БАРЛЫҚ ИГІЛІКТЕРДЕН ЕҢ ҰЛЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК

0
2817

Тәуелсіздікке ширек ғасыр

 Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.                                                                                                                                                                                                                      Нұрсұлтан Назарбаев

      Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірдің қысы… Иә, дәл осы желтоқсан қазақ жұртын қуанышымен жылатқан болатын.Тәуелділіктен арылып, тәуелсіз күнге қол созып, жүрегімізге шаттық ұялаған керемет, тіпті ұлы сәт болатын. Осындай ұлы күннің аталып, елімнің егемен болғанына да ширек ғасыр болыпты. Сәби жүрегім, бейбіт күндер — ғасырлар арасын жалғайтынына кәміл сенімді…  Барша қазақ халқы үшін тәуелсіздіктің орны ерекше деп білемін, себебі күндеріміз бейбіт елдің құшағында, тәуелсіз аспанның астында өтуде. Тәуелсіздігін алақанына қысқан елімде арман жоқ шіркін, ал сол елдің қойнына аунап өскен қара қыз менде арман жоқ-ау, сірә. Қырандай қайсар  қазақ еліне жарқын күннің қалай жеткенін көрмесемде, жемісті күнінің дәмін татып жатқан жайым бар. Отаныма Тәңірі өзі жар болғай демекпін…

      Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы : «Тәуелсіздіктің тар жол тайғақ кешуінен беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз»,-деген екен. Біз бұл сәтті асыға күттік, зарыға тостық. Құндылығымыздың қандай қиындықпен келгенінде білеміз. Ата-бабаларымыздың жан кешті ерлігін атап өтпеу мүмкін емес.  Қазағымның жүріп өткен тайғақ жолдары, тәуелсіз күнімізге дейінгі жүрек тебірентер сәттері жадымызда, тарих беттерінде мәңгі сақталмақ. Кешегі халықты қансыз жалмаған- ашаршылық, ызғарлы желтоқсан, Отан үшін соғыс. Міне, осылардың барлығы менің қазақ жұртымның тағдырын кері күйретсе де, сабақ болып болашаққа деген шымыр сенім бергендей көрінеді маған. Қазіргі заманның тұрғындары кешегі сұрапыл сәттерде санын жоғалтса да, сапасын тамырымен сақтай білген рухты халық. Өткен күннен қалған, жүрекке оқ болып қадалған кешегі күннің ауыр сызаттарын, бүгінгі тәуелсіз күннің тәтті сәттері жазып өткендей.

 У.Годвин: «Барлық игіліктерден ең ұлы — Тәуелсіздік»,- деген болатын. Ұлы тәуелсіз күнімізді құшаққа қысқан сәттен бастап оны мығым ұстап келеміз, себебі мұндай асыл қазынамызды бағалай білу- біздің басты парызымыз.  Елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім жастар санасында күн санап артпаса, кемімейді. Оған дәлел қазақтың атын әлемге танытып жатқан жалынды жастар. «Төбесіз жер болмайды, төресіз ел болмайды» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек-ті. Еліміздің дамуы жолында елбасының ерен еңбегін атап өту- басты міндетімдей. Егемен елінің жандануы үшін, өскелең ұрпағының болашағы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның паспортына, символына айналған жан десем, қате айтпаймын, себебі елдің аты- Қазақстан, ал ердің аты- Нұрсұлтан ғой. Президент- елдің тәрбиелі тұтқасы. Қазақ-қазақ болып танылғаннан бастап, халықтың атынан елеулі шешім қабылдап, қазақты әлем шатырына шығаруда Елбасының орны ерек.

Жиырма бес жылдың қоржыны… Көшбасшымыздың жүргізген сарабдал саясатының арқасында биік белестерге қол жеткізіп отырмыз. Еліміз бүгінде үздің елу елдің  құрамына жайғасты. Көк ту ғылым мен білім, спорт пен өнер айдынында желбіреп тұр. Елдегі спорт саңлақтары, өнер жұлдыздары, білім үздіктері бәрі де осы елдің атын шығару үшін аянбай тер сығып еңбек етуде. Жетістік еңбекпен келеді, ал сол еңбекке ең бастысы ниет керек қой.  Бүгінде бейбіт еліміз қаншама жетістікке жетіп, әлем елдерімен еркін иық тірестіре алатын дәрежеге жетті емес пе?!  Иә, біз отанымызбен мақтана аламыз ,себебі әлемдің деңгейдегі  көңіл қуантар жетістіктері, ұлты өзге болса да тілегі бір көп ұлтты халқы, мақтанышпен естіртетін Елбасы және төрімізде аяулы Астанамыз бар. Шығармамды жүрек жарды жырларыммен жалғаймын.

Арманым — Тәуелсіздік мәңгі болсын,

Тәңірі болашақты жарқын қылсын.

 Жүрегім менің қалайды жанданғанын,

Мәңгі болсын әлемде жаңғырығың.

Қазақ елінің тәуелсіз ұшағы тек алға беттеп , биік ұшып келеді. Осындай қарқынмен елім әрқашан биікте самғап, әлем төрінде есімі жаңғырып, қыраны биікте қанат қаққанын қалаймын. Мен өз елімнің патриотымын, тәуелсіз елімнің қайсар қызы, ұланымын, болашақта елге адал қызмет етіп, елімнің есімін шарықтату — менің басты мақсатым.  

ТЕМІРБАЙ ӘСЕМ

 Қызылорда облысы, Қазалы ауданы                                                                                                         №249 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы                                                                            


ПІКІР ҚАЛДЫРУ