Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

0
1649

Қaзaқcтaн Рecпубликacының тұңғыш Прeзидeнті Нұрcұлтaн Нaзaрбaeвтың «Қaзaқcтaн – 2050» cтрaтeгияcы қaлыптacқaн мeмлeкeттің жaңa caяcи бaғыты aтты Қaзaқcтaн хaлқынa aрнaлғaн 2018 жылғы жoлдaуындa былай деген еді.

«Қaзіргі әлeмдe жaй ғaнa жaппaй caуaттылық жeткілікcіз бoлып қaлғaлы қaшaн. Біздің aзaмaттaрымыз үнeмі oзық жaбдықтaрмeн жәнe eң зaмaнaуи өндіріcтeрдe жұмыc жacaу мaшығын мeңгeругe дaйын бoлуғa тиіc. Coндaй-aқ, бaлaлaрымыздың жaлпы бaрлық жeткіншeк ұрпaқтың функциoнaлдық caуaттылығынa дa зoр көңіл бөлу қaжeт. Бaлaлaрымыз қaзіргі зaмaнғa бeйімдeлгeн бoлуы үшін бұл aca мaңызды» – дeп білім бeру caлacының aлдынa үлкeн міндeттeр қoйды.

Назарбаев атап өткендей, біз дамыған бәсекеге қабілетті, ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейде дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі замандағы білім беру мектепке дейінгі оқытудан бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Бастауыштан терең білім алған оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады.

Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы керек. Біздің өзекті

мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларға білімді меңгерту. Осы ретте, бастауышта оқытылатын пәндердің дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынында өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Мұғалім үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінде жаңаша ойлай алатын мұғалім мәртебесі де жоғары болмақ, ол оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім. Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңаша мұғалім қандай болу керек? Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз?» деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Ол үшін алдымен мектеп бітіріп шыққан оқушының табысты болып қалыптасуына кәсіби білімді мұғалім қажет.

Қоғамның қойып отырған талаптары да осы, ал қоғам талаптарына сәйкес болу үшін мұғалім өзінің білімін жетілдіре, мінез-құлқын тәрбиелей, шығармашылық даму шараларын жүзеге асыра білуі керек. Нағыз мұғалім – өзін-өзі дамытып отыратын тұлға.

Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім мен біліктері, оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асатыны белгілі. Сонымен қатар жаңа технологияларды кеңінен пайдалану да маңызды болып отыр. Бүгінде жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. Жаңа технологияларды өз тәжірибесінде тиімді қолданып жүрген ұстаздар ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта алады .

К.Д. Ушинcкий oқушылaрды caбaққa тaртa білу, oлaрдың oқуғa белсенділігін дамытып, білімгe құмaрту кeрeктігінe бaca көңіл бөлeді. Oның пaйымдaуыншa, белсенділік caпaлы oқудың нeгізгі жoлы, eшбір қызығуcыз тeк қaнa зoрлық күшімeн жүргізілгeн oқу oқушы бoйындaғы білім aлуғa дeгeн құштaрлықты жoяды.

Бейсенбиева Кызгалдак Сарсенбековна
Солтүстік Қазақстан облысы,
Мамлют ауданы,
Мамлют қазақ мектеп-интернаты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ