аналь жүзбеқанатына сипаттама
  6. \r\n

  7. Құйрық жүзбеқанатына сипаттама
  8. \r\n

  9. Қанаттардың функциональдік зоналары
  10. \r\n

\r\nБалықтардың тақ жүзбеқанаттары, олардың атқаратын рөлі.\r\n\r\n  Жүзу қанаттары — балықтар құрылысының ерекшелігі болып табылады. Қанаттарының көлемі, пішіні, саны, бекіген жері және қызметтері әртүрлі. Бұлар дене тепе-теңдігін сақтайды, балықтың қозғалуына және жүзуін тежеуге қатысады.\r\n\r\n  Балық қанаттары жұп, жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлардың аяқтарына сәйкес, және тақ деп ажыратылады. Жұптарға кеуде P (pinna pectoralis) мен құрсақ V (p.ventralis), тақтарға арқа D (p.dorsalis), аналь немесе құйрық асты A (p.analis) және құйрық C (p. caudalis) қанаттары жатады. Кейбір балықтардың арқа қанатынан кейін құйрық сабағының үстінде, қанат талшықтары жоқ, май қанаты болады. (p.adiposa).\r\n\r\n  Балықтарда арқа қанаттары бірнеше болуы мүмкін: мыс., майшабақтәрізділер мен тұқытәрізділерде 1, көптеген алабұғатәрізділер мен басқын-балықтарда (кефалдар) 2, ал кейбір трескаларда 3. Бұлардың бекінген жері әрқалай. Торуылдайтын балықтарда денесінің артқы бөлігінде, майшабақтәрізділер мен тұқытәрізділерде денесінің ортасында, денесінің алдыңғы шомбал болатындардың (алабұға, треска) бірінші арқа қанаты басына жақын бекінген. Желкенділерде әрі биік, әрі ұзын, камбалаларда өте ұзын және аналь қанатымен бірге негізгі қозғалу органы. Скумбриялар, тунецтер, сайраларда арқа және аналь қанаттарынан кейін майда қанатшалар орналасқан. Теңіз шайтанының арқа қанатының бірінші талшығы алдауыштың қызметін атқаратын ерекше қармаққа айналған, тұңғиықтың қармақшасында осы қармақта жарқырауық орган болады. Жабысқақ-балықтардың бірінші арқа қанаты жоқ, ал су түбіне жақын тіршілік ететін аз қозғалатын түрлерде (жайын) нашар дамыған немесе жоқ.\r\n\r\n  Аналь қанаты әдетте 1, трескада 2, ал тікенекті акулада болмайды.  Құйрық қанаттарының құрылысы әртүрлі. Оның үстіңгі және астыңғы қалақшаларының көлеміне байланысты изобатты, гипо- және эпибатты құйрық қанаттары типтерін ажыратады. Изобатты қанатта үстіңгі және астыңғы қалақшалары бірдей (сазан, табан дөңмаңдай), гипобаттыда астыңғы қалақшасы ұзарған (ұшатын балықтар), эпибаттыда – үстіңгісі (акулалар, бекірелер). Омыртқа жотасының соңының пішіні мен орналасуы бойынша бірнеше типтерді ажыратады: протоцеркальды – әдіпті құйрық; дифицеркальды – сырттай және іштей симметриялы; гетероцеркальды – омыртқа жотасының соңы құйрық қанатының үлкен қалақшасына бағытталған; гомоцеркальды – сырттай симметриялы, бірақ омыртқа жотасының соңғы омыртқаларының денесі мен үстіңгі істік өсінділері жалпақ сүйекке айналып уростиль деген атпен жоғары қалақшаға бағытталған, ал астыңғы қалақшаға бағытталған гипуралии тек омыртқаның төменгі істік өсіндісінен құралған, ол нағыз сүйекті балықтарға тән.\r\n\r\n  Әрбір қанаттар бірнеше қызмет атқарады. Құйрық қанаты қозғалу күшін тудырады, олардың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, яғни бағдарлама рөл атқарады. Мысалы, табан құйрығын бір игенде денесін 90º бұрады. Арқа және аналь қанаттары кильдің қызметін атқарады, денесін өз осінен айналуына кедергі болады да дененің қалыпты жағдайын сақтауға көмектеседі. Жылдам жүзген уақытта жұп қанаттары денесіне жабысады, ал тунецтер мен пеламидаларда айрықша ойықтарға жиырылады. Жүзу барысында денесі қозғалмайтын балықтарда жүзу кейбір қанаттарының толқын сияқты қозғалысымен жүзеге асады.\r\n\r\nЮ. Г.Алеев (1963) қанаттардың 4 функционалдық зоналарын бөледі:\r\n\r\n1 зона – алдыңғы бағдарлауыштар және балықты көтеретін жазықтық; бұған жататындары P және V (егер олар кеуде қанаттарының астында немесе алдында болса),\r\n\r\n2 зона – киль зонасы; бұған жататындары ауырлық ортаығының алдында орналасқан арқа қанаты, құрсақ қанаттары, егер олар ауырлық орталығының алдында орналасса; егер арқа қанаты 1 болса (майшабақтар мен тұқылардағыдай), онда оның алдыңғы бөлігі, ал бірнеше болса – біріншісі;\r\n\r\n3 зона – стабилизаторлардың рөлі, оның ауырлық орталығынан кейін орналасқан арқа қанаты мен аналь қанатының алдыңғы бөлігі және бар болса май қанаты атқарады; мысалы трескаларда бұл зонаға екінші арқа қанаты мен бірінші аналь қанаты, ал албырттарда – май және аналь қанаты жатады;\r\n\r\n4 зона – артқы бағдарламалар мен қозғалыс органдары; бұл зонаға құйрық қанаты мен көпшілік балықтардың арқа және аналь қанаттарының артқы бөлігі жатады; трескаларда бұл зона үшінші арқа қанаты мен екінші аналь қанаттары жатады; бұл зонаға кейбір балықтарда болатын арқа және аналь қанаттарынан кейінгі майда қанатшаларда жатады (скумбриялар).\r\n\r\nСұрақтар:\r\n

    \r\n

  1. Жұп және тақ жүзбеқанаттарды атаңыз
  2. \r\n

  3. Құйрық жүзбеқанаттарының қалақтарының пішіні бойынша типтері атаңыз
  4. \r\n

  5. Құйрық жүзбеқанаттарының омыртқа жотасының ұшына орналасуына байланысты типтерін атаңыз
  6. \r\n

  7. Арқа және аналь қанаттары қандай қызметін атқарады?
  8. \r\n

  9. Қанаттардың 4 функционалдық тобын бөлген кім?
  10. \r\n

\r\n Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме:\r\n

    \r\n

  1. Бәйімбет Ә.А. «Ихтиология негіздері». Алматы,2005. (9-19 б)
  2. \r\n

  3. Жұмалиев М., Бәйімбет Ә., Есжанов Б. «Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері». Алматы, 2009. (240б)
  4. \r\n

  5. Жұмалиев М., Бәйімбет Ә. «Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі. 1-бөлім» Алматы, 2005 (122-124 б)
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ