Бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқытуда интернет-ресурстардың мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігі

0
3737
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Білім беруді ақпараттандыру білім беруді реформалаудың маңызды факторы. Білімді ақпараттандыру маңыздылығы компьютер мен қарым-қатынас құралдарының көмегімен білімді өңдеу, ақпараттық қарым-қатынас технологиясы негізінде интернет- ресурстарын қолдануды дамыту.

Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын.[1] Яғни, саналы да сапалы білім беру әр мұғалімнің міндеті мен мақсаты болғандықтан, білім берудегі оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан – жақты сауатты маман болу мүмкін емес.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді және нақты зерттеулер жүргізілуде:–профессор Е.Ы.Бидайбековтың мектебі студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері[Ш.Шекербекова, Г.А.Абдулкаримова, Е.А.Вьюшкова, А.Ибашова және т.б.], инфоратиканы оқыудың теориясы мен әдістемесінің түрлі аспектілері бойынша: «Информатика» мамандығының студенттерін программалауға іргелі және оза оқытудың әдістемелік жүйесін дамытып, теориялық негізінжасау[Ж.К.Нұрбекова], логикалық программалауға оқытудың әдістемесі [Н.А.Талпақов], математикалық модельдеу және есептеуэксперименті[Л.Б.Рахымжанова], Интранет-технологияларды пайдаланып оқыту [С.Н.Конева]және т.б.;–профессор С.С.Құнанбаеваның мектебішет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпаратандыру мәселелерін зерттейді:мәдениетаралық-қатынастықбіліктілігінқалыптастыру [Ә.Т.Чакликова], елтанымдық біліктілігін қалыптастыру[Ж.А.Түселбаева]; студенттерді АҚТ-дыпайдалануға әдістемелік даярлау[Д.Е.Сағымбаева]; шетел тілін оқытуда телекоммуникациялық технологияларды пайдалану [А.Б.Нұрова], ағылшын тілін электрондық оқулықтарарқылы оқыту әдістемесі [Ұ.Т.Нұрманалиева];–профессор Б.Б.Баймұхановтың мектебі оқу үрдісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселелері, осының негізінде оқу үрдісінде әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді[Б.Д.Сыдықов, Р.С.Шуақбаева,І.Ж.Есенғабылов, Г.А.Мадьяроважәнет.б], бастауыш мектепте педагогикалық құралдарды пайдалану әдістемесі [Баймаханова Л.А.], бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану[А.Ӛ.Байдыбекова];–профессор Ж.А.Қараев және кӛптеген ғалымдар [М.Б.Есбосынов, С.В.Рах, К.З.Халикова, Ж.С.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, Б.К.Тӛлбасова, Б.Абыканова, О.К.Ахметова және т.б]ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қарастырған.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.[2] Осы орайда, оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Интернет-ресурстар арқылы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру төменгі сынып жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына,әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне,ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.

Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасына көз жүгіртететін болсақ, ол зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:

-Гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынғаннәтижелер негізінде қорытынды жасау;

-Мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау,қорытынды шығару;

-БАҚ хабарламалары мазмұнындағы,интернет ресурстарындағы, ғылыми көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс:

-Іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;

-Жанды және жансыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

-Өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

-Жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.

-Ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту;

-Адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі);

-Рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту;

-Оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру:санау,оқу,жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.[3]

Бұл дегеніміз, оқушыға білім дайын күйінде берілмейді,оны оқушы өндейді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы тұста интернет-ресурстарды қолданудың тиімділігі оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығы кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы ғаламтор сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта бейне ролик, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану – оқушының дүниетанымын кеңейтеді Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптасытырып, шығармашылығын дамытады. Интернет-ресурстарын пайдалана отырып үнемі лабороториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар кезінде виртуальды зертханалық жұмыстар көрсетіп, оқушылар өздері компьютер көмегімен сүйене отырып практикалық жұмыстар жасай алады.

Ал мұғалім болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. Сонымен қатар, ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады,[4] Сондықтан, пәндерді оқыту әдістемесіне ғаламтор жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Ғаламтор жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.

Сондай-ақ, бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінде ақпаратттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтырды және ғаламтор ресурстарын пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға зор мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің бірі екені даусыз.

Қорыта айтқанда, ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi және мектеп жұмысының тәжiрибесiн талдай келе, білім беруді жетілдірудің басым міндеті оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруды да талап ететін білім берудің қазіргі жаңа сапасы мен тиімділігіне қол жеткізу мақсатында бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқытуда интернет-ресурстарды тиімді қолдану қажеттілігі туындайды. Қоғамдағы ақпараттану жағдайында мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруда мектепте ақпараттық-қатынастық технологияларды, соның ішінде интернет-ресурстарды пайдаланудың маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында», « Егемен Қазақстан» газеті, 3/ ІІІ-2005. № 13
  2. Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» заңы
  3. Жаратылыстану пәнінен оқу бағдарламасы, 1-4 сынып
  4. Істеміров Н «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары», Алматы,2007

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Жумагалиева Назгул Кабыловна
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Ерғалиева Гүлжан Алғазиевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ