Бастауышпен қоштасу мерекесінің сценарийі

0
3913
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,кілт,фотомонтаж,слайдтар.
Видеоролик «4 жыл бірге…»

Кіріспе сөз:

Мұғалім:
Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 ә сыныбын ортамызға!

«Учат в школе» музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім:
Армандасаң да , қиялдасаң  да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына  өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Музыка «Жазамын  жүрегімнен»

Айжан: Бала шаққа болашақты  жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Дияз : Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Мұхтар: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Ақниет:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Айжан : Дұрыс айтасың Ақниет ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Ақниет : Олай болса Айжан  алтын ұя мектебімізге арнап
Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.

Ақниет: Айжан ,айтшы менің білуімше Пришахтинск қаласында 25-інші,30-ыншы,33-інші , 18-інші  мектептер бар.Бірақ та сендер осы мектепке келіп білім алып жатырсыңдар.Мектебің жайлы не айтар едің?
Айжан:Иә,Ақниет біз №32 орта мектебінде 4 жыл бойы білім алдық.Аралас мектеп.1500-дай оқушы білім алуда.Биыл 3 оқу үздігі мектеп бітірмекші.Мектебіміз қаланың 81  мектебінің арасында бірінші ондыққа кіреді.Мектебімізбен біз де мақтанамыз.

Мұхтар:  : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.

Мұғалім:Было сказано много хороших слов о нашей школе. Мы  гордимся  своей школой. Школа дает не  только  знание,воспитание , а также моральную поддержку.Благодаря администрацию во главе директора школы дети с  нашего класса были приглашены на разные  новогодние елки. Гульдана  на президентскую елку, а дети из многодетных семей Мадина и Акбота  были приглашены на елку акима города. Еще раз ограмное спасибо нашему директору Анатолью Иосифовичу.(аплодисменты)
Директору – слово для поздравления.
Он огласит педсовета решенье.
Сегодня приказ он нам зачитает,
И каждый из вас диплом получает.
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Хомин А.И.беріледі.
Мектеп оқушыларының 5 сыныпқа көшірілу бұйрығын оқып,мадақтамалар таратады.                                                    Марапаттау рәсімі
1.Озат оқушыларды құттықтау(Айжан гүл шоғын  тапсырады)
Ән «Жауқазын»
Дияз: Құрметті Жадыра  апай, қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Дияз:Екпінділерді құттықтау оқу ісінің меңгерушісі Жадыра апайға тапсырылады. (Бота  гүл  шоғын  тапсырады)

Дияз: -балалар айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар,өзімізді таныстыра кетсек артық болмас еді…….

Айжан: 4 сыныпты 22 бала бітіргелі отыр

Мұхтар:Сыныптың орта жасы- 9 жас

Ақниет:Бойлары -130    см

Дияз:салмақтары — 30  кг

Айжан:4 жылда әр бала 15 см-ге өсті

Мұхтар:4 кг салмақ қосты.

Ақниет: сынып оқушылары көңілді,қайырымды

Дияз: 11 қыз бен 11 ұл,4 оқу озаты мен 9 екпінді
— 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып,мыңдаған сабақтар оқыды.
-ондаған ережелер жатталып,жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.
— басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып,ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
— үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
— 6560 дәптер жазып тастаппыз
— қосымша парақтарды айтсаңшы
-шпаргалканы ма.
— 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4жыл еңбектендік.
-Ал  ол  дегеніміз  — 2 904 сабақ
— 102 сынып сағаты
— 2 433 шулы, көңілді үзілістер
— тау-тау оқылған кітап беттері
— реніштер мен қуаныштар,қызықты  оқиғалар.
Оқушылар хормен : Бұған тек  әлділер  ғана  шыдайды.
Дияз: десек те біздің сыныпта ешкім екінші жылға оқуға қалған жоқ қой,тек басқа мектепке ауысқандары болмаса
Мұхтар: олар кімдер?
Айжан: — Аяна , Гүлдана,Тамырлан,Назира
Мұхтар:сүйіп  оқитын   сабақтары……….
Ақниет:  жақсы көретін жерлері -кітапхана
Дияз: ендеше сөз кезегін бүгінгі мерекенің қонақтары кітапханашы апайларға береміз поздравительное слова нашим библиотекарям
(вручение  букетов)
Ақниет :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Мұхтар:Дұрыс айтасың Ақниет ,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.
Айжан:Ұстазымыздың қасындағы Шолпан Бергеновна апай маған қатты ұнайды.Мен құттықтау сөзді сол кісіге бергім келіп тұр. Спортшыларымызды да Шолпан Бергеновна  марапаттайды.
3.Мектептің атын көтерген спортшыларды  құттықтау
(Мұхтар гүл шоғын тапсырады)
Ақниет: Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айжан ?
Айжан : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі өнерімізді  ұстаздарымызға арнаймыз
Музыка «Еркем-ай»
Көрініс:КВН
1қыз:Аружан
Қыздар білесіңдер ме менің қолыма сиқырлы таяқша түссе,мен не істер едім?
-не істер едің?
-мен ұстаздарымды  құнарлы тамақтармен тамақтандырып,ауыздарынан бал ағызар едім.
2 қыз:ал мен ұстаздарды ағылшын стилінде киіндірер едім
3 қыз:мен болсам мектепке келген баланың бәрін вундеркинд қылар едім сонда нашар оқитын оқушы да болмас еді
Музыка «Еркем-ай» орындарын ауыстырады
1қыз:
-қыздар айтыңдаршы,мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?
— «Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)
— Мамаларымыз  ше ?
-Мамаларымыз  былай көргісі келеді «сыпыру)
— Папаларымыз  ше ?
— Папаларымыз  мынаны қалайды,көргісі келеді (маңдайларын керіп,қарындарын сипау)
-Сыныптас ұлдар  мынаны  ,көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін  ұсыну)

9 оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

10 оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

12 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

15 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.

16 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.

17 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

18 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.

19 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!

Дияз:Бізге білім нәрін берген ұстаздар Қарашаш апай мен Ирина Рашидовнаға  гүл шоқтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.
Гүл шоқтарын тапсыру.
Ән: «Ұстазым»
Айжан: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Мұхтар:: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Ақниет: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Айжан: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
20оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

21 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

22 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін  алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

23 оқушы:Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

24 оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

25 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

26 оқушы : Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

27 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

30 оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

31 оқушы: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.

32 оқушы: Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.

33 оқушы:Үйренеміз жалықпай,
Орыс  тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Қарашаш апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Музыкалық сәлемдеме  «Бала тілегі»
Музыка «Еркем-ай»
Көрініс: «5 сыныпқа бірге барам»
Айжан:Достар менің де сендерге арнар тілегім бар.5 сыныпқа бара жатырсыңдар ,сабақты 2 мен 3-ке оқымаңдар,қастарыңа тек 5 пен 4 ерсін.2 мен 3-тің керегі жоқ
1,2 мен 3 бейнесіндегі қыздар кіріп келеді: -бізді неге апармай жатырсыңдар,біз де ереміз
Айжан:-сендер кімсіңдер?
Үшеуі:- мен сұлу да сымбатты баға  «1»-мін.Мынау менің аққу мойын апам  «екі»,ал мынау томпақ әпкем «3»
Бәрі: -біз сендерді ертпейміз
Үшеуі:-неге, біз де барамыз.
Балалар ақылдасады.
Эльдана:-жақсы бағалар ,біз сендерді ертіп апарамыз,бірақ баға ретінде емес.Сендер үнемі бізбен бірге болатындай етіп жарыстарда иемденетін орындарға айналдырамызАйналғыларың келе ме?

Үшеуі:Әрине,бірақ ол үшін біздің тапсырмамызды орындаңдар
(1-ден басталатын құс,ән аты.2-ден басталатын қала аты…3 санының көбейту кестесі)
Бағалар орындарға айналады.(І орын,ІІорын,ІІІорын)
Ақниет : Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
Дияз:Соңымыздан еріп келе жатқан 3 сынып оқушыларына білім кілтін табыс ету оқу үздігі Атаева Айжанға тапсырылады.
3 сыныптың құттықтау сөзі.
«Қанқыздар»биі

Мұхтар: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.
Айжан:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек -ау.
34 оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

Айжан:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Ақниет: Иә, дұрыс айтасың Айжан. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

35 оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
36 оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән « Анашым»
Мұғалім: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың құттықтау сөзі
Ата-аналарға 12сұрақ
-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат(күнделік)
-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)
-мектептегі басты адам (оқушы)
-мұғалімдер күні тойланатын ай  (қазан)
Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады,ол не?(қоңырау)
Қалам  мен  карындаштың  үйі (пенал)
Әріптері жиыны (алфавит)
Балалар білім алатын жер (мектеп)
Дыбысы жоқ әріптер (ь,ъ)
Бұрышсыз фигура (шеңбер)
Түнгі жарық (ай)
Түбір  соңындағы қосымша  (жалғау)
Ақниет: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Мектеп директорының орынбасарларының  құттықтау сөзі
Слайд    сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.
Музыка «Еркемай»
«Есеп».
Баласы:Мама , кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Мамасы : Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы:Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың

Аналары да сол есепті шығара алмапты.
Музыка «Еркемай»
«Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып  оқушылары  жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы:Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы:Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…
Музыка «Еркемай»
«Емтихан»
Анасы : Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Анасы : Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
Музыка «Еркемай»
Баласы :біздің сынып оқушылары жаңалық ашты
Анасы: қандай жаңалық?
Баласы ең жақсы сөздер к-дан басталады екен .Мысалы, кола,кәмпит,киндер-сюрприз, каникул
Баласы: ал  ү –ден керісінше  нашар сөздер шығады екен: үй тапсырмасы,үндемеу, үш
Мұғалім:
-Түлектер сендер енді 5 сынып оқушысыңдар.Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде ,достарыңа ,ұстаздарыңа тік қарап тұрып ,осы антты   бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
-дайынбыз
-тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды  да , оңайды да қағып алуға,орындауға ант етесіңдер ме?
-бір-біріңе бауырдай қарап,дос болуға,қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?
-мұғалімді ашуландырмауға,арттарыңнан жаман сөз айттырмауға ант етесіңдер ме?
-мектеп коридорында үзілісте тек 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға ант етесіңдер ме?
-аптасына кем дегенде 1 рет 402 кабинетке соғып тұруға ант етесіңдер ме?
-білімнің тұңғиық,түбіне сүңгуге  ант етесіңдер ме?
Ендеше түлектерге ақ жол тілеп бастауыш мектептен шығарып салайық.
Ән: «Мектебімде

Басқа материалдар:

  1. Бастауышпен қоштасу мерекесі (сценарий)
  2. Бастауышым-мөлдір бұлағым! (сценарий)
  3. Бастауышпен қоштасу (сценарий)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ