Банктердің экономикадағы маңызы, қызмет ету аясы және қызметінің ұйымдастырылуы

0
3117
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі
  Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
  1. Банктердің экономикадағы маңызы, қызмет ету аясы және қызметінің ұйымдастырылуы
    • Банктің мәні және қызмет ету аясы
  • Банктердің түрлері мен  негізгі қызметтері
  1. Банктік операциялар және оларды тексеру

2.1. Қазақстан Республикасының  банктерінің операциялары

2.2. Аудит туралы түсінік, банк операциясының аудиті

  • Қорытынды
  1. Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе

Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді. Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсак әрі үстірт ойлап калуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы. Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды жэне т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді рес-ми құжаттардан да кездестіруге болады.

  1. Банктердің экономикадағы маңызы, қызмет ету аясы және қызметінің ұйымдастырылуы
    • Банктің мәні және қызмет ету аясы

Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да бір соманы білдіріп коймайды, ол ссудалык пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде аныкталады. Банктің уакытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады.Банк өперкәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қараганда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алга щығады.
Несие ісі — банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Әрі беріден соң, ол шаруашылык жүргізуші субъектілердің және жеке түлғалардың төлем айпалымыи қолма-қол ақша формасыида және қолма-қол ақшасыз формада реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның кұрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:
— банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталыман босаған өзіндік ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие капитал ретінде болады эрі ұдайы қозғапыста болады;
—    өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорыпдар меи институттардың кызметіпен айрықшаланатын банк қызметі;
—    банк ісі мен баикті басқару саласыпда өзіндік ерекшелігі бар >жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
—    банк техиикасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын, құрылғыларын, ішкі жэне сырткы ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитыи өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігін,оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудыц негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қол акшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.

  • Банктердің түрлері мен  негізгі қызметтері

Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банк, инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ мерзімді (5 жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету, жобаларға агенттік қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен қатар клиенттерге:

-жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын төмендету;

-олардың қаржылану көздерін саралау;

-бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша тәуекелдерді бөлу;

-жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ клиентке капиталдың сыртқы және ішкі нарыққа шығатын кезінде инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.

Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк, жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
•    Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
•    Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
•    Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
•    Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
•    Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─  ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ  эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады,  яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.

  1. II. Банктік операциялар және оларды тексеру

2.1. Қазақстан Республикасының  банктерінің операциялары

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты. Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда-табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілен қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.

Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету.

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

  • уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметті;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

1) Банктің пассивтік операциялары

Пассивтік  операциялар негізіндебанктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Депозиттік емес банктің ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтерінедеген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдар;
  • бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімдіоігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялар -дың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Мерзімдік салым депозиті – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған тқленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы біркеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Отандық  банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағындық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкінемес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын өаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

  1. Атаулы сертификаттар;
  2. Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

  1. Аударылатын;
  2. Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар ссалым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықты сатып алу-сату арқылы өтеді.

Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт бір түндік және күндізгі заемдар.

     Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.

Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығын немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Бұл аталған несиелер несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейіндегі банктер бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

  • депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым несиелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

2)  Банктердің активтік операциялары

Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзегеасыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

  • ссудалық операциялар;
  • инвестициялық операциялар;
  • депозиттік операциялар;
  • қаржылық операциялар;
  • басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бғалы қағаздар портфелі қалыптастыруының екі мақсаты болады: бірішісі – банкке табыс әкелу, екіншісі — өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетің бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  • мемлекеттің бағалы қағаздары;
  • корпоративтік бағалы.

Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

— Ақылы негізде салымдарды (депозиттерді) тарту;

— Клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

— Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттармен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

— Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

— Заңда көрсетілген тәртіп пен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

— Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

— Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;

— Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

— Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
— Клиенттер үшін құжаттармен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

— Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

— Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

— Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

— Лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

— Банктік қызметтермен байланысты кеңес беру қызметтерін

2.2. Аудит туралы түсінік, банк операциясының аудиті

Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» — деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуімен оның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.

Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын көп келтірген. Біздің ойымызша бұл түсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, — деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген. Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит – ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” – деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордын ойын корытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғарыдеп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.
Біздің ойымызша, « аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» — деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Ағымдағы (есептік) шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:

  1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
  2. Соманын банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген
    бастапқы кұжаттарда көрсетілген сомаға сәйкестігі.
  3. Көшірмелерге тіркелген бастапқы кұжаттарда банк
    мөртабанының бар болуы; жасалған операциялардын дұрыс-
    тығын анықтау мақсатымен банкте карама-қарсы тексеру (не
    болмаса сұрау салу) өткізген жөн.
  4. Банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай
    ақшалай каражаттың кәсіпорнының ағымдағы шоттарына дұрыс
    және толық есепке алынуы.
  5. Акшалай каражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен
    байланыстың пошта бөлімшесі арқылы (депозитке салынған
    еңбекакы, алименттер жэне т.с.с.) аударудың дәйектілігі, сондай-
    ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталык мекен-
    жайының анықтығы.
  6. Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды
    есепте көрсетудің дұрыстығы.
  7. Бухгалтерлік өткізбе желілердін (проводкалардың) банк-
    тік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар
    бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына (есеп айырысу шоттарын жолай өтіп) есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
  8. Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру бойынша анықталатын құжаттардың толық сенімділігі. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі кешірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс.

Егер банк тізімдемесінде ескерілмеген түзетулер мен тазартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ынғайласпа тексеріс (встречная проверка) өткізу керек.
Банк көшірмелерін тексеру банк кұжатгарының мәнділігі бойынша зерттеп білумен үйлесуі тиіс. Сонымен бірге аудитор мыналарды анықтауы керек; заңсыз банктік операциялар (шартсыз) жасала ма, мысалы, тексерілетін кәсіпорынмен ешқандай шарттық қатынастары жоқ, басқа кәсіпорынның борышын өтеу немесе баска кәсіпорынның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылыктардың түгелдігі мен уақтылығы; несие немесе карыз алуға, сондай-ақ каржылық жағдай мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтығы; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және занды қолданыла ма; олар есеп беретін адамдарга қолхат арқылы беріле ме, есеп беретін адамдар чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма т.б.«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» заңының  6-тарауының 57-бабында былай делінген:

  1. Банк аудитiн аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады.

1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргiзу банктерге, банк холдингтерiне және банк және (немесе) банк холдингi iрi қатысушылары болып табылатын ұйымдарға мiндеттi болып табылады, ол туралы есептiң көшiрмесi мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтерiне және банк (немесе) банк холдингi iрi қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейiн отыз күн iшiнде банктер, банк холдингтерi және банк және (немесе) банк холдингi iрi қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиiс.

Банктiң және банк холдингiнiң шоғырландырылған жылдық қаржылық есебiн банктерге аудит жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиiс.

Банк конгломераты қатысушыларының аудитiн бiр ғана аудиторлық ұйым жүзеге асырады.

  1. алып тасталды — 2006.05.05. N 139 Заңымен.
  2. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:

— жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;

— жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңға, қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгi;

— жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.

  1. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерiн және өз қорытындыларын банктiң директорлар кеңесi мен басқармасына, банк айқындайтын қажеттi жағдайда банк конгломератының құрамына кiретiн басқа заңды тұлғаларға табыс етiлетiн есепте баяндайды.

Банктiң немесе банк конгломератының құрамына кiретiн басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептiлiгiнiң және өзге ақпаратының аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды. Өзге ақпараттар аудитi банктiң уәкiлеттi органның пруденциялық нормативтерi мен активтердi және шартты мiндеттемелердi (провизияларды қалыптастыру) жiктеу бойынша талаптарын орындауын тексерудi қамтиды.

Аудиторлық ұйымның қосымша қызмет көрсетуге арналған шарты уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес болуға тиiс.

  1. Банк аудиторлық есептiң көшiрмесiн оны алғаннан кейiн он күн iшiнде банк конгломераты құрамына кiретiн басқа заңды тұлғаларға беруге мiндеттi.
  2. Банк, банк холдингi және банк және (немесе) банк холдингi iрi қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық есепте көрсетiлетiн банктiң немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететiн жолсыздықтарды банк, банк холдингi және банк және (немесе) банк холдингi iрi қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейiн:

банк холдингiне, банк және (немесе) банк холдингi iрi қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы;

осы есептi алған күннен бастап бiр жыл iшiнде жолсыздықтарды жоймаған жағдайда уәкiлеттi орган:

банкке қатысты — осы Заңның 48-бабының 1-тармағының о) тармақшасы негiзiнде банктiң лицензиясын қайтарып алуға;

банк холдингiне қатысты осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

Тексеріс  өткізу  мерзімі  мемлекеттiк  мекеменiң  басшысымен белгiленеді. Тоқсанына бiр реттен жиi емес, барлық қолма-қол ақшаны парақтап толық қайта есептей отырып және кассадағы басқа да құндылықтарды тексере отырып, кассаға кенеттен тексерiс жүргiзедi. Мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен кассаға тексерiс жүргiзу үшiн тиісті құжат жасайтын комиссия тағайындалады.

Тексерiс кезiнде кассада құндылықтар жетiспеген не артық болған жағдайда, жетiспеген немесе артық шыққан сома және оның пайда болуының мән-жайы көрсетiле отырып акт жасалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен уәкілеттелген, облыстық, республикалық маңыздағы қалалар және астана бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері және атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметтерінің ішкі бақылау органы, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек, тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылық негізінде не аудару шарттарында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның, қолма-қол ақшаның сақталуының қамтамасыз етіуіне, олардың мақсатты пайдаланылуына ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріспен тексеру жүргізген кезде кассаға міндетті түрде тексеріс жүргізіледі.

III. Қорытынды

Банк — коммерциялык ұйым, ақша нарығында операциялар жүргізеді және негізгі алдына қоятын мақсаты — пайда табу. Сол себепті, банк коммерциялық мекеме болғандықтан,   үнемі   пайданы   өсіріп   отыруын   көздейді,   банк балансының ликвидтілігін сақтау іс-әрекеті мен болжамды қауіп шығындар арасында операциялар жүргізіліп отырады.

Банктер нарықтық экономикада басты делдал болып табылады. Өздерінің қызметтерінде жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасайды. Айталық клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені жасаса, ал қарыздар беру арқылы қарыз алушыларға деген жаңа талаптары қалыптасады. Нарық экономикада банктер қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналады. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы басқару органы ретінде көрінеді. Банктік реформаны жүргізудің қажеттігі мыналармен түсіндіріледі: қаржы ресурстарының дұрыс бөлінбеуінен; банктерде мерзімі өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен көбеюі; шаруашылық органдардың арасындағы төлемдер мен есеп айрысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі. Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк арасындағы қарым-қатынас банктік заңдылықтар мен нормативтік актілерге байланыты құрылады. Банктер арасындағы және банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар келісім-шарттар негізінде қалыптасады. Банктерге жасалатын бақылау мен қадағалау: мемлекеттік, халықаралық, аудиторлық және құрылтайшылық болып келеді.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасының банкі және банкілік қызметтері туралы» Заңы
  2. Лаврушин О. Банковское дело, Москва, 1998
  3. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы, 2004
  4. Баймұратов О. «Қазақстан қаржы нарығы», Алматы, 2007
  5. Ілияс А.Ә. «Төлем жүйесі: теория және практикасы», Алматы, 2007
  6. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Алматы,2000
  7. Хамитов Н.Н. «Банк ісі», Алматы, 2006
  8. Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі», Алматы, 2007
  9. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. «Макроэкономика», Алматы, 2003
  10. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ч.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ